Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Бурабайда өткен ТМД елдерінің сайлау органдары басшыларының VI отырысы формалды жиын ғана емес, сайлау жүйесінің болашағына қатысты нақты бағыттарды айқындаған алаңға айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға ТМД-ға мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, ТМД Атқарушы комитеті, Парламентаралық ассамблея, халықаралық институттар, жастар ұйымдары және Қазақстанның сайлау комиссиялары қатысты. Қатысушылар құрамы кең болған сайын талқыланған мәселелердің де ауқымы кеңейе түсті. Бұл отырыстың тағы бір ерекшелігі – 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТМД сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық Қазақстанға өткен. Осы тұрғыдан алғанда, Бурабайдағы кездесу қазақстандық төрағалық кезеңнің басталуын айқындаған маңызды кезең болды. Кеңес отырысын ашқан ҚР Орталық сайлау комиссиясының…

Толық оқу

Елордада өскелең ұрпаққа үлгі боларлық ұстаздар аз емес. Олар өз өмірін жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің игілікті ісіне арнаған. Олардың бірі – тарих және география пәнінің мұғалімі Жеңіс Бодешов. Оның педагогикалық өтілі 48 жылды құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Астанада осындай ардақты жандардың бірі – тарих және география пәндерінің мұғалімі, Жеңіс Атайұлы Бөдешов. Оның педагогикалық еңбек өтілі 48 жыл, соның ішінде 28 жыл Ерейментау ауданы Торғай орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Әкесі Атай Бөдешов Ұлы Отан соғысының ардагері, география пәнінің мұғалімі болған. Ол балаларға үнемі дүниежүзінің картасын ашып көрсететін. Сол сәттер Жеңіс Атайұлының бойында, сондай-ақ бауырлары…

Толық оқу
КСРО Путин СССР

Ресей президенті Путин мобилизация жариялағанда «Залым Батыс» Кеңес Одағын ыдыратты, енді соның кебін Ресейге кигізгісі келеді» деген баяғы мифті қайта қозғады. Бұл – Кремльдің басты насихаттық құралдарының бірі. Алайда тарих пен нақты фактілерге үңілсек, Кеңес Одағының ыдырауы Батыстың жоспары емес, ең әуелі ішкі саяси дағдарыстар мен империялық жүйенің тоқырауының салдары болғаны айқын көрінеді. Қайта Батыс елдері  үшін 1991 жылы КСРО-ның ыдырау күтпеген соққы болды. Америкалық зерттеуші Пол Гобл сол кезеңді еске ала отырып, Кеңес Одағының құлауы тек Батыс үшін емес, тіпті ең тәжірибелі «советологтар» үшін де тосын оқиға болғанын айтады. Сол кезде барлығы «ядролық қаруы бар мемлекет ешқашан құламайды» деген…

Толық оқу

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында мемлекеттен баспана алған жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қауіп төніп тұр. Осыдан үш жыл бұрын ғана салынған көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы жарылып, едені шөгіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Жергілікті халықтың айтуынша, тұрғын үйдің сапасыз салынғаны алғашқы жылы-ақ байқалған. Жарықтар кеңейіп, көрші пәтерлерді еш қиындықсыз көруге болады. Тұрғындар үйді апатты деп тануды талап еткенімен, жергілік билік өкілдері бұған негіз жоқ деп бет бақтырмай отыр. Олардың пікірінше, үйдің жағдайы адам өміріне қауіп төндірмейді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы осы үйден пәтер алған тұрғындардың бірі Айгүл Ергешқызы. Бұл жерге үш жыл бұрын қоныс аударғанымен, үйдің қабырғалары бір жыл өтпей жатып…

Толық оқу

Украина әскерилері АҚШ пен Ұлыбританияда ғана бар стратегиялық «Томагавк» қанатты зымырандарын иеленуге ұмтылуда. Генерал-лейтенант, Украина Қарулы күштері Бас штабы басшысының бұрынғы орынбасары Игорь Романенконың айтуынша, тіпті бірнеше ондаған зымыранның өзі Ресейдің стратегиялық нысандарына қысым жасауға жеткілікті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Unian сайтына сілтеме жасап. Қазіргі таңда «Томагавк» зымырандарын ұшыратын жерүсті қондырғылар АҚШ пен Ұлыбританияда ғана бар. Алайда 2026 жылға қарай бұл жүйелер Филиппин мен Германияға да берілуі мүмкін. «Тайфун» деп аталатын ұшыру жүйесі Филиппинге жеткізіліп қойған, ал немістер тиісті сұранысты келесі жылға жолдаған. Бұл үдеріс әлемде жоғары дәлдіктегі қару-жараққа деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Украина да осы тізімнен қалыс қалмауға тырысуда.…

