Қазақстанда шағын бизнес үшін салық декларациясын автоматты түрде алдын ала толтыру жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов үкіметтегі баспасөз мәслихатында жаңа жүйенің артықшылығын түсіндірді. Жаңартылған Салық кодексі аясында туар жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін декларацияның алдын ала толтырылған үлгілері қолжетімді болады. Әзірге пилоттық нұсқада іске қосылатын жоба алдағы уақытта барлық бизнес өкілдерін қамтуы мүмкін. «Автоматты декларация кәсіпкерлердің қалауы емес, уақыт талабы. Цифрлық технология барлық салаға енді. Жаңа Салық кодексі бойынша шағын бизнеске келесі жылдан бастап алдын ала толтырылған декларациялар ұсынылады. Кейінірек аясы кеңейтіледі», – деді вице-министр. Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін салық органдарына есептік құжат мен ішкі…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалардың мобильді аударымын бақылау тәртібі қандай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, аударымға салықтық бақылау тек 3 нақты критерий бір мезгілде орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Атап айтқанда, жеке тұлғаның шотына 3 ай қатарынан 100-ден аса адамнан аударым түсуі және жалпы сомасы 1 млн теңгеден асуы тиіс. Осы үш талап қатар орындалған жағдайда ғана екінші деңгейлі банктер ақпаратты Мемлекеттік кірістер органдарына жөнелтеді. «Банктер салықтық бақылау мақсатында осындай деректерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Бірақ жеке тұлғаның шотын ешкім автоматты түрде бұғаттамайды. Кірістер органдары хабарлама жіберіп, мән-жайды анықтайды. Мысалы, ол адам кәсіпкерлікпен айналыса ма, әлде қайырымдылық шарасы…
Қазақстанда инфляцияны тежеу үшін әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерінің тізімі кеңейтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің 17 желтоқсандағы отырысында премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Үкімет басшысының айтуынша, соңғы екі айда елдегі инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендегенімен, өңірлерде азық-түлік бағасының шарықтауынан кері динамика байқалып отыр. «Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізімін жедел әзірлеп, бекітуі керек. Мұндай шара өнімдердің басым бөлігінің бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Әсіресе ет пен ет өнімдерінің қымбаттауы жалпы инфляцияға айтарлықтай қысым көрсетіп отыр. Осы ретте Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері және әкімдіктер бағаны тұрақтандыру бойынша арнайы жұмыс жүргізуі қажет», – деді премьер-министр. Олжас Бектенов елорда тәжірибесін…
«Середина» подкастында өзбекстандық экономист Юлий Юсупов Қазақстан мен Өзбекстанның өндірістік әлеуетін салыстырып, экспорт құрылымындағы айырманы атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, көрші елдің халқы екі есе көп болса да, Қазақстаннан сыртқа шығатын дайын өнім көлемі жоғары деңгейде сақталып отыр. Экономист экспорттағы айырма тек статистика үшін қажет дерек емес екенін, ол экономиканың қалай жұмыс істейтінін көрсететін айна екенін меңзеді. Юсупов Қазақстанда табиғи ресурс қоры мол екенін еске салды. Соның салдарынан экспортта шикізат үлесі де жоғары болып қалыптасқан. Дегенмен, осындай жағдайда да қазақстандық кәсіпорындар бірнеше бағытта дайын өнім шығарып, сыртқы нарыққа жеткізетінін тілге тиек еткен. Экономист «голланд дерті» ұғымын да атап…
KazTAG редакциясы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жеке компания өкілінің жазбаша өтініші негізінде басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өтініште редакция бірнеше рет көрінеу жалған ақпарат таратты, соның салдарынан компанияның іскерлік мүддесіне және беделіне елеулі зиян келді деген уәж айтылған. Құқық қорғау органы бас редактордың «тергеу басталғаны туралы кеш хабарланды» деген сөзін шындыққа сай келмейді деп отыр. Олардың түсіндіруінше, адамдар тергеу әрекеттеріне процессуалдық қажеттілік туған кезде ғана шақырылады. Алғашқы кезеңде тергеу жұмыстары арызданушы тараптың қатысуымен жүргізілген, бастапқы материалдар жиналған, тиісті сараптамалар тағайындалып, өткізілген. Процессуалдық және сараптамалық деректер алынғаннан кейін ғана тергеу құқықтық баға берілетін тұлғаларды сұрау кезеңіне өткен. Сонымен қатар бас редактор…
