23 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыс өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы болады.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы болады. Қонаев пен Талдықорғанда күндізгі температура 26-29 градус аралығында болжанып отыр.
Шымкент пен Таразда күндіз 28-30 градус жылы болады. Түркістанда ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Қызылордада жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.
Ең жоғары температура батыс өңірлерде тіркеледі. Атырауда күндіз 31-33, Ақтауда 30-32, Оралда 26-28 градус жылы болады. Ақтөбеде термометр бағаны 25-27 градусты көрсетеді.
Орталық Қазақстанда күн салыстырмалы түрде салқын. Қарағандыда күндіз 18-20, Жезқазғанда 23-25 градус жылы болады. Екі қалада да жауын-шашын болжанбайды.
Солтүстік өңірлерде түнгі салқын сезіледі. Көкшетау мен Петропавлда түнде 5-8, күндіз 20-22 градус жылы болады. Қостанайда ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 22-24 градус шамасында сақталады.
Шығыста түнгі температура 4-7 градусқа дейін төмендейді. Өскеменде күндіз 19-21, Семейде 18-20 градус жылы болады. Павлодарда ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







