4 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірде екпінді жел соғады. Солтүстік-батыстан жылжыған циклон солтүстік пен орталыққа нөсер әкеліп, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» болжамынша, жауын-шашынмен бірге ауа температурасы да төмендейді. Солтүстік өңірлерде күндізгі температура +22…+27 градусқа дейін түссе, шығыста аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді.
Астанада күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус күтіледі.
Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 17 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +25…+27 градус болады.
Шымкентте жаңбырлы әрі найзағайлы ауа райы сақталады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал. Түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі температура +20…+22, күндізгі көрсеткіш +28…+30 градус шамасында болады.
Ақтөбеде аспан ашық, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 6-11 м/с. Түнде +15…+17, күндіз +29…+31 градус болжанады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +21…+23, күндіз +35…+37 градус ыстық болады.
Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус болады.
Жазғы аптапқа үзіліс: Солтүстік пен орталықты жаңбыр басады
Қарағандыда күн бұлтты, жаңбырлы болады. Найзағай ойнап, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус күтіледі.
Көкшетауда жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +15…+17, күндіз +26…+28 градус болады.
Қонаевта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +21…+23, күндіз +27…+29 градус күтіледі.
Қостанайда жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +14…+16, күндіз +24…+26 градус болады.
Қызылордада күн бұлтты, жаңбырлы болады. Найзағай ойнап, жел екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус күтіледі.
Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус болады.
Петропавлда жаңбырлы әрі желді ауа райы сақталады. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +14…+16, күндіз +25…+27 градус болжанады.
Семейде күн бұлтты, жаңбырлы болады. Найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус болады.
Талдықорғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +19…+21, күндіз +27…+29 градус күтіледі.
Таразда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +20…+22, күндіз +34…+36 градус болады.
Түркістанда да жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +23…+25, күндіз +34…+36 градус ыстық сақталады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус күтіледі.
Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус болады.
Синоптиктер найзағай кезінде ашық алаңда және ағаштардың астында тұрмауға кеңес береді. Екпінді жел кезінде әлсіз бекітілген құрылымдар мен электр желілерінен алыс жүрген жөн.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