Толық оқу

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қытайдың ірі мұнай-газ компанияларының бірі China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) корпорациясымен бірге «Zhylyoi Operating» бірлескен кәсіпорнын құрды, деп хабарлайды Ertenmedia. Кәсіпорын Каспийдің солтүстік-шығыс транзиттік аумағындағы аса күрделі саналатын «Жылыой» жобасын игеретін болады. Бастапқы болжам бойынша, жобаға құйылатын инвестиция көлемі кем дегенде 31,5 млн долларды құрайды. Геологиялық барлау кезеңінде қаржыландыруды қытай тарапы өз мойнына алады. «Zhylyoi Operating» бірлескен кәсіпорны күні кеше ғана, 25 қыркүйекте құрылды. Оның 50 пайыздық үлесі «ҚазМұнайГазға» тиесілі болса, қалған 50 пайызы CNOOC корпорациясының еншісінде. Қытайлық тарап бірлескен кәсіпорынға биыл маусымда құрылған CNOOC Hong Kong Holding Limited компаниясы арқылы қатысады. Қазірдің өзінде жаңа кәсіпорынның…

Толық оқу
2025

2025 жылы Қазақстандағы ЖІӨ өскенімен халықтың жағдайына анау айтқандай әсер етпеген. Өкінішке орай, елімізде нақты табыстар өсіп, оны баға мен инфляцияның «жеп қоюы» әдетке айналған.  Бұл қазақ экономикасының жан ауыртар шындығы. Мұны Halyk Finance сарапшыларының жариялаған деректерінен айқын көруге болады. 2025 жылдың басында экономика бірінші тоқсанда 5,8%-ға өсіп, біраз адамның қызығушылығын тудырған еді. Бірақ бұл өсім халықтың шынайы табысымен сәйкеспейді. Қаржы секторынан алынған мәліметке сүйенсек, жалақы өсімі баяғыдай «экономикалық өсімнің» көлеңкесінде қалып отыр. Мысалы, 2025 жылдың бірінші тоқсанында халық табыстары тек номиналды түрде өсіп, нақты табыстар өсуден қалған. Еліміздегі баға мен тарифтердің өсуі және валюта айырбас бағамының құбылмалы болуы халықтың…

Толық оқу

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің маңыздылығына ерекше тоқталып, оның қоғам дамуы үшін стратегиялық рөл атқаратынын атап өтті. «Жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану орталық пен аймақ, қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығын қысқартуға қолайлы жағдай жасайды. Әсіресе, бұл шағын жинақты мектептерге қатысты мәселе. ЖИ технологияларын енгізу ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз – шын мәнінде инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру. Бұл – Әділетті Қазақстан құрудың негізгі алғышарттарының бірі», – деді ел Президенті. Бұл тұжырымдар біздің орталықтың миссиясымен толық үндеседі. Арнайы және…

Толық оқу

«СК-Фармация» мен ұлттық сараптама орталықтары дәрі-дәрмектер мен медициналық заттардың бағасын жасырын түрде өсіріп келеді деген күдікке іліккеніне біраз болды. Антимонополия органының зерттеулері осы схеманың салдары – кейбір ұлттық препараттардың шетелдік баламаларына қарағанда 2-3 есе қымбат болуына әкелгенін анықтады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік сараптама органдары мен дистрибьюторлар арасындағы байланыс, шынайы шығындарды тексермеу және инспекциялық шығындардың дәрі-дәрмек бағасына қосылуы мәселенің қанша уақыт бойы жүйеге айналғанын көрсетеді. Мемлекеттік мекемелер, атап айтқанда, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау» ұлттық орталығы мен «СК-Фармация» – Денсаулық сақтау министрлігінің бағынысты құрылымдары. Олар дәрі-дәрмектерді тіркеу, бағалау және сатып алу процесіне жауап береді. Бірақ министрлік пен сараптама орталығы…

Толық оқу

Румыния мен Украина әскери-дрон өндірісі саласында серіктес болуға ниетті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Румыния сыртқы істер министрі Оана Тойю елінің өз аумағында Украинамен бірлесіп қорғаныс мақсатындағы дрон қағып түсіруші өндіруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл қадам, оның айтуынша, НАТО-ның шығыс бағытындағы әуе қорғанысын күшейтуді мақсат етеді — тек өзінің ғана емес, барша одақтастардың мүддесін қорғау үшін. Министр Тойю айтқандай, бұл келіссөздер Украина аумағындағы «белгілерсіз» дрондардың әуе кеңістікті бұзған жағдайларынан бұрын басталған. «Шығыс флангты» қорғау стратегиялық міндет, ал осы міндетті орындау үшін одақтас елдермен бірлесу қажетті қадам. Украина соңғы уақытта қаруды экспортқа шығаруға жатқызылған шектеулерді жеңілдетіп, өзінің соғыс тәжірибесінде жетілдірген дрон технологиясын бөлісе…

Толық оқу