Автор: Асылхан Бөрібай

Ерболат Досаевтың Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалуы ел ішіндегі саяси элита теңгерімінің қайта қалыптасып жатқанын көрсететін айқын қадам. Бұл тағайындауды жай ғана кадрлық ротация деп сипаттау жеткіліксіз. Өйткені Досаев ұзақ жылдардан бері билік жүйесінің бел ортасында жүріп, қаржыдан бастап халықаралық саясатқа дейінгі кең ауқымды мәселелерде өз қолтаңбасын қалдырған шенді. Досаевтың бұл тағайындауын бірнеше тұрғыдан талдауға болады. Біріншіден, Тоқаевтың командасында экономикалық блоктың күшейіп келе жатқаны анық байқалады. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау, шетелдік инвестицияларды тарту – қазіргі билік алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Осы тұста банктік секторда, Ұлттық банкте, халықаралық қаржы институттарында жұмыс істеген Досаевтың тәжірибесі мемлекетке ауадай қажет.…

Толық оқу

Қазақстанда атом энергетикасына қатысты маңызды тарихи қадамдардың бірі басталды. Атом энергетикасы агенттігінің қабырғасында еліміздің тарихындағы тұңғыш атом электр станциясына (АЭС) атау беру үшін жалпыұлттық байқау ұйымдастырылатын болды. Себебі жаңа станцияның атауы болашақтағы энергетикалық тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздіктің белгісіне айналуы тиіс. Комиссияның алғашқы отырысында ұйымдастыру мәселелері қаралып, байқауды өткізу ережелері бекітілді. Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев халықтың осы процеске кең көлемде қатысуының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, ұсыныстарды қабылдау eGov Mobile қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, бұл әрбір азаматқа өзінің ойын ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, бұл тәсіл цифрлық мемлекеттің жаңа тәжірибесін көрсетіп отыр, өйткені азаматтардың саяси-қоғамдық бастамаларға қатысуы тікелей мобильді технология арқылы…

Толық оқу

Жетісу облысында қант қызылшасынан басқа барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 240,6 мың га немесе 87,1% дәнді дақыл жиналды. Оның ішінде бидай мен арпаны жинау толық аяқталды. Жалпы астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мамандарының мәліметінше, қазір 3,9 мың гектар жүгері алқабы шабылып, 28 мың тонна дән жиналған. Биылғы жылы облыс бойынша жүгеріден 308 мың тонна өнім алу жоспарланыпты. – Бүгінгі күнге дейін жалпы 439,7 мың тонна астық бастырылды. Оның ішінде бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш бар. Орташа түсім гектарына 18,3…

Толық оқу

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты айтқан сөзі халықаралық саясатта жаңа пікірталас тудырды. Трамп өз мәлімдемесінде Ресейдің «қағаз жолбарысқа» айналғанын айтып, үш жарым жылға созылған соғысты «нағыз әскери күш болса, бір апта ішінде аяқтауға болатын» деп сипаттады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, дәл қазір Ресейдің экономикалық жағдайы әлсіреп, соғыс шығындары ұлғайып жатқан тұста Украина үшін тарихи мүмкіндік туып отыр. «Еуропалық Одақтың қолдауымен, әсіресе НАТО тарапынан қаржылық және әскери демеумен Украина өз шекараларын қалпына келтіруге толық қабілетті. Бұл неге мүмкін болмасқа?» – деп жазды Трамп өзінің Truth Social парақшасында. Трамптың сөзіне назар салсақ, онда екі…

Толық оқу

Түркістанда Еңбек күніне орай  «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, еңбек адамдарына құрмет көрсетті. – Бұл мереке – қоғамның дамуы мен елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарына деген шынайы құрмет пен ізеттің көрінісі. Мемлекетіміздің басты міндеті – халықты нәтижелі жұмыспен қамту арқылы олардың өмір сапасын көтеру. Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамын қолдау, жұмысшы кәсібінің мәртебесін көтеру – басты мақсаттарымыздың бірі. Облыс тұрғындарын лайықты жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік жұмыспен қамту картасы жасақталып, осы жылы 130 мыңнан астам  тұрғынды жұмыспен қамту межеленді. Қазіргі  таңда …

