Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасы мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Minval мәліметінше, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Әзербайжанның Бас прокуроры оқиға болған күннен бастап Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловпен, Ресейдің Бас прокуроры Игорь Красновпен, Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинмен, сондай-ақ Бразилияның Бас прокуроры Пауло Гонетпен байланыста.
«Болған оқиғаны толық, жан-жақты тергеу мақсатында Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Бразилиялық кәсіби тергеушілер, мамандар тергеу жүргізді», — деп жазылған хабарламада.