Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Ұлттық құрылтай мүшелері ел аумағында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Былтыр Мемлекет басшысы бастама көтерген осынау науқан бүгінде жалпыұлттық деңгейге шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Акция аясында Ерлан Қарин бастаған Ұлттық құрылтай мүшелері Астана мен Алматы қаласында ағаш отырғызды. Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» бастамасының қоғамды біріктіріп, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал ететінін ерекше атап өтті. Осы ретте құрылтай өкілдері ел тұрғындарын экологиялық акцияларды белсенді түрде қолға алуға және қолдау көрсетуге шақырды. Ал Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин шараға атсалысқан құрылтай мүшелеріне алғысын білдіріп, «Таза Қазақстан» жобасы елдің идеологиялық тұғырнамасының ажырамас бөлігі екенін жеткізді. «Бұл бастама…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, мемлекеттік және салалық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер мен өңір тұрғындары қатысты. Экологиялық акцияға 10 мыңнан астам адам үн қосып, 67 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында облыс аумағынан шамамен 190 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар өңірдің экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жалпы саны 5200 түп ағаш отырғызылды. Олардың қатарында жөке, үйеңкі және акация көшеттері бар. Сенбілік кезінде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырды. — Президентіміз тазалықтың маңыздылығын…
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 50 мыңнан аса тұрғын қатысып, 17 мың ағаш көшеті егілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, Түркістандағы «Парасат» саябағы аумағында көшет отырғызды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесіп, аймақты көгалдандыру, жасыл желекті көбейту маңызды екенін жеткізді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы бәріміз үшін маңызды. Қоршаған орта таза болса, қоғам тазарады. Ағаш егіп, айналаны таза ұстау әрбір тұрғынның міндеті болуы керек. Бүгінгі экологиялық іс-шараде белсенділік танытқан ардагерлерге, жастарға, тазалық мекемесінің қызметкерлеріне, тұрғындарға…
Әлемге әйгілі италиялық Chicco бренді Қазақстанда алғаш рет өз өнімдерін шығара бастайды. Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласында орналасатын кәсіпорын балаларға арналған тауар өндіретін болады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, Алатаудағы UNITED HYGIENE зауытында Chicco маркалы cәбилердің жөргегі, жаялықтар мен дымқыл майлықтар шығарылмақ. «Халықаралық деңгейдегі осындай ірі брендтің бізді таңдауы өңірге деген инвесторлар сенімінің артқанын дәлелдейді. Алатау қазір шетелдік компаниялардың назары ауған жаңа өнеркәсіптік орталыққа айналуда», – деді Сұлтанғазиев. Жобаның құны 10 миллиард теңге шамасында. Өндіріс толық іске қосылғанда аймақта 250-ге дейін жұмыс орны ашылады. Зауытта өндірілетін өнімнің тең жартысы Ресей, Грузия,…
Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимова төрағалық етті. Кездесуде министр Аида Балаева екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалар екі елдің мәдени-рухани ынтымақтастығын нығайтуға тікелей ықпал етуде. Өз кезегінде РФ Мәдениет министрі Ольга Любимова алдағы уақытта да бірлескен бастамалардың жалғасатынына сенім білдірді. – Алдымызда тұрған міндеттер аз емес. Бүгінгі отырыста серіктестігіміздің негізгі бағыттарын талқылаймыз. Әсіресе, кино саласы, кітапхана ісі және мәдениет мамандарын даярлау…
Әлемдегі ең ірі астық импорттаушы саналатын Египет 15 жылдық үзілістен кейін Қазақстан бидайын қайта сатып ала бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Мысырдың мемлекеттік астық сатып алушысы Future of Egypt (Mostakbal Misr) компаниясы қазақ жерінен шыққан екі бірдей кемені қабылдап алды. Қыркүйектің ортасында Египет портына жеткен кемелердің бірінде шамамен 11 мың тонна, екіншісінде 21 мың тонна отандық бидай болған. Дубайлық ZAWYA басылымының мәліметінше, соңғы рет египеттіктер қазақ бидайын мемлекеттік деңгейде 2010 жылы сатып алған екен. Жалпы Египет тарапынан қазақстандық астыққа сұраныс әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты туындап отыр. Былтырдан бері астық жеткізу тізбегіндегі іркіліс, бағаның құбылуы және Ресей-Украина қақтығысы салдарынан Египет балама елдерден…
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді және аталған ұйымды өңірдегі экологиялық сипаттағы мәселелерді шешудің, трансшекаралық су пайдаланудың ұтымды әрі өзара тиімді құралдарының бірі ретінде қарастырады. Кездесуде Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі бірлескен шаралар, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында айтқан бастамалары шеңберінде талқыланды. Олжас Бектенов өз сөзінде ХАҚҚ-ға қатысушы мемлекеттердің басшылары энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін…
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова пара алғаны үшін жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкімді естіген сәтте жылап жіберген шенеуніктің қолына сот залында-ақ кісен салынды. Тергеу материалында Сәдуақасованың «Дәнекер» және «АзияСтройПроект777» серіктестігінен ақша бопсалағаны айтылған. «Дәнекер» компаниясы Көпмола, Жылан және Кеңдала ауылындағы су құбырын жаңартуға 1,9 миллиард теңгенің жобасын жүргізген. Осы жоба бойынша атқарылған жұмыс актісіне кедергісіз қол қою үшін Сәдуақасова серіктестік басшысынан ақша сұраған. Ал екінші компаниядан сегіз миллион теңгеден астам пара талап еткен. Компания өкілдері сотта амалсыздан ақша бергенін айтып, шағымданды. Бірақ Сәдуақасова кінәсін мойындамады. Ол аудан әкімі Жанболат Жидехановтың өзін жемқорлыққа…
Атырау облысында экономикалық саясатты түсіндіруге арналған кездесу өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, қаржы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінен өкілдер мен кәсіпкерлер қатысты. – Экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – тұрақты өсімді қамтамасыз ету, бизнеске қолайлы орта қалыптастыру және халықтың өмір сапасын арттыру. Осы бағытта мемлекет салық және қаржы механизмдерін жетілдіріп, әлеуметтік әділдік пен кәсіпкерлерге қолдауға басымдық бере отырып, тариф саясатына жаңалықтар енгізуде, – деді Энергетика вице-министрі С. Жаркешов. Кездесуде жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді: дифференциалды және прогрессивті мөлшерлемелер енгізіледі, қосылған…
Павел Дуровтың Көлсайда суға түсіп, заң бұзуы туристік тартымдылық пен тәртіп, жауапкершілік қатар жүрмесе, елдің абыройы да, экономикалық пайда жоқ екенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Елді елең еткізген екі дау Соңғы апталарда елімізде өткен форумдар төңірегіндегі әңгіме жұрттың жүйкесін жұқартты. Бірі сән мен даңқтың ортасында өткен BeWoman форумы болса, екіншісі цифрлық дәуірдің дамуына арналған Digital Bridge 2025 жиыны. Бір қарағанда екеуі де әртүрлі бағыттағы шаралар. Бірақ елдің есінде форумда айтылған мазмұнды әңгіме емес, оның айналасындағы дақпырт пен дау ғана қалғандай… Біріншісінде ресейлік насихатшылардың сахнаға шығуы халықтың ашуын тудырса, екіншісінде Павел Дуровтың Көлсайда шомылған суреті әлеуметтік желіні шулатты. Павел Дуровтың Қазақстанға…










