Air Astana әуекомпаниясы 11 желтоқсаннан бастап Астанадан Бангкокке тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұшулар сейсенбі және жұма күндері Airbus A321LR ұшағымен орындалады. Билеттер сатылымға шықты. Екі бағытқа эконом-класс билетінің ең төменгі құны 244 616 теңгені, ал бизнес-класста 969 496 теңгені құрайды.
Ұшу кестесі мен кері бағыттар
Астана қаласынан ұшақтар келесі кесте бойынша қатынайды:
- сейсенбі күндері – сағат 21.25-те ұшып, келесі күні сағат 07.10-да Бангкокке жетеді;
- жұма күндері – сағат 21.05-те ұшып, келесі күні сағат 06.55-те Бангкокке қонады.
Кері бағыттағы рейстер Бангкоктен сағат 08.15-те (Астанаға сағат 14.45-те келеді) және сағат 08.05-те (Астанаға сағат 14.30-да жетеді) жоспарланған. Ұшу уақыттары жергілікті уақыт бойынша көрсетілген.
Қазақстан мен Таиланд арасындағы әуе қатынасы
Көлік министрлігінің дерегінше, Астана – Бангкок бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстер саны төрт бағыт бойынша аптасына 20-ға дейін көбейеді.
Қазіргі таңда бұл елге Алматы мен Шымкент қалаларынан да ұшақтар қатынайды:
- Алматы – Пхукет – Air Astana;
- Алматы – Бангкок – Air Astana және Thai AirAsia X;
- Шымкент – Бангкок – SCAT.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