Толық оқу

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Халықтың күнделікті тұтынатын негізгі азығы – нан, қант, май, ет пен көкөніс бағасы әр отбасының тұрмыс сапасына тікелей әсер ететіні белгілі. Сондықтан облыс әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі қолға алып, әрбір қадамды бақылауда ұстап отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін делдалсыз, тікелей халыққа ұсынуда. Мұндай шаралар тек бағаның тұрақтылығына емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытып, отандық кәсіпкерлердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп отыр. Ең бастысы тұрғындар азық-түлікті нарықтағыдан 20-30 пайыз төмен бағада…

Толық оқу

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы басталды деп хабарлайды Ertenmedia. Істен шыққан эскалатор мен суфлер Трамптың қитығына тиді Ақ үй басшысы Дональд Трамп мінберге шыға салысымен техникалық ақауға шағым айтып, суфлердің істемей тұрғанын жеткізді. «Суфлер істен шықты. Бірақ онсыз-ақ сөйлеп беремін», – деді Трамп, сөйлеу мәнерін одан сайын ашық ете түсу үшін мұның тиімді боларын айтты. Дегенмен, техникалық ақауға жол бергендерді қатаң жазалайтынын ескертіп өтті. Ақ үй басшысының бұл жолғы сөзінде өткір мәлімдеме көп болды. «Мен президенттік қызметімде жеті бірдей ұзаққа созылған соғысты аяқтадым, соның ішінде Кәмбоджа мен Таиланд, Косово мен Сербия, Коңго мен Руанда, Пәкістан мен Үндістан,…

Толық оқу

Қазақстанда нашақорлықпен күрес күшейіп келеді. Бүгінде 18 мыңнан астам азамат нарколог-дәрігерлердің бақылауында, олардың басым бөлігі жастар. Соңғы бес жылда тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі 143 есеге артқан. Тек биылдың өзінде құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам есірткі қылмысын анықтап, қоғамдағы жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетті. Бұл сандар – дабыл қағарлық деңгейде. Нашақорлық енді жай ғана қауіп емес, тұтас бір буынның дертіне айналып отыр. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты үшінші жыл қатарынан елімізде «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізіп келеді. Бұл бастама қазірдің өзінде нашақорлық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрестің басты бағыттарының біріне айналды. Мыңдаған ерікті күн сайын есірткі насихатына тосқауыл қойып,…

Толық оқу

Нью-Йоркке сапары аясында президент Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен маңызды келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  Forbes Kazakhstan-ға пікір білдірген Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко келіссөздің мән-жайын жіліктеп жеткізген екен. Оның сөзіне қарағанда, Тоқаев пен Зеленскийдің ресми түрде бетпе-бет жүздеспегеніне алты жыл болған. Бірақ бір ай бұрын телефон арқылы сөйлескен екі ел басшысы осы жолғы кездесудің жоспарын алдын ала пысықтап қойған. «Кездесу кездейсоқ өткен жоқ. Ол алдын ала келісілген әрі ресми бағдарламаға енген маңызды басқосу болды. Екі тарап та кездесуді бірінші кезекке қойды», – деп атап өтіпті елші. Келіссөздің басты тақырыбы Украинадағы соғыс және оны аяқтаудың жолын талқылауға арналған. Майконың айтуынша,…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары тек ресми хаттамамен шектелген жоқ, нақты мазмұнды келісімдерге толы болғанын ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Телеграм арнасында жазды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Маңызды келсімдер Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды. Жалпы, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттермен, премьер-министрлермен, министрлермен, халықаралық ұйымдардың және компаниялардың жетекшілерімен 20-дан астам кездесуі өтті. Жүздесулерде қарастырылған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестициядан бастап жасанды интеллектіге дейінгі көптеген бағытты қамтыды. Елімізге миллиардтаған доллар инвестиция тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол…

Толық оқу