Автор: editor

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай республикалық екі ірі телеарнаның жаңа басшыларын таныстырды деп жазады Ertenmedia. «Белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалды. Бүгін оны телеарна ұжымына таныстырдым», – деп жазды Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол Танысбайдың отандық медиа саласына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Соңғы алты жылда тарихи сериалдар мен анимациялық фильмдер өндірісіне ерекше серпін берілгенін айтты. «Корпорация отандық контентті интернет алаңдарда және шетелде насихаттауда үлкен жетістіктерге жетті», – деді Желдібай. Осыған дейін «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры міндетін 2020 жылдың желтоқсанынан бері Арман Құдайбергенов атқарған. Ал оның алдында 17 жыл бойы бұл қызметті Сергей Киселёв…

Толық оқу

Алматыда 18-19 тамыз күндері Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалі өтіп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан делегаттар қатысуда. Фестиваль аясында жастар саясаты, кәсіпкерлік, азаматтық белсенділік және әлеуметтік бастамаларды дамыту бағыттарында семиналар ұйымдастырылып, жас көшбасшылар мен кәсіпкерлер бас қосады. Жиынның ресми ашылуы барысында Алматы қаласына «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. «Алматы – азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз…

Толық оқу

Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists, CPJ) Қазақстан билігінен Азаттық радиосының маусым айынан бері аккредитациясыз қалған 16 журналисінің құқығын қалпына келтіруді талап етті деп жазады Ertenmedia. Ұйым мәлімдемесін 19 тамызға белгіленген сот отырысының қарсаңында жасады. 2024 жылы қабылданған БАҚ туралы заңға сәйкес, шетелдік журналистер Қазақстанда аккредитациясыз жұмыс істей алмайды. «Азаттық радиосының өткір материалдары Қазақстан медиа саласындағы маңызды орнын жоғалтпауы тиіс. Сот шешімі радио жұмысына үлкен кедергі келтіруі мүмкін екеніне алаңдаймыз. Қазақстан билігі Азаттық журналистеріне қысым жасамай, жұмысын жалғастыруына жағдай жасауы керек. Шетелдік БАҚ-ты аккредитациялаудағы қатаң ережелер қайта қаралуы тиіс», – дейді Журналистерді қорғау комитетінің Еуропа мен Орталық Азия бойынша…

Толық оқу

Қазақстанда шетелдік қаржыландыру арқылы жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) белсенділігі артып келеді. Бұл үрдіс қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Бірқатар журналистер мен сарапшылар сырттан келетін гранттардың ашықтығы мен мазмұнына бақылау орнату қажет екенін алға тартуда,- деп хабарлайды Ertenmedia Оңғар Кабден: «Қоғамды бөлетін емес, біріктіретін идеялар қажет» Журналист әрі қоғам белсендісі Оңғар Кабден шетелдік гранттардың астарында ұлтқа жат идеология жатқанын айтып, ҮЕҰ-лардың кейбірі «адам құқығы» мен «әйел теңдігі» ұранын жамылып, ЛГБТ мен батыстық құндылықтарды насихаттаумен айналысады деп есептейді. «Мемлекет әйелдер құқығын қорғай алмай отыр деу — әділетсіз. Бірақ бұл тақырыпты сылтау етіп, теріс насихат жүргізетін ұйымдар көбейді. Олар ұлттық құндылықтарға қарсы келеді», —…

Толық оқу

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматы қаласы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен 2025 жылдың 18 тамызынан бастап әкімнің орынбасары қызметіне Алмасхан Сматлаев келді. Сматлаев экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік етеді. Жаңа орынбасар Ресейдің Қаржы университетін «экономика», «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша және АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарынан бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет етті. 2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, кейіннен бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. Осы тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болған.

