ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Алматыдағы екі мамандандырылған музыка мектеп-интернатына жаңа мектеп автобустары сатып алынды. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқушылары жаңа оқу жылынан бастап «Integra Construction KZ» ЖШС берген 37 орындық автобуспен мектепке қатынап жүр. Ал 26 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 27 орындық автобус табыстады. Жаңа көлік қала ішінде оқушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады. Бұған дейін балалар үлкен, ауыр музыкалық аспаптарын арқалап, бірнеше рет автобус ауыстырып мектепке жететін болса, енді олар сабаққа қауіпсіз әрі жайлы жағдайда бара алады.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты реттеу бойынша ұсынған бейбіт жоспарын қолдайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандырудың бірегей мүмкіндігі деп бағалаған. «Қазақстан бұл ұсынысты өңірде бейбітшілік орнатып, мемлекетаралық сенімді нығайтудың нақты қадамы және аймақтың тұрақты әрі әділетті дамуының маңызды шарты ретінде қарастырады», – деді президенттің баспасөз хатшысы. Айта кетейік, 29 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы жанжалды реттеудің 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарын ұсынды. Құжат атысты тез арада тоқтатып, келісім жасалғаннан кейін 72 сағат ішінде барлық тұтқындарды босатуды көздейді.…
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин ERG компаниясының бұрынғы топ-менеджері Әлдияр Қазтаевтың қомақты дәулеті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Журналист Вадим Борейконың «Гиперборей» бағдарламасына сұхбат берген Қажыгелдин Қазтаевтың мүлкі мен есепшотында шамамен 1 миллиард доллардай қаражаты бар екенін айтты. «Әлдияр Қазтаев бұрын ENRC, қазіргі ERG компаниясында басшылық қызмет атқарған. Қазір оның жылжымайтын мүліктері, банк есепшотында қомақты ақшасы және қоймаларда сақталған алтын құймалары бар екені анықталды. Бұл дерек ойдан шығарылған жоқ, керісінше, шетелдік құқық қорғау органдарының Қазақстанға жолдаған ресми сауалдары негізінде белгілі болды», – дейді Қажыгелдин. Оның айтуынша, Әлдияр Қазтаев бұрынғы Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың күйеу баласы. Ел ішінде оны Машкевичтің…
26-29 қыркүйек аралығында Чемпиондар лигасы аясындағы алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» клубының ойынына шетелден 5 мыңнан аса турист келді. Ал клуб ойыншалары InterContinental қонақ үйіне тоқтады, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматы туризм басқармасының e-Qonaq жүйесіне сүйене таратқан мәліметіне сай, қалаға келген жанкүйерлердің басым бөлігі Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД елдері және өзге де Еуропа мемлекеттерінің азаматтары. Сарапшылар бұл матчтың қала экономикасына тигізген ықпалы едәуір болғанын атап өтті. Mastercard дерегі бойынша, Алматыға келген әр шетелдік турист орташа есеппен 1500 доллар жұмсаған. Қонақүйлер, мейрамханалар, көлік және ойын-сауық орындары осының арқасында табысқа кенеліп, шағын және орта бизнес серпін алды. Жанкүйерлерге жағдай…
Астанада танымал болған «600 мыңдық торт» дауы енді сотқа жетті. Кондитер Нұршат Ақбергенованың өкілі тортқа тапсырыс беруші блогер әрі құрақшы Әселина Батырдан моральдық өтемақы талап етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттағы алдын ала тыңдауда кондитердің өкілі келесі талаптарды қойды: «Жауапкерден ауызша келісім бойынша берешек ретінде 500 мың теңге өндірілсін. Абырой мен іскерлік беделге нұқсан келтірген жалған мәліметтерді таратқаны үшін моральдық зиян ретінде 3 млн теңге төленсін. Бұған қоса жауапкер БАҚ-та жария түрде терістеме жасап, сот шығындарын өтесін». Өзін «құрақ көрпе патшайымы» деп әспеттейтін Әселина Батырдың өкілдері әлеуметтік желідегі жазбаларға арнайы сараптама тағайындауды сұрады. «Бұл сараптама тараптардың…
