Қазақстанның Halyk Bank Өзбекстандағы ірі финтех-компаниялардың бірі саналатын Click компаниясының 49% үлесін сатып алатын болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған. Бұл мәміле Орталық Азияның қаржы нарығында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Click өзбек нарығындағы жетекші төлем жүйесі. Миллиондаған тұрғындар бұл сервисті күнделікті өмірде коммуналдық қызметтерден бастап, интернет пен ұялы байланысқа дейін төлем жасау үшін пайдаланады. Оның заманауи қолданбасы мен интерфейсі Өзбекстан халқының цифрлық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып келеді. Енді осы платформаның жартысына жуығы Қазақстан банкіне тиесілі болмақ. Мәміле құрылымы да назар аударарлық. Halyk Bank Click-тің 49% үлесін сатып алу үшін 176,4 млн доллар (яғни…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда шетелдік интернет-компаниялардан түсетін салық түсімі күрт артты. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған ресми дерекке сүйенсек, Temu, Valve және Apple сынды алпауыттар елімізде қосылған құн салығын (ҚҚС) ең көп төлейтін интернет-платформалар қатарында, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанда 2022 жылдан бері шетелдік интернет-платформалар үшін шартты тіркеу арқылы ҚҚС төлеу жүйесі енгізілген болатын. Бүгінде бұл талапқа 116 компания бағынған. Тек 2025 жылдың өзінде 18 жаңа ірі интернет-ойыншылар тіркеліпті. Олардың қатарында әлемге әйгілі Chess.com, Canva, OpenAI (ChatGPT иесі), және ресейлік Okko бар. Бұл платформалар Қазақстан азаматтарына онлайн қызмет көрсетіп, миллиардтаған теңгелік транзакция жүргізіп отыр. Енді олардың әрбір саудасынан бюджетке нақты түсім түсе…
Бүгінде Украина Қарулы күштері әскери технологияларды жетілдіруге барын салуда. Алайда Wall Street Journal тілшісі Алистер Макдональдтың сөзінше қазіргі таңда Украинада өзінің «Фламинго» сынды ұзаққа ұшатын зымырандарын жаппай өндіруге қаражаты жоқ. Украинаның әскери өндірісінің негізгі проблемасы ресурстың шектеулілігі. Макдональдтың айтуынша, украиналық мамандар баллистикалық зымырандарды жасауға бірнеше жылдан бері талпынып келеді. «Фламинго» немесе «Нептун» секілді зымыран түрлері тәжірибелік кезеңнен өтіп, өндіріске жіберуге дайын. Бірақ тәжірибе мен іске асырудың арасы жер мен көктей екенін ұмытпаған жөн. Тіпті, соңғы сынақтар жоспар бойынша жүзеге аспаған. Яғни, технология бар, бірақ оны іске асыратын бюджет жоқ. Зымыран жасау күрделі іс – оның цифрлық жүйесін, басқару алгоритмдерін, дәлдік…
«Аккую» атом электр станциясының құрылысы қазіргі таңда әлемдегі ең ауқымды әрі стратегиялық жобалардың біріне айналып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. АЭС жобасына қатысты басты жаңалық – АҚШ-та бұғатталған 2 миллиард долларлық қаржы мәселесінің сәтті шешілуі. Бұл түйткілді Ресей үкіметі тікелей араласып реттеген. Бұған қоса, Siemens компаниясы белгісіз себептермен қуатты беру жүйелерін жеткізуден бас тартқан соң, Ресей мен Қытайдан балама жабдықтарын алып, жүйенің жұмысы толық қалпына келтірді. Түркия үшін «Аккую» жобасының маңызы зор. Ол елдің электр энергиясының шамамен 10 пайызын өндіретін экологиялық таза көзге айналмақ. Бұл жоба көмірқышқыл газының көлемін қысқартып, Түрік өнімдерінің «экологиялық таза» деген мәртебесін арттырып, экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік…
Депутат Мақсат Толықбай Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық шағым айтып, шағын және орта бизнеске субсидия төлеудің кешіктіріліп жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Депутаттың сөзінше, соңғы уақытта кәсіпкерлерге мемлекеттен уәде етілген субсидияны кешіктіріп төлеу «үйреншікті әдетке» айналған. «Жүз мыңдаған кәсіпкер банк несиесін өтеу үшін мемлекеттен берілетін өтемақыны айлап күтіп, қиналып отыр. Қазір Алматыдан басқа барлық өңірде бұл бағдарлама тоқырап тұр. Оңтүстік астанадағы кәсіпкерлердің де жағдайы мәз емес. Аймақтарда бөлінген қаражат жазда-ақ таусылып қалған. Жаңадан түскен өтініштердің бәрі жауапсыз күйде», – деді депутат. Толықбайдың айтуынша, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеруі салдарынан екінші деңгейлі банктердегі несие мөлшерлемесі тым қымбаттап кеткен. «Қазір…
