Автор: Асылхан Бөрібай

Қала күні қарсаңында Атырауда өңірдегі ең ірі спорт нысанының бірі – «Texol Wellness Atyrau» спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жоба 24 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік бермек. Кешен Texol компаниясының бастамасымен және қаржыландыруымен салынады. Нысан іргетасына уақыт капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Серік Шәпкенов, Texol компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазав, облыстық спорт ардагерлері одағының төрағасы Болат Қожиев, кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков, спорт қауымдастығы өкілдері мен спорт мектептерінің шәкірттері қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызына тоқталды: – Бүгін біз ең ірі спорттық-сауықтыру…

Толық оқу

Соңғы бес жылда Түркияның Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдермен сауда айналымы 62,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ertenmedia Түркия статистикалық басқармасының (TurkStat) мәліметіне сілтеме жасап. Түркияның 2020–2024 жылдар аралығында ТМҰ құрамындағы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға экспорты 36,6 млрд долларды құраса, осы елдерден Түркияға жасалған импорт көлемі 26 млрд долларға жеткен. Сауда айналымында Әзербайжан көш бастап тұр. Түркияның Әзербайжанға бес жылда жасаған экспорты 12,8 млрд долларға жеткен. Бұл елге Түркия негізінен машина, механикалық құрылғылар, пластмасса бұйымдары және автомобиль тасымалдайды. Ал Әзербайжан Түркияға 5,3 млрд доллардың тауарын сатқан. Оның ішінде мұнай мен газ, мақта, алюминий және темір бұйымдары бар. Әзербайжанның…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елдің батыс аймақтарына тартылатын ірі автожол құрылысын жылдамдатуды міндеттеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. «Президент Тоқаев Үкіметке «Торғай – Ырғыз» бағытындағы және батыс өңірге апаратын өзге де автожолдардың құрылысын жылдам аяқтауды тапсырды», – деді ол. Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа күре жолдың ел экономикасы мен өңірдің дамуына ерекше серпін беретінін айтып, орталық пен батыс өңірлер арасындағы қатынас жолын 560 шақырымға қысқартуға мүмкіндік жасайтынын атап өткен еді. Жаңа автожол Торғай өңірінің дамуына айтарлықтай дем беретін ауқымды жоба болмақ. Айта кетейік, осыған дейін сенатор Нұржан Байқадамов Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа…

Толық оқу

Цифрлық платформалар үшін алдағы басты шайқас клиентті өзіне байлап, тартып алуға ұмтылу болмақ. Digital Bridge 2025 форумында Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов цифрлық нарықтың болашағын осылай бағалады, деп хабарлайды Ertenmedia. Турловтың пайымдауынша, цифрлық экожүйелердің нарықтағы жеке ойыншылардан күші де, әлеуеті де артып барады. Олар тұтынушыны тартатын қуатты гравитация қалыптастырып үлгерген. «Экожүйе бұл жай ғана бренд емес, адамның күнделікті өміріне араласып кеткен орта. Тұтынушы оған қаншалықты жиі оралса, оның тәуелділігі де соншалықты артады. Бүгінде нарықтағы басты күрес клиентті кім көбірек тартып, кім көбірек ұстап тұрады дегенге келіп тірелді. Гравитация кімде болса, ақша сонда. Ал тарта алмаған платформа осы соғыста ақшасын…

Толық оқу

Өскемен қаласында қызметтік лауазымы жоғары прокурордың мас күйінде көлік айдап, жол-көлік оқиғасына түскені жайлы ақпарат тарауда. Оқиға 27 қыркүйек түнінде болған. Hyundai Accent автокөлігін басқарған прокурор жарық шамын соғып, полициядан қашуға әрекеттенген. Кейін жүргізілген медициналық сараптама оның қан құрамынан алкогольді ішімдікпен бірге марихуана іздерін де анықтады. Бұл жағдай қоғамның құқық қорғау қызметкерлеріне деген шайқалтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған соң прокуратура облыс деңгейінде қызметтік тексеріс бастаған. Ал бейресми мәліметке қарағанда, оқиғаға қатысы бар прокурор жұмыстан босатылған. Бұл – елдегі заң үстемдігіне жауап беретін орган қызметкерлерінің атына дақ түсірген кезекті жанжал. Бұған дейін де Шығыс Қазақстанда…

