Әнші Заттыбек Бекбосынов тіршіліктің қамымен әр тарапқа кеткен ағайын-бауырдың басын қосып, көпке ой салатын іс жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазіргі заманда туыстың бірін-бірі жиі іздеуі де оңай болмай қалды. Бірі жұмыстың соңында, бірі қала мен ауылдың арасында, енді бірі күнкөрістің қамымен жүр. Уақыт өткен сайын араласу сиреп, ағайынның арасы алыстап бара жатқаны жасырын емес.
Осындай кезде жағдайы бар азаматтың ағайын-бауырын жинап, бір дастарқан басында қауыштырып, ынтымаққа үндеуі көргенділік. Бұл жай ғана басқосу емес, тамырды ұмытпауға, туыстық байланысты үзбеуге шақырған өнегелі қадам.
Бүгінде кей өнер адамдары қымбат көлік, сәнді үй, жылтыр өмірін көрсетумен әлек. Ал Заттыбектің бұл әрекеті нағыз байлықтың дүниеде емес, ағайынның амандығы мен бірлігінде екенін көрсетті.
Өнер адамы елге әнімен ғана емес, осындай ісімен де үлгі бола алады. Заттыбек Бекбосыновтың ағайынға жасаған құрметі көпке ой салатын, кейінгіге өнеге болатын қадам болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







