Еуроодақ аумағына сапарлайтын шетел азаматтарына арналған жаңа ереже күшіне енді, деп хабарлайды Ertenmedia. 12 қазаннан бастап Еуропаның 29 еліне сырттан келетін азаматтардың шекарадан өту тәртібі өзгерді. Жаңа жүйенің басты талабы шетелдік саяхатшылар шекарадан өткенде биометрикалық деректерін қалдыруы тиіс. Ақпарат халықаралық әуежайларда, теміржол вокзалында, теңіз порттары мен автокөлік өткізу бекетінде электронды түрде жиналады. Шенген аумағына кіріп-шығуды бақылауға арналған жүйенің ресми атауы Entry Exit System (EES). EES шетелдік саяхатшылардың аты-жөнін, паспорт дерегін, биометрикалық мәліметін (саусақ ізі мен бет-бейнесін), сонымен қатар қай күні, қай жерден кіргенін тіркеп отырады. Кейін шекараны қайтадан кесіп өткен кезде адамның деректері базадағы жазбамен салыстырылады. Сондай-ақ, жаңа жүйе визасының…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде тағы бір ауыс-түйіс болды. Бұған дейін министрдің бірінші орынбасары болып келген Ақан Рахметуллин қызметінен кетті. Оның орнын соңғы төрт жылда АҚШ-та елші болған Ержан Ашықбаев басты, деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаев тиісті өкімге 13 қазанда қол қойды. Рахметуллин үш жыл бойы Мұрат Нұртілеудің сенімді серігі саналған. Нұртілеудің өзі қыркүйектің соңында министр креслосын босатып, Президент әкімшілігіне инвестиция мәселелерін қадағалауға ауысқан болатын. Қазір СІМ басшылығында Ермек Көшербаев отыр. Жаңадан тағайындалған Ержан Ашықбаев Уашингтонда төрт жыл Қазақстанның мүддесін қорғады. Ашықбаевтың елшіліктен кетуі Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарынан соң іле-шала жарияланған еді. Бізге жеткен мәлімет бойынша, келер жылдан бастап екі елдің қарым-қатынасы…
Каспийдегі Қашаған кенішін игеріп жатқан NCOC консорциумы еліміздегі әлеуметтік жобаларға шамамен миллиард долларға жуық қаражат бөлген. Консорциумның «әлеуметтік жауапкершілігі» туралы айтқанда сіз бен біз ескере бермейтін кілтипан бар деп жазады деп жазады Ertenmedia. Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұловтың атап өткеніндей NCOC-тың «әлеуметтік көмекке» бөлдік деген 920 млн доллары шын мәнінде тегін емес. Компания жұмсаған әрбір теңгесін өндірілген мұнай есебінен артығымен қайтарып алады. «Мұндай шығын әуелі доллармен есептеледі, бірақ теңгемен өтеледі. Жұмсалған қаржыға орташа 5-6 пайыздық аплифт үстемесі қосылады. Айталық, егер 10 жыл бұрын NCOC бір мектеп салуға 5 миллиард теңге жұмсаса, бүгінде девальвация мен пайыздық өсімді есептегенде мемлекет консорциумға шамамен…
Абай облысында күздің алғашқы суығы мен сары жапырағы қатар түскен шақта елдікпен үндес іс-шара өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен шараға он бес мыңға жуық тұрғын 300 гектарға жуық аумақты қоқыстан тазартып, 5 мың түп ағаш көшетін отырғызды. Табиғатты қорғау үшін қолға алынған бастаманың бір көрінісі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласының тұрғындары да бұл істе белсенділік танытты. Қаланың шет жағында орналасқан Қарағайлы ықшам ауданындағы жаңа саябақта қарағай көшеттері бой түзеді. Абай облысы әкімі Берік Уәлидің өзі арнайы келіп, қарағай отырғызды. Жергілікті әкімдік пен мекемелердің жүзге жуық қызметкері де қара жерді…
Қазақстанда 2025 жылға жоспарланған салық тексерісінің барлығы ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы Uchet компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Бәрішев мәлімдеді. Оның айтуынша, шешімге кәсіпкерлердің ұзақ уақыт бойы салық жүйесіндегі ашықтықты талап етуі себеп болған, деп хабарлайды Ertenmedia. Барышев атап өткендей, бизнестің басты наразылығы Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) тексеріс жүргізу үшін «құпия критерийді» қолдануы еді. Тәжірибе ашық жұмыс істейтін, салықты уақытылы төлеп отырған адал кәсіпкерлердің де негізсіз тексеріске ілінуіне әкеліп соққан. «Біз әу бастан-ақ жабық критерий негізінде тексеріс жүргізу әділетсіз екенін айттық. Біздің мақсатымыз өзімізді ғана емес, Қазақстанның барлық адал кәсіпкерінің құқығын қорғау еді. Ұзақ күрестен кейін бүгін осы мақсатқа қол…
