Астанада басталған Astana Think Tank Forum 2025 халықаралық алаңы қазіргі әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі – сенім дағдарысын талқылауға бағытталды. «Поляризациядан серіктестікке» тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған. Жаһандық жүйе өзгеріп жатыр, ал жаңа тепе-теңдік әлі қалыптасқан жоқ, деп жазады Ertenmedia.kz. Форумға әлемнің 20 елінен сарапшылар, жетекші зерттеу орталықтарының басшылары, халықаралық ұйым өкілдері жиналды. Бұл алаң бір жылдың ішінде декларативті пікірталастан нақты ұсыныстар әзірлейтін беделді сараптамалық платформаға айналып үлгерді. Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев өз сөзінде қазіргі әлемнің күрделі құрылымын ашық сипаттады. Оның айтуынша, бүгінгі күн тәртібі бір ғана тақырыппен шектелмейді. Геосаяси бәсеке, ядролық қауіп, жасанды интеллект, климат, су ресурстары мен демография –…
Автор: Асылхан Бөрібай
Депутат Айдос Сарым Ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдады. Ол елдегі ақпараттық кеңістікте күмәнді тренинг пен далбаса дәрістердің тым көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді, деп жазады Ertenmedia. Оның пікірінше, бүгінде бұл мәселе жеке адамның таңдау еркіндігі шеңберінен шығып, тұтас қоғамға қауіп төндіретін «пандемияға» айналған. «Кез келген әлемжеліні ашсаңыз жалған пайғамбарлар, ғалымсымақтар мен алаяқтар ұйымдастырған сансыз семинар, курс пен дәрістен көз сүрінеді. Осындай күмәнді схемаға алданып, мыңдаған адам жиған-терген табысынан айырылуда», – дейді депутат. Сарымның айтуынша, кейбір тренингтер эзотерикалық қаржы пирамидасына айналып кеткен. Мұндай «менталды індет», «психологиялық есірткіге» тіпті тұтас ұжымдар мен отбасылар шырмалып қалған. Бұған қоса, депутат мемлекетке қарасты компаниялар мен…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жалпы 22 адам жазылса, оның 20-сы қатысып, талап-тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға Сарыағаш, Отырар, Жетісай, Төлеби аудандары мен Шымкент және Түркістан қалаларынан азаматтар арнайы келіп, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар мен өзге де мәселелерді көтерді. Мәселен, бір тұрғын жұмыс істеген кезеңдегі жалақыны ала алмауына шағымданса, енді бірі мектеп формасын алу мәселесін айтты. Сондай-ақ мектептің атауын өзгерту, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, білім ошағындағы ыстық тамақ мәселесіне қатысты түйткілдер де айтылды.…
Түркістанда 18 қазан Рухани келісім күніне орай дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік, төрешілерге әділдік тіледі. – Бұл – спорттық сайыс қана емес, достық пен ынтымақтың, бірліктің айғағы. Себебі спорт та, рухани келісім де адамдарды біріктіреді, әділдікке, табандылыққа және жеңіске жетуге тәрбиелейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылармен жүздесуінде: «Мемлекет спорт саласын дамытуға баса мән береді. Сіздерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді» деген болатын. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің…
Маңғыстау облысының делегациясы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына қазақ халқының құнды қазынасы жеті қанат ағаш үйін сыйлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшылығында өткен салтанатты іс-шара ТҮРКСОЙ мен түркітілдес елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық пен бауырластықты нығайтуға бағытталды. Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі доктор Сердар Чам, сондай-ақ АК партиясы төрағасының орынбасары профессор доктор Күршад Зорлу…
