Өзбекстанда DOST ұлттық бренді автокөлігінің прототипі 2027 жылдың басында таныстырылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Студенттер мен инженерлер жобасы
Студенттер ADM Jizzakh автозауытының инженерлерімен бірге жаңа көлікті құрастырып жатқан зертханаға бүгін ел президенті Шавкат Мирзиёев арнайы барды.
«Алғашқы кезеңде DOST жеңіл коммерциялық көлік сегментінде ұсынылады», – деп хабарлады ADM Global баспасөз қызметі.
Бұл қадам жаңа брендке деген нарықтағы сұранысты бағалауға және келесі кезеңге — жеңіл автокөлік жасауға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