Бүгін Алматы облысы Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды экологиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының ашылу салтанаты өтті. Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді. Жобаға «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңдаған белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек өз сөзінде жаһандық ғылыми қауымдастық ондаған жылдан бері климаттың өзгеруі, су тапшылығы, ауаның ластануы, орман өрті, топырақтың құнарсыздануы сияқты экологиялық апат қаупі туралы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 30 қыркүйекте Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын Достық – Мойынты теміржолының екінші желісін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлайды Ertenmedia. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы жобаны елдің көліктік-логистикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық бастама деп бағалаған. «Жолдауымда атап өткендей, көлік-логистика саласы ел экономикасының қозғаушы күші, халықаралық қатынастарды нығайтудың негізгі тетігі. Қазақстан бұл бағытта зор әлеуетке ие», – деді Тоқаев. Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, «Бір белдеу – бір жол» мегажобасына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан аталған стратегиялық бастаманы жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді, ал Достық – Мойынты жолының екінші желісін ашу –…
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Alatau City жобасына кіретін төрт ауданның Gate, Golden, Growing және Green дистриктерінің құрылыс дайындығымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, әр дистрикт өз бағыты бойынша дамиды. Оның ішінде өндірістік-логистикалық, іскерлік, ғылыми-білім беру және туристік кластерлер қарастырылған. Атап айтқанда, Gate District аумағында Pepsi Co, Caspian Group және Алматы желдеткіш зауыты сияқты компаниялардың жобалары жүзеге асады. Бұл дистрикттің негізгі нысаны халықаралық Iconic Building 1 іскерлік орталығы болмақ. Бозымбаев Индустрия және құрылыс министрлігіне, әкімдік пен инвесторларға осы нысанның құрылысын жеделдетуді тапсырды. Golden District ғылыми-білім беру және медициналық кластер ретінде дамиды. Қазірдің өзінде мұнда K-Park мәдени-іскерлік кешені салынып жатыр.…
Алматыда балаларды тегін үйірмелер мен секцияларға жазу науқаны басталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекеттік тапсырыс аясында өтетін науқанға өтінімдер кезең-кезеңмен, қаланың әр ауданы бойынша жеке қабылданады. Damubala платформасының өкілдері мұндай тәсіл жүйеге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналарға қолайлы жағдай туғызатынын айтады. Бірінші кезең 30 қыркүйекте сағат 11:00-де басталып, өтінішті Әуезов ауданының тұрғындары бере алады. Сол күні кешке, сағат 18:00-де, өтінім қабылдау Медеу ауданы бойынша жалғасады. 1 қазанда таңғы сағат 11:00-де Жетісу ауданының, ал сағат 15:00-де Алатау ауданының тұрғындары үшін кезек ашылады. Түрксіб ауданының тұрғындары 2 қазан күні сағат 15:00-де өтінім бере алады. «Үйірмелер мен секцияларға орын саны шектеулі, олар тек бөлінген бюджеттің…
Қазақстанда бюджет қаражатын пайдалану тәртібіне бірқатар шектеу қойылды. Үкімет тиісті қаулысымен республикада 2028 жылдың соңына дейін бюджеттік шығындар мен өңірлерде үнемделген қаржыны жұмсаудың бірнеше бағытына мораторий енгізілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаулыда атап көрсетілгендей, мораторий республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын оңтайландыруға, басымдықтарды анықтап, қаржыны нақты экономикалық өсім беретін жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді. 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде келесі бағыттарға қаржы бөлуге тыйым салынады: әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларды қаржыландыру; жаңа бюджеттен тыс қорлар құру; мемлекеттік органдарға арналған жаңа әкімшілік ғимараттар мен кешендердің құрылысы және оларды сатып алу (2022 жылдан кейін құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктерге арналған нысандардан…