Алдағы күндері Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапар жасайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, сапар 18-20 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Күн тәртібіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен, Премьер министр Санаэ Такаичимен және елдің іскерлік орта өкілдерімен кездеседі. Мұндай форматта саясат пен экономика қатар жүреді, бір жағында дипломатиялық байланыс, екінші жағында нақты жобалар мен инвестиция жайы тұрады. Сапардың тағы бір өзегі бар. Президент «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады. Жапония және Орталық Азияның бес елі бір алаңда бас қосады. Мұндай кездесулер әдетте аймақтық қауіпсіздік, тұрақты экономикалық даму, инфрақұрылым, логистика, технология, сондай ақ ортақ бастамаларды ілгерілету сияқты…
Қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция 12,4%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің 17 желтоқсанда өткен жиынында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осындай деректі алға тартты. Инфляция қарқынының негізгі драйвері азық-түлік бағасының өсуі. Бұл бағытта баға бір жылда 13,4%-ға көтерілген. Бұған жаһандық нарықтағы жекелеген тауарлардың қымбаттауы мен ел ішіндегі өндірістік шығындардың артуы себеп. Қарашада азық-түліктік емес тауарлардың бағасы 11,2%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға өсті. Қазан-қараша айларында тарифтердің әкімшілік жолмен төмендетілуі инфляцияның қарқынын аздап тежегенімен, бұл фактордың әсері шектеулі. «Коммуналдық тарифтердің қайта көтерілуі мен жанармай нарығындағы бағаның ырықтандырылуы инфляциялық қысымды қайта күшейтті. Сонымен қатар ішкі тұтынудың белсенділігі, бюджеттік ынталандыру шаралары мен…
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды баяндап, негізгі көрсеткіштерді нақтылап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Есепті кезеңде облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 521,4 млрд теңгеге жеткен. Құрылыс жүрсе, жұмыс жүреді, сұраныс артады, өңірдің тынысы ашылады деген сөз. Әкімдіктің мәліметінше, мұнай-химия саласында жалпы құны 6,8 трлн теңге болатын 11 зәкірлі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар толық іске қосылғанда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Мұнайлы өңір үшін тек шикізатқа қарап отыру жеткіліксіз. Мұнайды терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығару – экономикадағы ең тиімді жолдың бірі. Сондықтан мұнай-химияға салынған әр теңге ертең…
Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережелерді 2025 жылдың 8 желтоқсанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы арнайы бұйрығымен бекітті. Аталған нормалар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді іріктеудің жаңа тәртібі бойынша, корпус «Б» санатына ішкі конкурстардың өткізілу тәртібі, сондай-ақ тестілеуден өту ережелері мен бағдарламалары бекітілді. Дегенмен, бұл ережелер уақытша сипатқа ие болып, 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін қолданыста болады. Осы күннен бастап конкурс пен тестілеудің жалпы талаптары күшіне енеді. Ішкі конкурстар вакантты немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды толтыру үшін тиісті мемлекеттік орган тарапынан ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысатын үміткерлердің Қазақстан…
СҚО-ның Тайынша қаласында жемшөпке жарамсыз сабаннан экологиялық құрылыс панельдерін өндіретін еліміздегі алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа технология экологиялық құрылыс жүргізуге, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба Қазақстандағы ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға және импортты алмастыру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Өндірістің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы мен Тайынша ауданының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, жоба инвесторлары, сондай-ақ білім және ғылым саласының мамандары қатысты. Тайыншада іске қосылған өндіріс – жемшөпке жарамсыз сабаннан экопанельдер мен престелген құрылыс плиталарын шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік желі. Бұл –…
