Әйгілі олигарх Болат Өтемұратовтың UniCredit-ке сатқан «АТФ Банкінің» төңірегінде күмәнді схемалар болуы мүмкін. Қазақстанның мұнай-сервис компаниялары одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жұмағұловтың мәліметінше, оның дереккөзі осы келісімнің ашық болмағанын айтып, сыр бөліскен екен. JP Morgan («АТФ Банктің» мүддесін қорғаған) мен Credit Suisse (UniCredit-тің мүддесі үшін жұмыс істеген) консултанттары банктің құнын негізсіз көтерген көрінеді. Кейін сол консультанттардың бірі Өтемұратовқа тиесілі Verny Capital-ға қызметке ауысқан. PetroCouncil ұйымының осы мәмілеге қатысты дерегіне сүйенген сарапшы келісім екі жақты ақшаны жымқыру операциясына ұқсайды деген болжам жасады. «Мұнда мұнай кеніштерін игеруге ұмтылған басқа компаниялардың да қатысы болуы мүмкін. Кейбір деректерге сүйенсек,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Жапонияның жетекші мамандарының қатысуымен операциялық эндоскопия бойынша халықаралық мастер-класс басталды. Бұл шара еліміздегі медицинаны дамыту мен заманауи халықаралық стандарттарды енгізудегі маңызды қадам, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, мастер-класс тек тәжірибе алмасу емес, аймақтың медицина жүйесін дамытуға нақты үлес болып табылады. – Қазір жапондық ғылыми орталықпен келісімге келу жұмыстарының соңғы кезеңіне жеттік. 2026 жылдан бастап облыс дәрігерлері мен эндоскопистері Жапонияда тегін оқып, тағылымдамадан өте алады. Негізгі талаптардың бірі – ағылшын тілін білу. Бұл жас мамандар үшін қосымша ынталандыру болмақ, – деді Ержан Сүлейменов.…
Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Форумның ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатау City жобасын таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан тарапынан форумға Alatau City дамыту кеңесінің мүшелері – Caspian Group төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким қатысты. Alatau City негізгі көлік дәліздерінің торабында орналасқан, жалпы ауданы 88 мың гектарды құрайды. Қаланың бүкіл аумағы Арнайы экономикалық аймақтың құрамына енгізілген. Мұнда корпоративтік табыс салығынан, жер және мүлік салығынан босату, сондай-ақ Алатау қаласы аумағында сатылатын тауарларға нөлдік мөлшерлемесімен қосымша құн салығын қолдану сияқты жеңілдіктер қарастырылған. Қыркүйек айында Президенттің…
Алматы облысында құрылыс нысандарының саласында анықталған заңбұзушылықтар санының едәуір азайғаны байқалады. Аталған саланы бақылайтын басқарманың мәліметінше, күшейтілген мониторинг пен кешенді бақылау шараларының арқасында рұқсат беру құжаттарынсыз құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаудың фактілері айтарлықтай қысқарған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап – Жүйелі тәсіл мен инспекторлардың мұқият жұмысы өз бетінше салынған нысандар мен рұқсатсыз жүргізіліп жатқан құрылыстарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік нормалар бұзылған және жобадан ауытқу жағдайлары тіркелген кезде, заңбұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айдын Әуесбай. Биылғы жылы құрылыс саласындағы заңбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 127…
Маңғыстауда тағы да газ тапшы. Автогаз құю станцияларының алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұр, жүргізушілер жанармай тапшылығына шағымдануда, деп хабарлайды Ertenmedia. Orda порталының мәліметінше өңір әкімдігінде өткен шұғыл жиында облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев бұл жағдайға Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуы себеп болғанын айтқан. Қазір газ тапшылығын жою үшін Ақтөбеден, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» зауытынан 3,6 мың тонна сұйытылған газ теміржол арқылы жеткізіліп жатыр. Логистиканың өзгеруі тасымал мерзімін ұзартып, станцияларда кезектің көбеюіне әкеліп соққан. Алайда мәселе жалғыз зауыттың жөнделуінде ғана емес. «Кейбір кәсіпкерлер өздеріне бөлінген газды белгіленген станцияға жеткізбей, басқа аймақтарға сатып жіберген. Бұдан бөлек, газ көлемін көбейту үшін кейбір…
