ForteBank екі жыл мерзімге 300 млн АҚШ доллары көлемінде жаңа синдикатталған қарыз тартты. Алдыңғы мәмілемен салыстырғанда банк тартылған қаржыландыру көлемін екі есеге ұлғайтып, қарыз мерзімін бір мезгілде екі жылға дейін ұзартты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тартылған қаражат ел экономикасының нақты секторындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.
Мәміленің ұйымдастырушылары және букраннерлері ретінде Abu Dhabi Commercial Bank Pjsc, Aka Ausfuhrkredit-Gesellschaft MBH, Commerzbank Aktiengesellschaft, Deutsche Bank AG, First Abu Dhabi Bank PJSC және Mashreqbank PSC қатысқан.
Жаңа тартылған қаражат ForteBank-тің халықаралық қаржы көздеріне қолжетімдігінің тұрақтылығын және инвесторлар сенімінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Аталған мәміле ForteBank-тің қаржы нарығындағы табысты орналастыруларын жалғастырып отыр. Бұған 2025 жылғы ақпанда шығарылған 400 млн АҚШ доллары көлеміндегі 5 жылдық еурооблигациялар және 2026 жылғы қазан айындағы 400 млн АҚШ доллары көлеміндегі AT1 облигациялар жатады.
«ForteBank» АҚ-тың Басқарма Төрағасы Талғат Қуанышевтің айтуынша, ұзақ мерзімді қаржыландыру тарту клиенттердің қажеттіліктерінің өзгеруінен туындап отыр.
– Біз бизнестен ұзақ мерзімді валюталық қаржыландыруға тұрақты сұраныс бар екенін көріп отырмыз. Қазіргі кезде банктің бизнес-кредиттер портфелінің жартысынан көбі шетел валютасында қалыптасқан. Бұл компаниялардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделіп жатқанын көрсетеді, қаржыландыру құны мен халықаралық ресурстарға қол жеткізу бәсекеге қабілеттілікте маңызды рөл атқарады. Қарыз көлемінің 300 млн АҚШ долларына дейін ұлғаюы және мерзімінің екі жылға созылуы бізге клиенттерді тиімді қолдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Талғат Қуанышев.
Соңғы екі жылда ForteBank халықаралық капитал нарықтарындағы позициясын нығайтты. Жүйелі түрде сыртқы қаржыландыруды тарту банктің ресурс базасын әртараптандырып, қазақстандық компанияларды қаржыландыру аясын кеңейтуге жол ашады.
ForteBank туралы анықтама
«ForteBank» АҚ – Қазақстандағы жетекші банктердің бірі. Банк жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнеске (ШОБ), сондай-ақ корпоративтік клиенттерге кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынады. ForteBank тұрақты өсім стратегиясын жүйелі түрде іске асырып, цифрлық сервистерді дамытып, экономиканың экономиканың басым бағыттарына қолдау көрсетеді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ForteBank» АҚ-ға 03. 02. 2020 ж. берген №1. 2. 29/197/36 лицензия.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







