Ақтөбеде анасы және өгей әкесімен бірге кепілге алынған 40 жастағы әйел ауруханадан шығарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia Tengrinews.kz-ке сілтеп.
14 қаңтарға қараған түні ер адам әйелді және оның қарт ата-анасын кепілге алды. Бүгінге дейін жәбірленуші оларды босату бойынша арнайы операция қалай аяқталғанын білмеген. Оны ауруханадан туыстары алып кеткен.
«Жалпы жағдайы, денсаулығы жақсаруына байланысты науқас үйге шығарылды. Одан әрі тіркелген жері бойынша емханада бақыланады», — деп жазылған Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Айта ктеейік, 13 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде адамдар кепілге алынғаны туралы хабарлама түскен.
Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.
Артынша оқиға салдарынан екі адам қаза тапқаны анықталды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.