Елордадағы қонақүйлер мен мейрамханалар қомақты табысқа кенелді. Астана Дженнифер Лопес, Энрике Иглесиас және Backstreet Boys концерттерінен қанша табыс тапқанын мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқиғалық туризмді дамыту
Америкалық әншінің концерті 2025 жылғы 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өтті, Backstreet Boys тобы – өткен жылдың 21 қыркүйегінде, ал Энрике Иглесиас – 3 қыркүйекте өнер көрсетті. Талғат Рахманбердінің сөзінше, «А» санатындағы концерттерді ұйымдастыру оқиғалық туризмді дамытуға бағытталған.
«Тек төрт концерт – Alem Fest, Дженнифер Лопес, Backstreet Boys және Энрике Иглесиас қаламызға шамамен 19 млрд теңге, яғни 40 млн доллардан астам жиынтық табыс әкелді. Бұл – біздің салықтар, кәсіпкерлеріміздің, қонақүйлер мен мейрамханалардың табысы», – деді Талғат Рахманберді.
Алматыда өткен Дженнифер Лопес концерттері барлық көрермендердің шығындары мен жанама түсімдерді есепке алғанда, туризм басқармасының алдын ала бағалауы бойынша, мегаполиске 10 млрд теңгеден астам табыс түсірген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







