Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман Хабар арнасына қонақ болып, 20 жыл бұрынғы үйлену тойындағы қызық сәттерінді көрермендермен бірге еске алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жұлдызды жұпқа бағдарлама барысында тойдағы ескі видео көрсетілді. Кадрдан жас жұбайлардың би билеп жүргенде Бақыт Тұрманның сағыз шайнап жүргенін байқап қалған.
Жүргізушілер де осы қызықты назардан тыс қалдырмай, Бақыт ханымнан сол сәт туралы сұрады. Ал Қайрат Әділгерей бұл әңгімені әзілге бұрып, жарының той біткенше сағыз шайнаумен болғанын айтты.
Оның сөзінше, Бақыт Тұрман үйлену тойында билеп жүріп те, қонақтармен амандасып жүріп те сағызын тастамаған. Тіпті арасында аузынан шарик үрлеп, жұртты күлдірген көрінеді.
Қайрат Әділгерейдің осы әзілі студиядағы қонақтарды мәз қылды. Өнер иесінің жарына деген жылы қалжыңы олардың отбасындағы еркіндік пен сыйластықты тағы бір көрсетті.
Жиырма жыл бұрынғы той видеосы жұлдызды жұп үшін ғана емес, көрермен үшін де қызық естелікке айналғаны анық. Өйткені мұндай сәттер сән-салтанатымен емес, шынайылығымен есте қалады.
Қазақ тойында мінсіз кадрдан гөрі, кейін күліп еске алатын осындай қызық көп болатыны белгілі. Қайрат пен Бақыттың тойындағы сағыз оқиғасы да сол ұмытылмас естеліктің бірі болып қалары сөзсіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







