Павлодар облысына православиенің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның шірімей сақталған сүйегі жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Өңір басшысының делегациямен кездесуі
Қасиетті жәдігерді өңірге әкелу қарсаңында облыс әкімі Асайын Байханов Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті. Жүзедесуде жәдігерді алып жүрген Грек Православие шіркеуінің Керкира митрополиясының делегациясы да болды.
Қасиетті жәдігерді Қазақстанға алып келу 21 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтетін ауқымды құлшылық ету сапары аясында жүзеге асырылуда.
Дін қызметкерлері мен грек делегациясының өкілдерін қарсы алған өңір басшысы қасиетті жәдігердің өңірде болуына қажетті жағдай жасауға облыстың дайын екенін атап өтті.
– Сіздер біздің өңірге ерекше әрі маңызды миссиямен – әлемдегі православие дінін ұстанушылар қастерлейтін қасиетті жәдігерді алып келдіңіздер. Бұл шараға Павлодар облысының ғана емес, Қазақстанның көршілес өңірлерінен және Ресейдің шекаралас облыстарынан да тағзым етушілер келетініне сенімдімін. Біз өз тарапымыздан қасиетті жәдігердің келуіне байланысты дін өкілдеріне қажетті қолдау көрсетіп, барлық жағдайды жасауға дайынбыз, – деді Асайын Байханов.
Астана және Қазақстан митрополитi Александр облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, қасиетті жәдігердің әкелінуінің православие дінін ұстанушылар үшін маңыздылығына тоқталды.
Құлшылық рәсімдері өтеді
Павлодар қаласында дін қызметкерлері мен шіркеу қауымы өкілдерінің қатысуымен құлшылық рәсімдері мен бірқатар іс-шаралар өтеді. Митрополит Александр Благовещенск кафедралды соборында өтетін Құдайға құлшылық ету рәсіміне басшылық етеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







