Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Алматы Қытайдан келетін туристер санын арттырып қана қоймай, халықаралық конференциялар, корпоративтік жиындар мен іскерлік кездесулер өтетін маңызды орталыққа айналуды көздеп отыр. Осы мақсатта қала әкімдігі іскерлік туризмді дамытуға және Алматының мүмкіндіктерін Қытай нарығында кеңінен таныстыруға басымдық беруде, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бағыттағы маңызды қадамның бірі – Алматының 3-5 қараша аралығында Бейжің қаласында өткен China International MICE Exchange – CIMX Beijing 2026 халықаралық көрмесіне қатысуы. Аталған іс-шара іскерлік сапарлар, халықаралық конференциялар, көрмелер мен корпоративтік турларды ұйымдастыру саласындағы ірі кәсіби алаңдардың бірі саналады. Көрмеде Visit Almaty өкілдері қытайлық туроператорлармен, корпоративтік сапарларды ұйымдастыратын компаниялармен және туристік индустрия мамандарымен кездесті. Оларға Алматының қонақүй…

Толық оқу
Тоқаевтыі кітабы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар басылымды кітап дүкендерінен қалай кездестіргендерін айтып, оқығаннан алған әсерлерімен бөлісуде. Сондай-ақ Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты ой-пікірлерін талқылап жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Желі қолданушыларының бірі балаларымен бірге сауда орталығына барған кезде күтпеген жерден кітапқа көзі түскенін жазған. Кітап дүкеніне кірген ол кіреберістегі Bestsellers («Бестселлерлер») деген жазуы бар сөреден Мемлекет басшысының еңбегін көрген. «Дәл кіреберісте Bestsellers деген жазуы бар сөре тұр. Онда Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы қойылған. Есімде, бастапқыда бұл кітапты тек университеттердің, колледждердің кітапханалары мен жастар орталықтарында ғана тарату жоспарланған…

Толық оқу
Санжар Боқаевтың мобилографы кінәсін мойындап, сотта жауап беруге келісті тақырыбы бойынша иллюстрациялық сурет

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында куәгер ретінде «We Can» ЖШС директоры Жұлдыз Артықбаева жауап берді. Ол өз сөзін қаржылық құжаттармен және төлем түбіртектерімен растады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жауап алу барысында оның компаниясы халықаралық автошеруді ұйымдастыру бойынша барлық жұмысты өз күшімен атқарғаны белгілі болды. Ал шын мәнінде ешқандай жұмыс атқармаған екінші компанияның ондаған миллион теңге алғаны анықталды (Боқаевтың жиенінің атына рәсімделген «BM Trust» ЖШС). Артықбаева өз компаниясының қалай құрылғаны туралы да айтып берді. «We Can» ЖШС құрылғанға дейін Артықбаева «BM Trust» компаниясында қызметкер ретінде тіркелген. Оны бұл компанияға жұмысқа орналастырған – Боқаевтың өзі. Алайда ол компанияның кеңсесінде…

Толық оқу
Астанада Мерейлі отбасы – 2026 ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды тақырыбы бойынша иллюстрациялық сурет

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда еліміздің әр өңірінен үздік шыққан 20 отбасыға 2 миллион теңгелік сертификаттар берілді.

Толық оқу
Санжар Боқаев

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа, оның жиені Мадиар Қалменовке және жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожаға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Боқаевқа алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, ұрлық жасау, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату айыптары тағылған. Қалменов алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру, ал Нүсіпқожа қалған үш эпизод бойынша айыпталып отыр. Қазіргі уақытта автошеру ұйымдастыруға арналған келісімшарттардың жасалу мән-жайларына, мердігер компаниялардың таңдалуына және осы мақсаттарға кәсіподақ қаражатынан бөлінген ақшаның кейінгі қозғалысына қатысты алаяқтық пен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру деректері бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. Еске салсақ, алдыңғы сот…

Толық оқу
Өскеменде 84 млрд теңгеге салынған гематология орталығы пайдалануға берілді тақырыбы бойынша иллюстрациялық сурет

Өскемен қаласында қайтарылған активтер есебінен бой көтерген заманауи Гематология орталығы ашылды. Кешен 148 төсек-орынға және 24 орындық пансионатқа шақталған.

Толық оқу
Тексеру полиция

Павлодарда мал ұрлығын тоқтату, ет өнімдерінің заңсыз саудасын анықтау және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Полиция қызметкерлері ветеринариялық инспекторлармен бірге сауда орындарын, базарларды, мал және ет өнімдерін тасымалдау бағыттарын тексеруде. Рейд барысында қалаға кіреберіс жолдар мен қала сыртындағы тасжолдарда он мобильді бақылау бекеті ұйымдастырылды. Бекеттерде көліктер тоқтатылып, тасымалданатын жүкке берілген ветеринариялық құжаттар тексеріледі. Мамандар жануарлардың құлақ сырғасын, ет өнімдеріндегі ветеринариялық таңбаны және өнімнің шығу тегін растайтын құжаттарды да назарға алып отыр. Мұндай бақылау «Заң мен Тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде орнықтыру үшін маңызды. Мал ұрлығы ауыл тұрғындарының еңбегіне және мүлкіне қол сұғу болса, тексерілмеген…

Толық оқу