Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Абай облысының шалғай ауылдарына медициналық қызмет жанданып, Бесқарағай ауданындағы Қоянбай, Қара-Мырза және Долон ауылдарында жаңа медициналық пункттердің ашылды. Денсаулық сақтау саласы сөзден гөрі іс талап ететін сала екенін бәріміз түсінеміз. Ауылда ауруды ерте анықтап, дер кезінде ем көрсетудің өзі талай отбасының тағдырын жеңілдетері анық. Сол себепті мұндай нысандардың ашылуы аймақтың әлеуметтік саясатының ауылы алыстап тұрған жұртқа бет бұрғанын аңғартады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Қоянбай Ресеймен шекаралық аймақта орналасқан елді мекен. Мұнда төрт жүзге жуық тұрғын бар. Қара-Мырзада үш жүзден аса, Долонда үш жарым жүзге жуық адам өмір сүріп жатыр. Үш ауылдың да…

Толық оқу

Алматы әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғаларына қаладағы даулы құрылыстарға қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы премьер Олжас Бектенов депутаттар сауалына берген жауабында мәлімдеді. «Алматы әкімдігінің құрылыс сапасын қадағалайтын жауапты мекемелеріне қатысты тексеру тағайындалды. Биыл төртінші тоқсанға жоспарланған кешенді тексеріс аясында құрылыс нысандарына берілген рұқсат құжаттардың заңдылығы толық зерттеледі», – деді үкімет басшысы. Соңғы бес жыл бедерінде Алматы әкімдігі RAMS Kazakhstan құрылыс компаниясымен алысып келеді. Атап айтқанда, компания салған NEF Uptown, RAMS City, Rams Garden, RAMS Evo және Signature тұрғын үй кешенінің барлығынан дерлік заң бұзушылық анықталған. «NEF Uptown» кешені бойынша тапсырыс беруші мен құрылысшыға (мердігерге) кемшілікті жою туралы талап…

Толық оқу
Тоқаев Путин

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен «Орталық Азия — Ресей» саммитінде Кремль Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. «Әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңге қарамастан, Ресей Қазақстанның одақтасы әрі стратегиялық серіктесі болып қала береді», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Ресей мен Орталық Азия арасындағы сауда айналымы 2024 жылы 20 пайызға артып, $50 млрд-тан асқан. Оның жартысынан көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда үлесі, былтыр ол $28 млрд-қа жетті. Ресей Қазақстан экономикасына $26 млрд-тан аса инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың қатарына енген. «2030 жылға дейін Қызылордадан Ресей шекарасына дейінгі автожолды төрт жолаққа дейін кеңейтеміз. Ресей және Түрікменстанмен бірлесіп, «Солтүстік –…

Толық оқу
кешірім Путин

Путин мен Әлиев Душанбіде биылдыққа алғаш рет көзбе-көз кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia. Кремль көсемі әңгіменің әлқиссасын былтыр желтоқсанда апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL ұшағына қатысты мәселені мойындаудан бастады. Мәскеу осы күнге дейін бұған қатысы барын жоққа шығарып келген. Еске салсақ, өткен жылдың соңында Әзербайжан әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған ұшағы Ақтау маңында құлаған. Салдарынан 38 адам қаза тапқан. Баку әу бастан ұшақтың сыртқы әсерден апатқа ұшырағанын айтса да, Кремль әдепкі әдетіне салып, кінәні Киевке аударған еді. Бұған шамданған Әлиев мәселені халықаралық сотқа шығаратынын мәлімдеген болатын. «Ұшақтың корпусы оқ пен жарықшақ іздеріне толы. Жолаушылардың екеуі жарықшақтан жараланды. Бұған украиналық дрон себепкер…

Толық оқу

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Өнер музейін тамашалады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап қойылған музей экспозициясымен танысты. Музейде сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған аспаптарға ерекше назар аударылған. Атап айтсақ, желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық және басқа да көне аспаптар бар. Барлық экспонатты музей қызметкерлері қолдан жасаған. Сонымен қатар, көпшілікке ұлттық киімдер залы мен мекеменің шеберханасы көрсетілді. Аида Балаева Қазақстанда көне ұлттық музыкалық аспаптар, әшекей бұйымдар мен киімдерді қалпына келтіре алатын шеберлердің жетіспеушілігі туралы сөз қозғады. Министрдің айтуынша, Астанада осындай музейдің ашылуы ұлттық мәдениет пен қолөнерді насихаттауға зор үлес қосады. –…