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеру туралы шешімі инфляция қаупінің күрт артуымен байланысты. Бұл туралы бас банкир Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Сүлейменовтың айтуынша, мөлшерлемені көтеруге байланысты комитет ішінде өткір пікірталас болған. Тіпті, кейбір сарапшылар инфляциямен күрес үшін ставканы бірден 20 пайыздан асыруды ұсынған. Бірақ көпшіліктің пікірі қазіргі экономикалық жағдайда 18 пайыз деңгейінің жеткілікті екеніне тоқтаған. «Бұл жеке басымыздың қалауы емес. Әр сарапшының өз жауапкершілігіндегі саласы бар. Олар инфляцияның себебін терең талдай отырып, неғұрлым қатаң шешім қажет екенін айтты. Біз аса қатты қатаңдатпадық, тек соңғы кезде инфляция өсіп, теңге бағамы төмендегендіктен жоғалған қаталдықты қайта орнына келтірдік», –…
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті. Іс-шараға 67 мыңнан астам тұрғын қатысып, өңір бойынша 1243 гектар жер тазартылып, 823 тонна қоқыс жиналды. Сонымен қатар 7 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Акцияға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, мұндай бастамалардың қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және адамдарды ортақ мақсатқа біріктірудегі маңызына тоқталды деп хабарлайды Ertenmedia. «Тазалық пен тәртіп қарапайым істерден басталады. Әркім бір тал ексе немесе айналасын тазаласа, бұл — туған жерге деген нағыз қамқорлықтың көрінісі», — деді өңір басшысы. Облыстық штабтың мәліметінше, сенбілікке 134 техника бірлігі жұмылдырылған. Қатысушылар мыңдаған туранг, үйеңкі, жөке және терек ағаштарын отырғызды.…
Павлодар облысы Ертіс аудандық ауруханасының ұжымы президент Тоқаевқа, премьер Бектеновке, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Асайын Байхановқа ашық хат жолдап, басшыларының негізсіз жұмыстан қуылу қаупі туындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, соңғы бірнеше айда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков аурухана басшылығына қысымды күшейткен. Басқарма қазіргі басшыны «біліктілік талаптарына сай емес» деген желеумен жұмыстан шеттетуді көздеп отыр. Бұған қоса, облыс басшылығы аурухана қызметіндегі жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология көрсеткіштерінің төмендігін алға тартқан. Ұжым айыптаудың негізсіз әрі ойдан құрастырылғанын айтады. Ашық хатта келтірілген деректерге сәйкес, соңғы үш жылда аурухана шамамен 200 млн теңге көлеміндегі берешекті…
Astana Group басшысы әрі меншік иесі Нұрлан Смағұлов New Vision форумында елдегі автокөлік индустриясының болашағына қатысты батыл мәлімдеме жасады. Оның пайымынша, қазір Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған тарихи мүмкіндік ашылып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia. «Әлемде Қытай, Жапан, Оңтүстік Корея, АҚШ секілді 20 шақты ел ғана өзіндік брендін шығарады. Тағы 40-тан астам мемлекет лицензиялық автокөлік құрастырады. Қазақстан осы екінші топқа кіріп үлгерді. Дәл қазір мүмкіндіктің терезесі ашық тұр. Біз мұны дер кезінде пайдаланып қалуымыз қажет», – деді Смағұлов. Оның айтуынша, «Астана Моторс» компаниясының құны 420 млн доллар тұратын автозауытты салудағы мақсаты да осы. «Бұл қаржыны біз қалтамыздан оп-оңай шығарып отырған жоқпыз. Шын…
Қытай соңғы 30 жыл ішінде Орта Азияға экономикалық қана емес, геосаяси ықпалын да күшейтіп үлгерді. Бейжіңнің инвестициясы аймақ елдерінің теміржолы мен мұнай кенішінен бастап, қала мен өндіріс ошағына дейін жетті. Бүгінде аймақ Бейжің үшін қауіпсіздік буфері әрі стратегиялық алаңға айналған. Бірақ жергілікті халықтың бұған деген реакциясы әркелкі. Қытайға қарсы көңіл-күй, әсіресе Қазақстан мен Қырғызстанда жиі байқалады, деп хабарлайды Ertenmedia. Әмірикалық сарапшылар Бредли Жардин мен Едвард Лемон «Backlash: Қытайдың Орталық Азиядағы ықпал үшін күресі» атты еңбегінде осы құбылысты егжей-тегжейлі зерттеген. Олар соңғы он жылдағы аймақ тұрғындарының Бейжіңге қарсы наразығы көбінесе нақты жер учаскелері, жұмысшылар құқығы немесе экологиялық мәселеден туындағанын анықтап отыр.…










