АҚШ президенті Дональд Трамп Уашингтонда Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізіп, Анкараның Ресей мұнайына тәуелділігін сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia. БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа келген Ердоғанды Ақ үй салтанатты түрде қарсы алды. Кездесудің басты тақырыбы Украинадағы соғыс пен энергетикалық қауіпсіздік мәселесі болды. Трамп журналистер алдында Ердоғанның Ресей мұнайынан бас тартуы қажеттігін ашық айтты. «Ол жасай алатын ең жақсы әрекет Кремльдің мұнайы мен газын сатып алуды доғару», – деді Трамп Ердоғанды меңзеп. Кейін журналистер Ердоған мұндай қадамға келісе ме деп сұрағанда, АҚШ президенті: «Мен бұған тікелей жауап бергім келмейді. Бірақ мен қаласам, ол бұл шешімді қабылдайды. Сіздер білесіздер…
Автор: Асылхан Бөрібай
Еліміздің сыртқы істер министрі болып бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia. Тоқаевтың Жарлығымен осы күнге дейін сыртқы істер министрі болып келген Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі лауазымына ауысты. Нұртілеу бұл қызметте бұған дейін Президенттің халықаралық мәселелер бойынша кеңесшісі Ержан Қазыханның орнын басқан секілді. Қазыхан өз кезегінде Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ермек Көшербаев бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстанның Ресейдегі және бірқатар елдердегі елшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде және ұлттық компанияларда жауапты лауазымдарда болған тәжірибелі…
Жетісу облысында тоғызыншы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан Ақсу ауданында да өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және қолдау мақсатында құрылған «Жанұя» орталықтары Жетісу өңірінің аудандары мен қалаларында 2023 жылдан бастап ашыла бастады. Олардың жұмысы қиын өмірлік жағдайға тап болған тұрғындарға тегін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек, дағдарысқа ұшыраған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Орталыққа жүгінгендерге білікті заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. – Біз бұл орталықтарды адамдардың игілігі, отбасымыздың болашағы…
Таяуда өткен біліктілік емтиханында Қазақстандағы судья болуға ниеттенген үміткерлердің 94 пайызы компьютерлік тесттен өте алмады. 87 үміткердің бесеуі ғана межеден асқан. Қалғаны экран алдында сүрініп, құқықтың күретамыры саналатын логика, заң нормаларын ажыратып тану, дәлдік пен жылдамдық талабына келгенде қатты сүрінгені мәлем болды. Көңілге қаяу түсіретін көрсеткіш. Тест барысында «бірдеңе шығарып алармын» дейтін жалқау әдет мұнда жүрмейді. Себебі судья адамның тағдырына әсер ететін шешім қабылдайды. Бір сөйлемің бір отбасының өмірін өзгертуі мүмкін. Сол үшін де талаптың қатайып, сүзгінің артуы орынды. Бұдан кейінгі кезеңдер – эссе, нақты кейстерді шешу, психологиялық тест. Эссеге келгенде заңгердің ойын қалай түйіндейтіні, аргументті қалай құратыны, өмірлік факті…
Украина қоғамында қазір «Монако батальоны» аталып кеткен бай-олигархтардың тағдыры қызу талқылануда. Әңгіме елдегі соғыс басталғанда Лазур жағалауына, Ницца мен Сен-Жан-Кап-Ферраға, тіпті Монакоға қоныс аударған 80-нен астам ықпалды украиналықтар туралы болып тұр. Олардың қатарында саясаткерлер де, оппозиция депутаттары да, қаржыгерлер мен бизнес элитасы да бар. Ең бастысы – бәрі де орасан зор байлықтың иелері, бірақ соғыс өрті тұтанғанда елде қалмай, жайлы өмірді таңдады. Президент Владимир Зеленский бұл мәселе жайында «Nice-Matin» басылымына берген сұхбатында өте сақ сөйлеп, заң мен мораль арасындағы айырмашылыққа ерекше назар аударды. – Егер заң бұзылған болса, тиісті адамдар жауапқа тартылуы тиіс. Ал моральдық тұрғыдан қарағанда, бәрін бірдей айыптауға…
