Соңғы бір аптада Қазақстанда бірнеше әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап Ertenmedia.kz, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қай өнімдердің бағасы төмендеді?
23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде мына тауарлар арзандаған:
- пияз – 4,3%-ға;
- сәбіз – 2,8%-ға;
- алма – 2,5%-ға;
- қияр – 1,3%-ға;
- картоп – 0,9%-ға;
- қант пен тауық еті – 0,5%-дан;
- сүйекті сиыр еті – 0,4%-ға.
Бұл ретте қой еті, тауық, сүзбе және қырыққабат бағасы өзгеріссіз қалды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір аптада ең көп Қарағандыда – 0,4%-ға төмендеді. Ақтөбе мен Жезқазғанда – 0,2%, ал Түркістанда 0,1%-ға азайған.
Өңірлердегі баға көрсеткіштері
Азық-түлік бағасы мына қалаларда бұрынғы деңгейінде сақталды:
- Алматы;
- Астана;
- Көкшетау;
- Шымкент;
- Қонаев;
- Павлодар;
- Семей.
Елде пияздың орташа бағасы 1 келі үшін 142 теңгені құрайды. Ең төменгі баға Талдықорғанда тіркелді – 107 теңге. Сәбіздің орташа республикалық бағасы 215 теңге болды, ол ең арзан бағамен Павлодарда сатылып жатыр – 140 теңге. Республика бойынша алманың құны келісіне 727 теңгені құрады, ал ең төмен баға Шымкентте – 554 теңге. Қызанақ қазақстандықтарға орта есеппен келісіне 668 теңгеден сатылуда, оны ең арзан бағамен Тараздан – 412 теңгеге және Түркістаннан 416 теңгеге сатып алуға болады.
1 қыркүйектен бастап Алматыда картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты қоса алғанда, бірнеше көкөніс түрінің бағасы бекітілген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







