Қазақстандық Forbes елдегі ең ықпалды бизнесмендердің дәстүрлі тізімін түзді. Биыл он бесінші рет дайындалған рейтингте әмиянның қалыңдығынан бөлек, бизнестің қоғамдық белсенділігі де назарға алынған, деп хабарлайды Ertenmedia. Рейтинг авторларының айтуынша, Қазақстандағы ірі бизнесмендер Қаңтардан кейін қаржылық саладан бөлек, өнер, спорт пен әлеуметтік жобаларға да араласып, қоғамға ықпал етуші күшке айналған. 2025 жыл бірнеше тың әрі маңызды бастамаларымен есте қалған жыл болды. Мысалы, Astana Motors-тың негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Алматыда елдегі алғашқы заманауи өнер музейі Almaty Museum of Arts орталығын ашты. Рейтингке қайта оралған бизнесмен Қайрат Боранбаев елордада заманауи мәдениетті насихаттайтын «Целинный» орталығын іске қосып, оның иелігіндегі «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының…
Автор: Асылхан Бөрібай
Маңғыстау облысында өткен аппараттық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жобалардың барысы талқыланды. Кеңеске облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай төрағалық етіп, басты назарды «Ауыл аманаты» мен «Жасыл даму» бағдарламаларына аударды. Екі бастама да қағаз жүзінде ғана емес, нақты жобалар мен көрсеткіштер арқылы бағаланатыны айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, «Ауыл аманаты» аясында Ақтау, Жаңаөзен және аудандарда ауыл шаруашылығына бағытталған 49 кооператив құру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 12 кооперативтің құжаттары дайын. Егіншілік, мал шаруашылығы, қайта өңдеу және балық шаруашылығы негізгі төрт бағыт. Бұл бағыттардың әрқайсысы ауыл халқының табысын өсіруге, жергілікті өндірісті дамытуға негіз бола алады. Жобаға…
Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылы он жылдан астам уақыт карьер шаңы мен дүмпу зардабын тартып келеді. Ауыл іргесіндегі қиыршық тас өндіретін кәсіпорындар күн сайын тау жарып, шаң көтереді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйлердің қабырғалары жарылып, терезелер шытынап жатыр. Шаңнан демі тарылғандар артқан, әсіресе балалар мен қарттардың аллергия мен демікпеге шалдығуы жиілеген, деп жазады Ertenmedia.kz. Шетпеде тұратын Сәрсенбек Қуанбаев: «Тау жарылғанда жер сілкінгендей болады. Үйімді темірмен құрсауға тура келді», – дейді. Ал Қайрат Еділханов өз отбасының жағдайын мысалға келтірді: «Ақтауға барсақ ауру жоғалады, ауылға келсек қайта басталады. Бұл карьердің зияны жыл санап күшейіп жатыр» дейді. Қиыршық тас тиеген ауыр жүк көліктері ауыл ішімен…
Түркістан облысында бір аптаның ішінде 200-ден астам тазалық акциясы ұйымдастырылып, елді мекендерден 177 тонна қоқыс шығарылған. Бұл – «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасының өңірде жүйелі түрде іске асып жатқанын көрсететін айқын дәлел. Тек өткен аптада облыстың барлық аудан мен қалаларында 57 мыңнан астам тұрғын экологиялық акцияларға қатысып, өз ауласын, көшесін, өзен жағалауларын тазартуға атсалысқан, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппараттық мәжілісте «Таза Қазақстан» бағдарламасының барысы жеке қаралды. Әкімнің айтуынша, экологиялық мәдениет – тек бір реттік сенбіліктермен шектелмеуі тиіс. Тазалық – жүйелі әдетке, күнделікті өмір салтына айналуы…
Алматыда биылғы жылыту маусымы ертерек басталатын болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қазан айының алғашқы күндері оңтүстік астана тұрғындарын жылы қабақпен қарсы ала қоймады. 6 қазанда алматылықтар төтенше жағдайлар қызметінен «аяз болады, ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді» деген ескерту алды. Осыған орай қала әкімдігі жылыту маусымын жеделдетіп бастау туралы шешім қабылдаған. Қала әкімінің БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ілзат Ақчуриннің айтуынша, 8 қазаннан бастап балабақша, мектеп пен ауруханалар секілді әлеуметтік нысандар жылуға қосылады. Ал тұрғын үйлер 10 қазаннан бастап біртіндеп жылытыла бастайды. «Шешім ауа райының күрт салқындауына байланысты қабылданды. Жалпы Алматы жылыту маусымына толық дайын. Қаладағы жылу қызметінің мамандары қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған»,…