18 қазан Рухани келісім күні қарсаңында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында – дәстүр мен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестіктер мен конфессиялар форумы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов пен Рухани келісім күнінің бастамашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов қатысты. – Рухани келісім күні 1992 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты еліміздегі ұлтаралық қатынастарды бірлікте, татулықта ұстау және қоғамда бейбітшілік, өзара түсіністік пен құрметті нығайту. Облыста 70 бірлестік бар, олардың 56-сы мешіт болса, қалғандары өзге дін өкілдерінің бірлестіктері, – деді облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев. Форум барысында…
Депутат Базарбек Ішкі істер министрінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді деп жазады Ertenmedia.kz. Полицияның бейқамдығы мен әрекетсіздігін бетке басқан Базарбек құқық қорғау органдарына сенімі қалмағанын ашып айтты. Министрге қарата сөз бастаған депутат: «Сізге мені тыңдау ыңғайсыз болып отырған сияқты, жүзіңізден көрініп тұр», – деп эмоциясын ірке алмады. Осыдан кейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сын айтарда шенеуніктің жеке басына тиіспей, тек ведомствоның жұмысына ғана бағытталуы керек деп, депутатқа ескерту жасады. Жиыннан кейін журналистер Базарбектен «эмоцияға неге ерік бергенін» сұрады. Депутат өз кезегінде кейбір тұста шектен шыққанын мойындағанымен, тұтастай алғанда айтылған сынның орынды екенін жеткізген. «Менің ішіме сыймаған сөз, қатардағы көп пікірдің бірі емес,…
Қостанайда Челябі университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжіліс Қазақстан мен Ресей арасында осы филиалдың қызметі туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2024 жылдың 27 қарашасында Астанада қол қойылған еді. Келісімнің негізгі мақсаты Қостанайда ашылатын оқу орнының құқықтық негізін бекітіп, екі ел арасындағы жоғары білім саласындағы ұзақмерзімді серіктестікті дамыту. Жаңа университет филиалында сабақ қазақ, орыс және өзге де тілдерде жүргізіледі. Оқу бағдарламалары Қазақстанның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Ресейдің федералдық мемлекеттік талаптарына сай әзірленеді. Сонымен қатар, құжатта филиалдың қызметі екі мемлекеттің заңнамасына сәйкес міндетті лицензияланатыны және аккредиттелетіні көрсетілген. Білім сапасын бақылау мен талапкерлерді қабылдау тәртібі де Қазақстан мен Ресей заңдарына…
Атышулы олигархтар Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «Петропавл жылу желілері» компаниясы мемлекет меншігіне өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia Петропавловск.news порталына сілтеп. Қазіргі уақытта «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ пен Петропавл қаласы әкімдігі арасында компанияны муниципалды меншікке өткізу туралы келіссөз жүріп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше бастаманың басты мақсаты жылу желілерін басқаруды бір қолға шоғырландырып, толықтай жаңарту. Себебі Петропавлдың жылу жүйелерінің 70 пайыздан астамы әбден ескірген. Сонымен қатар, бұл қадам жылу тарифтерінің күрт қымбаттап кетуіне жол бермеу үшін де қажет. «Компанияны мемлекет меншігіне өткізу арқылы ұлттық жобаға қатысып, инфрақұрылымды жаңғыртуға бюджеттен қаржы тартуға болады. Нәтижесінде апатты жоюмен шектелмей, бүкіл жылу жүйесі толық жаңартылады. Бұл…
«British Council» ұйымы жүргізген «Қазақстанның болашақ ұрпағы» зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Зерттеу аясында ұйым бүкіл әлем бойынша жастардың пікірлерін білдіру үшін «Next Generation» («Болашақ ұрпақ») платформасын ұсынады, бұл олардың пікірін білуге және олардың ұмтылыстары, проблемалары және қоғамның өзгеруі мен қалыптасуындағы рөлі туралы түсінік алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зерттеу Қазақстанда LSE Consulting, Орталық Азия Барометрімен (ЦАБ) және жобаның консультативтік кеңесімен әріптестік шеңберінде жүзеге асырылды. Зерттеуге 18 бен 35 жас аралығындағы 1270 жас қазақстандық қатысты: 1202 – өкілдік сауалнамаға және 68 – сұхбат пен фокус-топтарға қатысқан болатын. Зерттеуге сәйкес, жас қазақстандықтар әлеуметтік жағдайына қарамастан, отбасына бағдарланған және өздерінің шығу тегімен мақтанады.…










