Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті. Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімі турнирдің ашылуымен құттықтап, спорт саласына қатысты облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Бүгін өңірде спортсүйер депутаттардың қатысуымен үлкен жарыс өтіп жатыр. Аудан, қалалардағы мәслихаттардан мықты командалар келіп, кіші футбол бәсекесінде шын мықтыны анықтауда. Бұл – тек спорттық дода ғана емес, бірлікті нығайтатын, салауатты өмір салтын дәріптейтін маңызды іс-шара. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз…
Автор: Асылхан Бөрібай
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескенде «Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Ортақ ірі жобаларымыз жүзеге асырылып жатыр», – деп айтқан болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысының тарсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында қытай кәсіпкерлерімен 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Көрші елдің инвесторлары энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты бірқатар маңызды салаларға жалпы құны 134 миллиард теңгеден астам қаржы салуға ниетті. Бұл бағытта екі жақты нақты келісім бар. Енді санаулы күндерден кейін екі зауыттың құрылысы басталады. Оған қажетті құрал-жабдық тиелген контейнерлердің алғашқы легі Қытайдың Вэйфан қаласынан елімізге қарай жөнелтілді. Алдымен индустриалды аймақта қуаты 34 мегаватт болатын газ…
Биыл Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының құрылғанына 25 жыл. Мәдениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті шаңырақтың меретойына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтап, жаңа 50 орындық заманауи автобустың кілтін табыстады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Сіздерді Райымбек Сейтметов атындағы театрдың 25 жылдық мерейтойымен шын жүрекпен құттықтаймын! Түркістан руханияты үшін Райымбек Ноғайбайұлының сіңірген еңбегі зор. 1995 жылы туған топырағы Түркістанға келіп шәкірт тәрбиеледі, осы драма театрының негізін қалады. Қарашаңырақтың мерейтойы театр маусымының ашылуына тұспа-тұс келіп отыр. Биыл Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл руханият саласындағы жұмыстардың…
ҚР Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті Қызылордаға келіп, облыс әкімдігінде көшпелі отырыс өткізді. Жиында жаңартылған заңнамаға сай бюджет процесін қалай жүргізу керектігі талқыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан талаптарды алға тартып, бюджет қаржысын әр тиынына дейін бақылаудың маңызын атап өтті. Соңғы жылдары Қызылордада артық шығынға жол бермеу жұмысы күшейіп, 100 миллиард теңгеге жуық қаржы үнемделген. Бұл – құр сөз емес, нақты есеп. Оның ішінде білім саласынан 58 миллиард, «Арт спорт» бағдарламасынан 13 миллиард, әлеуметтік қорғаудан 8 миллиард қаржы қазынада қалып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қоғам мүддесіне жұмсалатын қаражаттың сапалы игерілуі Жолдауда жиі айтылатын басым бағыттың…
Абай облысы әкімі Берік Уәли «Елімай-М» футбол командасын қабылдады. «Елімай-М» биылғы маусымда екінші лиганың Солтүстік-шығыс конференциясында табысты өнер көрсетіп, 37 ұпаймен үздік үштікке енді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы команда ойыншылары мен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап, алдағы ойындарына табыс тіледі. – Бар болғаны екі маусым қатарынан екінші лигада ойнап, үздік үштікке ену – қажырлы еңбектің, нағыз табандылық пен шынайы командалық рухтың нәтижесі. «Елімай-М» – төменгі лигада Абай облысының намысын қорғап жүрген мақтанышымыз! Команданың толығымен жергілікті жастардан жасақталуы және бапкерлер құрамының өз өңіріміздің мамандарынан құралуы бұл Семей футбол мектебінің әлеуетінің зор екенін көрсетеді.…