Астанада басталған Astana Think Tank Forum 2025 халықаралық алаңы қазіргі әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі – сенім дағдарысын талқылауға бағытталды. «Поляризациядан серіктестікке» тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған. Жаһандық жүйе өзгеріп жатыр, ал жаңа тепе-теңдік әлі қалыптасқан жоқ, деп жазады Ertenmedia.kz. Форумға әлемнің 20 елінен сарапшылар, жетекші зерттеу орталықтарының басшылары, халықаралық ұйым өкілдері жиналды. Бұл алаң бір жылдың ішінде декларативті пікірталастан нақты ұсыныстар әзірлейтін беделді сараптамалық платформаға айналып үлгерді. Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев өз сөзінде қазіргі әлемнің күрделі құрылымын ашық сипаттады. Оның айтуынша, бүгінгі күн тәртібі бір ғана тақырыппен шектелмейді. Геосаяси бәсеке, ядролық қауіп, жасанды интеллект, климат, су ресурстары мен демография –…
Депутат Айдос Сарым Ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдады. Ол елдегі ақпараттық кеңістікте күмәнді тренинг пен далбаса дәрістердің тым көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді, деп жазады Ertenmedia. Оның пікірінше, бүгінде бұл мәселе жеке адамның таңдау еркіндігі шеңберінен шығып, тұтас қоғамға қауіп төндіретін «пандемияға» айналған. «Кез келген әлемжеліні ашсаңыз жалған пайғамбарлар, ғалымсымақтар мен алаяқтар ұйымдастырған сансыз семинар, курс пен дәрістен көз сүрінеді. Осындай күмәнді схемаға алданып, мыңдаған адам жиған-терген табысынан айырылуда», – дейді депутат. Сарымның айтуынша, кейбір тренингтер эзотерикалық қаржы пирамидасына айналып кеткен. Мұндай «менталды індет», «психологиялық есірткіге» тіпті тұтас ұжымдар мен отбасылар шырмалып қалған. Бұған қоса, депутат мемлекетке қарасты компаниялар мен…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жалпы 22 адам жазылса, оның 20-сы қатысып, талап-тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға Сарыағаш, Отырар, Жетісай, Төлеби аудандары мен Шымкент және Түркістан қалаларынан азаматтар арнайы келіп, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар мен өзге де мәселелерді көтерді. Мәселен, бір тұрғын жұмыс істеген кезеңдегі жалақыны ала алмауына шағымданса, енді бірі мектеп формасын алу мәселесін айтты. Сондай-ақ мектептің атауын өзгерту, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, білім ошағындағы ыстық тамақ мәселесіне қатысты түйткілдер де айтылды.…
Түркістанда 18 қазан Рухани келісім күніне орай дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік, төрешілерге әділдік тіледі. – Бұл – спорттық сайыс қана емес, достық пен ынтымақтың, бірліктің айғағы. Себебі спорт та, рухани келісім де адамдарды біріктіреді, әділдікке, табандылыққа және жеңіске жетуге тәрбиелейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылармен жүздесуінде: «Мемлекет спорт саласын дамытуға баса мән береді. Сіздерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді» деген болатын. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің…
Маңғыстау облысының делегациясы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына қазақ халқының құнды қазынасы жеті қанат ағаш үйін сыйлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшылығында өткен салтанатты іс-шара ТҮРКСОЙ мен түркітілдес елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық пен бауырластықты нығайтуға бағытталды. Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі доктор Сердар Чам, сондай-ақ АК партиясы төрағасының орынбасары профессор доктор Күршад Зорлу…