Депутат Ерболат Саурықов премьер Бектеновке депутаттық сауал жолдап, Жамбыл облысындағы фермерлердің ауыр жағдайына назар аударуды талап етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Саурықовтың айтуынша, соңғы үш жылда өңірдегі шаруалар бұрын-соңды болмаған ауыр сынаққа тап болып отыр. 2023 жылғы қуаңшылық кезінде төтенше жағдай жарияланғанымен, өтемақы тек суармалы жері бар шаруашылықтарға ғана төленген. Мұндай мүмкіндігі жер иелері ешқандай көмек көрмеген. «Бұл фермерлер үшін ауыр соққы болды. 2024 жылы астық бітік шыққанымен, Ресейден арзан бидай ағылып келіп, өнімнің бағасы күрт құлдырады. Диқандар шығынға батты, пайда көрмеді. Оның үстіне субсидиялардың кешіктірілуі жағдайды одан сайын қиындатып жіберді», – деді депутат. Биылғы жылғы қуаңшылықта Түркістан облысында жарияланған төтенше…
Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, елдегі кеден мен шекара бекеттерінің жағдайын сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia. Фракция депутаттары Қазақстанның шығысындағы «Бақты» кеден бекетіндегі құрылыстың тым баяу жүріп жатқанын және Батыс Қазақстан облысындағы Ресеймен шекараның қоршаусыз қалғанын айтып, дабыл қақты. «Кеден мемлекеттің бет-бейнесі. Шекарасы қандай болса, елдің келбеті де сондай. Біз жуырда Тәуелсіздігіне 34 жыл толатын мемлекеттің шекарасы мен кеденін аралап, көңіліміз құлазып қайтты», – дейді депутаттар. Олардың айтуынша, Президент Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға баса мән беріп отыр. Алайда, стратегиялық маңызы зор Қытаймен шекарадағы «Бақты» кеденінің қазіргі ахуалы ұлттық мүддеге қайшы келеді. «Құны 16…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі ерекше атап өтілетінін айтып, мұғалімдердің қоғамдағы орны туралы ойымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент жиында ағартушы Міржақып Дулатұлының «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген сөзін еске салып, ұстаздар еңбегінің маңызын ерекше атап өтті. «Мұғалім – әр адам үшін қадірлі тұлға. Басқаша айтқанда, ұстаз – өмірге бағыт-бағдар беруші жан. Әрбір қоғамның деңгейі ұстазына деген құрметімен өлшенеді. Ұстазын қадірлеген елдің болашағы жарқын. Себебі ұстаз еңбегі – зор, ел дамуына қосар үлесі – өлшеусіз. Сондықтан барша ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін», – деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда білім беру саласында елеулі өзгерістер…
Мәжіліс төрағасының орынбасары Дәния Еспаева тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін коммерциялық банктерге ашу мәселесіне қарсы шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматыда өткен арнайы конференцияда сөз алған вице-спикер ұсыныс депутаттар арасында үлкен дау тудырғанын айтты. «Депутаттар жаңа заң жобасындағы осы бапты көргенде, біраз сұрақ туындады. Соның алғашқысы тұрғын үй жинақ жүйесін дәл қазір коммерциялық банктерге ашудың қандай қажеттілігі бар? Бұл қадам мемлекетті қандай тәуекелдерге апарады?» – деді Еспаева. Оның айтуынша, негізгі күмән Отбасы банк арқылы берілетін мемлекеттік сыйақыларға байланысты. Қазіргі жүйеде мемлекет бюджеттен бөлген ақшаны дивиденд ретінде қайтадан өзіне қайтарып алады. Егер бұл механизм бұзылса, мемлекеттің қаржысына үлкен қауіп төнбек. «Мәселен, пайыздық…
Жаз мезгілінде Назарбаев университетінің жатақханасында екі бірдей студент өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Ertenmedia. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында аталған қайғылы жағдайларға қатысты тергеу әлі де жалғасып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қазір кешенді сот-психологиялық әрі психиатриялық сараптама жасалып жатыр. «Назарбаев Университетіндегі суицид фактілері біздің бақылауымызда. Қазіргі кезде кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама жүріп жатыр. Мұндай сараптаманың қорытындысын күту біршама уақыт алуы мүмкін. Әдетте екі айға созылады. Қазанның соңына дейін нақты нәтижесі дайын болады. Осындай істер бойынша күдікті саналатын адамдар болмайды», – деді министр орынбасары. Алғашқы оқиға 18 маусымда тіркелген. Университет жатақханасынан студент қыздың мәйіті табылған еді. Расталмаған деректерге қарағанда,…