Атыраулық блогер Құралай Болатова өзі сенген адамдардың қолынан алаяқтық пен күш көрсетудің құрбаны болғанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia. Құралайдың сөзінше, бәрі танысы Айдана Ақмұрзиевадан басталған. Ол Құралайға «Ыстамбұлға тур ұйымдастырып жатырмын, парақшаңа жарнама жасап берші» деп өтініш жасаған екен. Таныс-біліс адам болған соң, Құралай оған сеніп, желідегі парақшасына әлгі жарнаманы жариялап берген. Стористі көрген блогердің оқырмандары тур жайлы сұрап, Айдананың есеп-шотына ақша жолдай бастаған. Сапарға қызығушылық танытқан Құралайдың өзі де Түркияға бармақ болып, Айданаға алдын ала 100 мың теңге аударған. Алайда жеме-жемге келгенде асыға күткен тур да, билет те болмай шыққан. Айдана ақшаны «Әсем» деген адамға аударып…
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕАЭО елдері үшін жанармай өнімдерін сырттан әкелуге салынатын баж салығын 2026 жылдың маусым айына дейін алып тастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Еуразия кеңістігінде мұнай өнімдерінің ағынын түбегейлі өзгеруі мүмкін Мұның астарында үлкен саяси және өндірістік есеп жатыр. ЕЭК ресми түрде мұны «маусымдық сұраныстың артуына және өндірістің уақытша төмендеуіне байланысты нарықтағы тепе-теңдікті сақтау» мақсатымен түсіндірген болды. Алайда, бұл шешім Еуразия кеңістігінде мұнай өнімдерінің ағынын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бір қарағанда, бұл жаңалық ЕАЭО елдеріндегі автокөлік жүргізушілер мен тұтынушылар үшін тиімді көрінеді. Арзан импорттың арқасында бензин мен дизель бағасы тұрақтануы мүмкін. Бірақ мұның екінші жағы бар – бұл жеңілдіктен ең…
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту, заманауи агрохабтар мен логистикалық орталықтар құрудың стратегиялық маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгін Алматы облысында осы міндеттердің нақты іске асуына айқын үлгі болған маңызды оқиға орын алды – Focus Logistics (BAZIS компаниялар тобы) компаниясының «Focus Aksengir» логистикалық паркі ашылды. Жобаға жалпы инвестиция көлемі 70 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 2024 жылы 13 млрд теңге игерілді. Бірінші кезекте Ozon компаниясы үшін 40 775 шаршы метрді қамтитын заманауи фулфилмент-орталық салынды. Бұл бағытта оффтейк-келісім жасалған. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа парк өңірдің экономикалық өсуіне серпін беретініне назар аударды: – Алматы облысы өзінің географиялық…
Алматы облысында туристік ағымның рекордтық өсімі тіркелді. 2025 жылы өңірге 2,5 миллионнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 40%-ға көп, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Демалушылар арасында ең танымал бағыттардың бірі дәстүрлі түрде Қапшағай су қоймасы болып отыр: биылғы жазда мұнда шамамен 1 миллион 800 мың турист тынықты. Қалғандары өңірдің табиғи інжу-маржандарын Көлсай көлдері, Шарын шатқалы және Іле-Алатау ұлттық саябағын таңдады. Алматы облысы туризм саласында жоғары әлеуеті бар аймақтардың бірі ретінде өз мәртебесін тұрақты түрде сақтап келеді. Мұнда туристік ағым маусымға қарамастан бәсеңдемейді. Биыл шетелдік туристер саны 12%-ға, ал ішкі туризм 25%-ға…
Қоғамда үлкен дау тудырған Be Woman форумы айналасындағы пікірталас елдегі жаңа әлеуметтік құбылыстың айқын көрінісі. Осы форумға қатысты белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанда пікір білдірді. Ол байлықты билікке жақын тұрып жинаған кейбір топтар бүгінде, абыройын «тазартудың» қамына кірісіп кеткенін алға тартты. – Бір кезде саясатқа сүйеніп, мемлекеттің арқасында мол табыс тапқан тұлғалар енді халықтың сенімін қайтаруға тырысып, қайырымдылық шараларын, форумдар мен түрлі жобаларды ұйымдастыруға көшті. Бірақ халықтың көзі ашық, санасы сергек. Ақшамен абырой сатып алу мүмкін емес екенін жұрт жақсы түсінеді, – деді Тайжан. Be Woman секілді форумының айналасында қалыптасқан жағымсыз реакция да осы шынайы қоғамдық сезімнің көрінісі. Бүгінде халық…










