«…да Meta өкілдерімен байланыстық, олардың өңірге деген қызығушылығы зор. Сондықтан бұғаттау сценарийі қарастырылған жоқ. Заң қабылданса, әрине, белгілі бір нормалар қолданылады. Бірақ меніңше, іс бұғаттауға дейін жетпейді, өйткені бұл — әлеуметтік желілердің өкілдік ашуы жөніндегі жалпыәлемдік қалыпты тәжірибе. Мұның бәрі азаматтарымызды заңсыз контенттен қорғау үшін қажет», – деді депутат Александр Данилов, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Цукербергке қойылған ультиматум: Instagram мен Facebook жабыла ма?
Мемлекеттің халықаралық желілерге өз аумағында кеңсе аштыруға ұмтылуының басты себебі — цифрлық егемендік пен бақылау тетігі. Елімізде киберқылмыс, интернет-алаяқтық, есірткі саудасы мен экстремизмнің насихатталуына қатысты материалдарды желіден шұғыл өшіру мәселесінде мемлекеттік органдар шетелдік алыптармен тіл табыса алмай келеді. Ресми кеңсе болса, билік оларға сот шешімдерін тікелей орындатуға және талаптарды 24 сағаттың ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Алайда мәселенің екінші қыры бар. Meta сынды жаһандық монополистер дербес деректерді қорғау мен сөз бостандығы қағидаттарын алға тартып, авторитарлық немесе құқықтық жүйесі толық қалыптаспаған елдерде заңды кеңсе ашудан көбіне жалтарып келеді. Өйткені жергілікті кеңсе ашылған сәтте оның қызметкерлері үкіметтің тікелей қысымына ұшырап, пайдаланушылардың деректерін құзырлы органдарға тапсыруға мәжбүр болады.
Экономикалық және әлеуметтік салдар
Егер Meta биліктің талабын орындаудан бас тартса, үкімет шын мәнінде Instagram мен Facebook-ті жауып тастай ала ма? Бұл өте екіталай қадам. Бүгінде Қазақстанда Instagram мен WhatsApp жай ғана байланыс құралы емес, шағын және орта бизнестің, онлайн сауданың, қызмет көрсету саласының күретамырына айналған.
Оларды бұғаттау ел экономикасына ауыр соққы болып тиіп, үлкен әлеуметтік наразылық туғызары анық. Сондықтан бұғаттау туралы ескертулер — заңды кеңсе аштыру үшін жаһандық алпауыттарға жасалған қысым мен саудаласу тетігі ғана.
Алдағы уақытта Ақорда мен Кремний алқабы арасындағы бұл цифрлық диалогтың қалай өрбитіні өте маңызды сынақ болмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







