Автор: editor

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді. Заңсыз су пайдалану фактілерінің анықталуына және бақылау шараларының күшеюіне байланысты көлеңкелі нарықпен күресте алғашқы нақты нәтижелер байқалуда,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді. Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен…

Толық оқу

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс басшысы ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, мерейтойлық медальдар және Қонаев қаласынан жаңа жайлы пәтерлердің кілттерін табыстады. Айта кетейік, облыстағы барлық Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілген болатын. Марат Сұлтанғазиев соғыс жылдарындағы ерліктері үшін шын жүректен алғысын айтып, ардагерлерге қамқорлық көрсету — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған, ерлік көрсеткен жандардың есімі ел жадында мәңгі сақталады. Сіздердің жеңіске қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Біз әрқашан Сіздерді…

Толық оқу

Жаһандану жағдайында Шығыс Қазақстан облысы халықаралық әріптестікті белсенді дамытып, әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторлар үшін тартымды алаңға айналуда. Өңір Аустрия, Беларусь, Израиль, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея және Өзбекстан сияқты елдермен ынтымақтастық туралы келісімдер мен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойды. Әріптестік аясында экономика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм және өнеркәсіп сияқты салалар қамтылған,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін облыста инвесторлармен өзара әрекеттесу процесін жеңілдететін «бір терезе» қағидаты енгізілді. Ұлттық жобалар пулына жалпы құны 875,4 млрд теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба енгізілген. Олардың жетеуі шетелдік компаниялардың қатысуымен іске асырылуда. Бұл халықаралық бастамалардың жалпы құны — 346 млрд теңге, ал іске…

Толық оқу

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы еліміздегі ер педагогтердің статистикасын ұсынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді. Олардың ішінде 14 055-і колледждерде, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет етеді», — делінген хабарламада.

Толық оқу

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (КИСИ) жүргізген ауқымды сауалнама нәтижесі осылай дейді деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу қорытындысына сай, респонденттердің 76,4%-ы Президентке және мемлекеттік саясатқа сенетінін айтқан. Бұл көрсеткіш әсіресе жастар мен әйелдер арасында жоғары: жастардың 84,6%-ы, әйелдердің 78,1%-ы Тоқаевқа оң көзқараста. Ер адамдар арасындағы сенім деңгейі сәл төмендеу – 74,5%. Сауалнамаға қатысқандардың 73,3%-ы Қазақстанның даму бағыты дұрыс деп есептейді. Ал елдің алдағы бес жылдағы болашағын оң бағалағандар саны 60,8%-ды құрады. Бұл ретте, әйелдер ерлерге қарағанда анағұрлым оптимист: әйелдердің 75,3%-ы, ерлердің 71,1%-ы елдің болашағына сеніммен қарайды. Мемлекеттік бастамаларға ерекше қолдау танытқан тағы да – жастар (82%). Халықтың әлеуметтік көңіл-күйін көрсететін тағы бір…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан 2025 жылға дейін Ұлттық жоба аясында 8100 оқушыға арналған тоғыз жайлы мектептің құрылысы жүзеге асырылып жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жоба оқу жағдайын жақсартуға, оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және білім беру инфрақұрылымының жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған. «Жайлы мектеп – бұл жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл қауіпсіздік, қолжетімділік және жабдықталу бойынша заманауи талаптарға сай келетін оқу кеңістігі. Әрбір мұндай нысан өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып жобаланады. Мұнда кең сынып бөлмелері, зертханалар, спорт залдары, асханалар, заманауи санитарлық тораптар мен балаларға арналған демалыс аймақтары қарастырылған. Міндетті түрде мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктері ескеріледі: пандустар, лифтілер, бейімделген санитарлық тораптар мен навигациялық…

Толық оқу

Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің кемшіліктері күн өткен сайын анық байқалуда. Осыған орай, 30 сәуірде Мәжілісте медициналық сақтандыруға қатысты заң жобасы алғашқы оқылымда мақұлданғанымен, депутаттар бұл саладағы түйткілдерді ашық сынап, тың ұсыныс жасады деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазіргі жүйенің басты кемшілігі – медициналық қызметке бөлінетін қаржыны тарату мен бақылаудың тек мемлекеттік мекемелердің қолында шоғырланып қалғанын айтады. Мұндай жағдай сапасыз медициналық қызмет пен қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол ашып отыр. Депутат бұл мәселені шешудің жолы ретінде сақтандыру жарналарының бір бөлігін азаматтардың жеке таңдауымен жеке сақтандыру қорларына аударуға рұқсат етуді ұсынады. «Менің ұсынысым – жұмыс беруші немесе қызметкердің…

Толық оқу

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында тағылымды шара өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлының шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған шайқаста сол қолынан жараланып, емге жіберіледі. Осылайша елге ІІ-топтағы мүгедек болып оралған. Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің ерліктерін айтып, батасын берді. Бүгінде 101 жасты еңсерген қария 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85…

Толық оқу

Түркістан қаласында «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты фотокөрмесі өтті. Шараға келген қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи жәдігерлерді көріп, ерлік пен отансүйгіштікке толы шежірелі кезеңдермен танысты. Көрменің мақсаты – ел үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігін насихаттау және жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру. Шараға ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің сарбаздары, қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №26 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты. Айта кетейік Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған.…

Толық оқу

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі Батырлар аллеясында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты іс-шара өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның мақсаты – патриотизмді нығайту, тарихи шындықты сақтау және Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін жас ұрпаққа жеткізу. Шара басталар алдында Қасым Қайсеновке арналған мурал ашылып, Батырлар аллеясының алаңында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Бұл сәт рухани бірлік пен ризашылықтың ерекше атмосферасын қалыптастырды. Салтанатты рәсім Мемлекеттік Гимннің орындалуымен және ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың құттықтау сөзімен ашылды. «Мемориалдық стелла Ұлы Отан соғысы мен Ауған…

Толық оқу