Мақаншыда салынып жатқан құрама жем зауыты тек ауыл шаруашылығына арналған өндіріс орны тұтас аудан экономикасының тынысын кеңейтетін, жаңа дәуірге аяқ басатын нақты бастамалардың бірі. Абай облысы әкімі Берік Уәли осы өндіріс орнының жұмысымен танысып, шаруалармен тілдесті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зауыт толық қуатына шыққанда, жыл сайын 1000 тонна құрама жем, 1000 тонна бидай, 1000 тонна күнбағыс дәні өңделіп, одан бөлек 300 тонна майлы дақылдар мен күнбағыс майы өндірілмек. Мұның барлығы жай өндіріс процесі емес, ауылдың ішкі ресурсын іске қосып, сыртқа тәуелділікті азайтудың нақты амалы. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер үшін жем өндірісінің…
Түркістан қаласындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде облыс тұрғындарын қабылдау кестеге сай тұрақты өтіп келеді. Бұл жолы облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков азаматтардың өтініш-тілегін тыңдап, әрқайсысын нақты мәселесі бойынша жауапты басқармаларға жүктеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кәсіпкерлікке қолдау сұрағандардың ішінде 5 млн теңгелік мемлекеттік грантқа жете алмай жүргендер де бар. Құжат қабылдау жуық арада басталатыны айтылып, шешім комиссияда қабылданатыны түсіндірілді. Иә, қағида сондай: ашық конкурс, айқын критерий, тәуекелді жобаларға емес, өміршең бизнес-жоспарға басымдық. Бірақ әлеуметтік әділеттің салмағы – тек қағазда емес, нәтижеде. Сондықтан бұл процестің расымен ашықтығын күшейту керек: қатысушылар тізімі, бағалау ұпайлары, апелляция…
Алматыда қаржы пирамидасына байланысты атышулы істің шеті көріне бастады. Көп жыл бойы «Amir Capital» деп аталған халықаралық инвестициялық қордың ширығып өрбіген жұмысы ақыры қылмыстық іс ретінде тіркелді. Қаржылық мониторинг агенттігі қорға қатысты тергеу амалдарын бастады, ал сот шешімімен күдіктілердің 10 миллион доллардан астам криптоактивтері мен Алматы облысындағы бір жер телімі бұғатталған. Компания өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде көрсетіп, үш жыл бойы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан азаматтарын тартқан. Әдемі жарнаманың астында «ай сайын 5-10% табыс береміз» деген уәде тұрды. Жобаның басындағылар халыққа криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі инвестициялық жобаларға салымдар туралы сенімді әңгіме таратты. Сайттағы тіркелу жүйесі реферальды сілтемелер арқылы…
Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып ала алады. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен болады. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, өңірлер жыл сайын жәрмеңкеге қатысып, елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады. – Биыл біз негізгі басымдықты алма мен ет өнімдеріне бердік, сонымен қатар сүт өнімдерін де алып келдік. Бұл – біздің облыстың ерекшелігі, – деді ол. Барлық жүк көліктері міндетті техникалық…
Арқалық қаласында Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай өткізілген «Ұлы дала жорығы» халықаралық ат марафоны өз мәресіне жетті. Жарысты «JORYQ» ат спорты федерациясы ұйымдастырды деп хабарлайды Ertenmedia. Оған «AMANAT» партиясы, Қостанай облысы әкімдігі, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетті. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Премьер-Министрдің кеңесшісі, «JORYQ» ат спорты федерациясы Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы Ералы Тоғжанов, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков және өзге де азаматтар қатысты. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Торғай өлкесі қазақ зиялыларының алтын бесігі әрі еліміздің қастерлі рухани орталықтарының бірі екенін атап өтті. «Ұлы…
