Астанада екі жол апатына қатысы бар Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталды. Полиция көлік тізгінінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болғанын растады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, қалада екі жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан бірнеше автокөлікке зақым келген.
Алдын ала дерек бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысқан. Кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
Полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Көлік Достық көшесінде анықталып, тоқтатылды. Рөлде 35 жастағы ер адам отырған.
Ведомство мәліметінше, жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Екі жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазір аталған дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оның қорытындысымен жүргізуші әрекетіне құқықтық баға беріледі. Шара Қазақстан заңнамасына сай қабылданады.
Полиция жауапкершілік адамның танымалдығына байланысты емес екенін ескертті. Мамандық, лауазым немесе еңбек те оны өзгертпейді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