Толық оқу

Соңғы күндері халықаралық саясаттағы басты тақырыптардың бірі АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қарата айтқан «қағаз жолбарыс» деген сөзіне Владимир Путиннің жауабы болды. Әлемдік ақпарат құралдары жарыса жазған бұл пікірталас Ресейдің Украинадағы соғысына, оның әскери қуатына және НАТО-мен арадағы тартысына қатысты жаңа бір саяси символикаға айналғандай… «Қағаз жолбарыс» тарихта Қытайдың саяси риторикасында жиі қолданылған тіркес. Мағынасы – сыртынан айбарлы көрінгенімен, ішкі күші әлсіз мемлекет немесе құрылым дегенге саяды. Трамп дәл осыны Ресейге қатысты айтып, оның Украинадағы соғысын «мақсатсыз» әрі «ұзаққа созылған» әрекет деп бағалады. Путиннің жауабы көп күттірмей «Валдай» халықаралық пікірталас клубында айтылды. Ол НАТО-ға қарсы соғысып жатқан елді «қағаз жолбарыс»…

Толық оқу

Алматы облысындағы Қапшағай жағалауы мен Іле өзенінің бойында заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жерлерді кезінде жоғары лауазымды шенеуніктер, елдің бұрынғы басшылығымен байланысы бар туыстар және ірі кәсіпкерлер иемденіп алғаны әшкереленді. Басында қарапайым халыққа жабық болып келген жағалаулардың бір бөлігі енді мемлекет қарауына өтіп, қоғамдық мақсатта пайдалануға жол ашылмақ. Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені еліміз үшін табиғи әрі стратегиялық нысан. Осы аумақтар арнайы қорғалатын табиғи аймақ ретінде белгіленгеніне қарамастан, 2000 жылдардың басында кейбір шешімдермен жеке адамдар мен компанияларға гектарлап үлестірілген. Ресми деректерде олардың ішінде аты-жөні көпшілікке таныс фамилиялар да бар екені жасырын қалған жоқ.…

Толық оқу

Еліміздің қаржы нарығында жаңа бастама қызу пікірталас тудырып отыр. Әңгіме жүйе құраушы банктерді құтқаруға арналған жаңа схема туралы. Жаңа заң жобасына сәйкес, барлық екінші деңгейлі банктер мемлекет шығынын жабу үшін міндетті аударым жасауы керек. Яғни, егер жүйелік маңызы бар банк дағдарысқа ұшыраса, оны қайта аяққа тұрғызу үшін шығынды мемлекет емес, басқа банктердің қаражаты есебінен жабу көзделген, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бір қарағанда бұл жүйе қаржы тұрақтылығын сақтаудың бір тетігі болып көрінуі мүмкін. Бірақ сарапшылар мен қаржы мамандары бұл тәсілдің астарында өте қауіпті тәуекелдер барын айтып, дабыл қағуда. Экономист Тимур Айсаутовтың пікірінше, бұл механизм акционерлердің жауапкершілігін әлсіретіп, қате басқарудың салдарын жасыруға…

Толық оқу

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» өзіне тиесілі емес, яғни үкімет үлесіне кірмейтін акциялардың бір бөлігін қайтадан листингке шығаруды қарастыруда. Бұл әзірге түпкілікті шешім емес, бірақ ондай қадам жасалса, Қазақстанның қаржы жүйесінде де, халықаралық инвесторлар сенімінде де үлкен өзгеріс болатыны анық. Себебі әлемдегі уран өндірісінің алдыңғы қатарында тұрған «Қазатомөнеркәсіптің» кез келген шешімі тек ұлттық деңгейде ғана емес, жаһандық деңгейде де назарға алынады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір компанияның негізгі құрылымы айқын: 62,99 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының иелігінде, 24,32 пайызын номиналды түрде Citibank ұстап отыр, ал 12,01 пайызы Қазақстанның Қаржы министрлігінің қолында. Демек, мемлекет бақылауды сақтап отыр, алайда қосымша листингке шығару арқылы…

Толық оқу

Жаңасемей ауданында бірнеше ұрпаққа жалғасқан Ғабдуллиндер әулетінің жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 392 жыл. Әулеттің ұстаздық дәстүрін Қабдырахман Ғабдуллин мен Күләш Нұрбикенова бастаған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Қабдырахман Ғабдуллин 1950 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдап, еңбек жолын Ұлан ауданындағы С.Аманжолов атындағы мектептен бастаған. Қайнар орта мектебінде 43 жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп, шәкірт тәрбиеледі. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің және «Әдіскер-мұғалім» атағының иегері. Жары Күләш Нұрбикенова ұстаздық жолын Күршім ауданындағы Құмаш Нұрғалиев мектебінде бастап, 1959-1987 жылдары Қайнар орта мектебінде математика пәнінен сабақ беріп, кейін мектеп…

Толық оқу