Толық оқу

Бүгін Шардарада армрестлингтен әлем кубогының иегері, Азия және Қазақстан чемпионы Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табыс етілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты жағдайда чемпионға ұсына отырып, спортшының елімізді халықаралық деңгейде танытудағы еңбегін жоғары бағалады. – Самат Мұқасан мақсаткерліктің, еңбекқорлықтың және елге деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Осындай спортшылардың арқасында Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройы асқақтай түсуде. Бұл марапат Саматтың табанды еңбегіне берілген лайықты баға әрі жастарға айқын өнеге, – деді аудан әкімі Арман Қарсыбаев. Чемпионға берілген жаңа баспана – тек оның жетістігінің нәтижесі ғана емес, болашақта ел намысын қорғайтын спортшыларға…

Толық оқу

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазыбек Аққайыр әйел адамды тепкіге жыққаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Сот шенеунікке 314 560 теңге айыппұл салды. Orda-ның мәліметінше сот процесі кезінде үйлі-баранды, ақарлы-шақарлы әкім жұмыс орнындағы әріптесімен әмпей-жәмпей болғанын жоққа шығармапты. Алайда көңілдесіне қол көтергенін мойындамаған. «Отбасымның алдында-ақ жазамды тартып отырмын» деген уәж айтқан екен. Оқиға Жаңа жыл қарсаңында шенеуніктің кабинетінде болған. Әкім мен оның көңілдесінің арасында жанжал шығып, Аққайыр әйелдің алқымынан алып, бірнеше рет төмпештеп жіберген. Соттағы соңғы сөзінде әкім болған іске өкініш білдіріп, тіпті президент Тоқаевтың сөзін мысалға келтірді: «Президент кей әйелдердің айқай шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзатынын айтқан еді.…

Толық оқу

Сенатта Қазақстан мен Катар арасындағы еңбек келісімі таныстырылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Құжаттың мән-жайын депутат Руслан Рүстемов баяндады. Депутаттың айтуынша, келісім Катарда еңбек ететін қазақтардың құқықтық әрі әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс беруші тарапынан бірқатар міндеттеме қарастырылған. Атап айтқанда, қазақстандық жұмысшыға тұрғын үй немесе тиісті өтемақы ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс орнына барып-қайту үшін тегін көлік немесе көлік шығынын жолкіресі беріледі. Медициналық қызмет те Катар заңнамасына сәйкес көрсетіледі. Жұмысқа орналасу және еңбек шарты аяқталғаннан кейін елге оралу шығыны, жыл сайынғы еңбек демалысына барып келу шығыны да жұмыс берушінің мойнында. Келісім бойынша, катарлық жұмыс беруші екі жағдайда ғана міндеттемеден босатылады. Біріншісі жұмысшы шарт…

Толық оқу

Қазақстанда қаржы, банк секторына мемлекеттік қолдаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Енді ірі банктерді бюджет есебінен құтқару ең соңғы әрі ерекше жағдайда ғана іске асырылатын шара болады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Алматыда өткен дөңгелек үстелде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев айтты. Оның сөзінше, мемлекет банктердің міндеттемесін орындауына араласқанда ең алдымен акционерлер мен кредиторлар жауапкершілігі қарастырылады. Жаңа заң жобасының 94-бабы бойынша, мемлекеттік қолдау банктің қаржылық тұрақтылығына қауіп төніп, өзге жеке ресурстары таусылған кезде ғана қолданылады. «Мемлекеттің араласуы ақырғы қадам, банк жүйесінің тұрақтылығына нақты қауіп төніп, басқа тетіктер нәтиже бермеген кезде ғана мүмкін болады. Мұндағы мақсаты жүйелік маңызы…

Толық оқу
Әсет Қалиев пен кәсіпкер Инессә Мұтырғанова

Батыс Қазақстан медицина университетінің бұрынғы ректоры Әсет Қалиев пен кәсіпкер Инессә Мұтырғанова пара ісі бойынша сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia. 2022 жылдың күзінде ректор қызметіне тағайындалған Қалиев көп ұзамай ескі танысы, кәсіпкер Инессә Мұтырғанованы тауып алады. Қалиевтің ұсынысы бойынша университет жанынан онко науқастарды оңалту бөлімшесін ашу жоспарланған. Бұған Samruk-Kazyna Trust қорынан ақша алынуы тиіс болған. Ректор қордан ақша суырудың схемасын алдын ала ойластырған. Мұтырғанова өзіне бағынышты компаниялар атынан мед.жабдықтар туралы коммерциялық ұсынысты Қалиевке жолдайды. Кейін дәл осы компаниялар бөлінген ақшаны игеруге арналған тендерді ұтып алады деп келісілген. Көп ұзамай жоспар іске асады. Қор университетке 250 миллион теңгеге жуық қаржы…

Толық оқу