Абай облысының шалғай ауылдарына медициналық қызмет жанданып, Бесқарағай ауданындағы Қоянбай, Қара-Мырза және Долон ауылдарында жаңа медициналық пункттердің ашылды. Денсаулық сақтау саласы сөзден гөрі іс талап ететін сала екенін бәріміз түсінеміз. Ауылда ауруды ерте анықтап, дер кезінде ем көрсетудің өзі талай отбасының тағдырын жеңілдетері анық. Сол себепті мұндай нысандардың ашылуы аймақтың әлеуметтік саясатының ауылы алыстап тұрған жұртқа бет бұрғанын аңғартады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қоянбай Ресеймен шекаралық аймақта орналасқан елді мекен. Мұнда төрт жүзге жуық тұрғын бар. Қара-Мырзада үш жүзден аса, Долонда үш жарым жүзге жуық адам өмір сүріп жатыр. Үш ауылдың да…
Алматы әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғаларына қаладағы даулы құрылыстарға қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы премьер Олжас Бектенов депутаттар сауалына берген жауабында мәлімдеді. «Алматы әкімдігінің құрылыс сапасын қадағалайтын жауапты мекемелеріне қатысты тексеру тағайындалды. Биыл төртінші тоқсанға жоспарланған кешенді тексеріс аясында құрылыс нысандарына берілген рұқсат құжаттардың заңдылығы толық зерттеледі», – деді үкімет басшысы. Соңғы бес жыл бедерінде Алматы әкімдігі RAMS Kazakhstan құрылыс компаниясымен алысып келеді. Атап айтқанда, компания салған NEF Uptown, RAMS City, Rams Garden, RAMS Evo және Signature тұрғын үй кешенінің барлығынан дерлік заң бұзушылық анықталған. «NEF Uptown» кешені бойынша тапсырыс беруші мен құрылысшыға (мердігерге) кемшілікті жою туралы талап…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен «Орталық Азия — Ресей» саммитінде Кремль Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. «Әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңге қарамастан, Ресей Қазақстанның одақтасы әрі стратегиялық серіктесі болып қала береді», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Ресей мен Орталық Азия арасындағы сауда айналымы 2024 жылы 20 пайызға артып, $50 млрд-тан асқан. Оның жартысынан көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда үлесі, былтыр ол $28 млрд-қа жетті. Ресей Қазақстан экономикасына $26 млрд-тан аса инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың қатарына енген. «2030 жылға дейін Қызылордадан Ресей шекарасына дейінгі автожолды төрт жолаққа дейін кеңейтеміз. Ресей және Түрікменстанмен бірлесіп, «Солтүстік –…
Путин мен Әлиев Душанбіде биылдыққа алғаш рет көзбе-көз кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia. Кремль көсемі әңгіменің әлқиссасын былтыр желтоқсанда апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL ұшағына қатысты мәселені мойындаудан бастады. Мәскеу осы күнге дейін бұған қатысы барын жоққа шығарып келген. Еске салсақ, өткен жылдың соңында Әзербайжан әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған ұшағы Ақтау маңында құлаған. Салдарынан 38 адам қаза тапқан. Баку әу бастан ұшақтың сыртқы әсерден апатқа ұшырағанын айтса да, Кремль әдепкі әдетіне салып, кінәні Киевке аударған еді. Бұған шамданған Әлиев мәселені халықаралық сотқа шығаратынын мәлімдеген болатын. «Ұшақтың корпусы оқ пен жарықшақ іздеріне толы. Жолаушылардың екеуі жарықшақтан жараланды. Бұған украиналық дрон себепкер…
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Өнер музейін тамашалады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап қойылған музей экспозициясымен танысты. Музейде сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған аспаптарға ерекше назар аударылған. Атап айтсақ, желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық және басқа да көне аспаптар бар. Барлық экспонатты музей қызметкерлері қолдан жасаған. Сонымен қатар, көпшілікке ұлттық киімдер залы мен мекеменің шеберханасы көрсетілді. Аида Балаева Қазақстанда көне ұлттық музыкалық аспаптар, әшекей бұйымдар мен киімдерді қалпына келтіре алатын шеберлердің жетіспеушілігі туралы сөз қозғады. Министрдің айтуынша, Астанада осындай музейдің ашылуы ұлттық мәдениет пен қолөнерді насихаттауға зор үлес қосады. –…