Толық оқу

Тоқаев Өзбекстан Сенатының төрайымы Танзила Нарбаевамен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia. Тараптар кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды, сондай-ақ парламентаралық байланысты нығайтудың маңызды тұстарын талқылады. Президенттің айтуынша, Нарбаеваның Астанаға келуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ерекше байланыстың айқын көрінісі. Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынастың Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Сіздің сапарыңыз біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі тереңдету тұрғысынан өте маңызды. Біз бауырлас Өзбекстанмен ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Біздің өзара байланысымыз қаншалықты тығыз әрі нәтижелі болса, өңірдегі ахуал соншалықты тұрақты әрі тыныш болады. Бұл сапардың парламентаралық қарым-қатынасты нығайтуда маңызы зор»,…

Толық оқу

Астанада «Азаттық радиосының» (RFE/RL-Kazakhstan) жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Сыртқы істер министрлігіне қарсы сот отырысының жарыссөзі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia. Редакцияның адвокаты Лилия Чаусованың айтуынша, министрліктің өзі журналистердің құжаттарын қарастыруды негізсіз созып, ақыры заңсыз түрде аккредитация беруден бас тартқан. Адвокат бұл үшін жауапкершілік редакцияда емес, ведомствода екенін алға тартты. Министрлік өкілі Әсел Мамашева болса, журналистердің аккредитациясыз жұмыс істегенін және заң бұзғанын мәлімдеді. СІМ дәл осы себеппен құжаттарды мақұлдамағанын айтты. Іс бойынша сот шешімі 19 тамыз күні жарияланады. Айта кетейік, шілде айында «Азаттық радиосы» Сыртқы істер министрлігін сотқа берген. Бұған дейін министрлік жеті журналистің аккредитациясын ұзартудан бас тартып, редакцияның бейбіт…

Толық оқу

Ақтөбе соты «СНПС-Ақтөбемұнайгазды» монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін жазалады, деп хабарлайды Ertenmedia. Агенттіктің мәліметінше, негізгі акционері Қытайдың CNPC корпорациясы болып табылатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» серіктестеріне тиімсіз шарттарды мәжбүрлеп таңған. Компания сұйытылған газ нарығында үстемдігін пайдаланып, отын төлемінің мерзімін негізсіз қысқартып отырған. Мәселен, газ жеткізілген соң төлемді бес жұмыс күнінде емес, үш күн ішінде талап етіп, бұл шарт орындалмаған жағдайда жеткізілімді тоқтатқан. Бұған қоса компания цистерналарды газбен тек 85%-ға ғана толтыру талабын қойған, бұл өз кезегінде логистикалық қиындықтар туғызған. «Компания техникалық мүмкіндігі бола тұра, автокөлік арқылы жеткізілетін сұйытылған газ өндірісін негізсіз шектеп, нарықтағы өзге ойыншылардың құқығын бұзған», – деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау…

Толық оқу

Қазақстанның Қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктердің корпоративтік табыс салығын (КПН) есептеу тәртібін өзгертетін жаңа ереже дайындады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп әзірлеген құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Толық мәтіні ашық көрсетілмесе де, жаңа ереженің басты мақсаты банктердің табысын нақты анықтап, бизнеске берілетін несиелер көлемін арттыру. «Біз банктерді кәсіпкерлерге несие беруге ынталандырып, бюджетке корпоративтік табыс салығының түсімін көбейткіміз келеді», – делінген жобаға берілген қысқаша түсініктемеде. Айта кетейік, жаңа Салық кодексіне сәйкес биыл банктерге арналған КПН мөлшерлемесі 20%-дан 25%-ға дейін өскен. Алайда кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудан түсетін табысқа бұрынғы 20% мөлшерлеме сақталды. Банк секторының «аса жоғары табысына» қатысты…

Толық оқу

Қарашығанақ кенішіндегі маңызды технологиялық нысан газ айдауға арналған алтыншы компрессордың құрылысы мерзімінен кемінде жарты жылға кешігіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Жобаны іске асыруға жауапты KPO консорциумы жаңа компрессорды бастапқыда биыл қыркүйекте тапсыруы тиіс еді. Алайда, Upstream Online басылымы өз дереккөзіне сүйеніп, нысанның пайдалануға беру мерзімі 2026 жылдың ақпанына ауыстырылғанын мәлімдеді. Құны 735 млн доллар болатын KEP-1B деп аталатын компрессор Қарашығанақ кенішінің өндіріс қуатын арттыруға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі. Компрессор толық іске қосылса, кеніштен қосымша 5,8 млн тонна көмірсутек өндірілмек. KEP-1B Қарашығанақтағы қосымша екі компрессордың екіншісі. Біріншісі (KEP-1A) осы жылдың төртінші тоқсанында іске қосылуы керек. Жобаның басты мердігерлері халықаралық алпауыттар…

Толық оқу