Алматы облысының Жамбыл ауданында автокөлік бөлшектері мен автокомпонент, аксессуарын шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia. QazElastoPlast компаниясына тиесілі зауыттың құрылысына 600 млн теңге инвестиция салынған. Қазыбек бек станциясында орналасқан өндіріс орны автокөлікке арналған төсеніштер мен басқа да қажетті бөлшектерді шығарады. Бұрын мұндай аксессуарлар Ресей, Қытай және өзге елдерден тасымалданатын. Қазір зауытта резеңке және ворс материалдарынан автокөлік төсеніштері, тығыздағыш таспалар және түрлі бүріккіштер шығарылады. Сарапшылардың айтуынша, бұл өнімдер автокөлік өндірісіндегі қазақстандық мазмұн үлесін арттырып, отандық көліктердің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаға бөлінген 600 млн теңгеге заманауи еуропалық жабдық сатып алынып, жаңа технология енгізілген. Зауыттың жылдық қуаты 150 мыңға…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елде дәрілік препараттардың заңсыз айналымына қатысты кезекті тексерулер қоғамды дүр сілкіндірді. «Дәрмек» атты жедел-профилактикалық шара барысында полиция бір апта ішінде жүздеген бұзушылықты әшкерелеп, оннан аса қылмыстық істі қозғады. Профилактикалық шара медициналық жүйедегі тәртіптің қай деңгейде екенін айқын көрсететін айна тәрізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тексеріс нәтижесінде 519 медициналық ұйым қамтылып, 202 медицина қызметкерінің үстінен материалдар жиналған. Олардың арасында дәріні заңсыз сатқандар да, есепті дұрыс жүргізбегендер де бар. Барлығы қосқанда, 40 мыңнан аса есірткі құрамы бар таблетка, 290 мың психотропты дәрі-дәрмек, 236 мың ампула айналымнан алынған. Әрбір санның артында халық денсаулығына қауіп пен жастардың өміріне төнген қатер тұрғанын ұмытпау керек. Мәселе…
Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 29 қыркүйекте қол қойды. Бұған дейін бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бері Ғани Бейсембаев атқарып келген еді. 1983 жылы 5 тамызда дүниеге келген Сүлейменова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін тәмамдаған. Кейін философия және саясаттану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып, 2011 жылы мәдениеттану бойынша PhD докторы атанды. Жастайынан қоғамдық жұмыспен айналысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттік өзін-өзі басқару ұйымын басқарды, кейін оқытушылық қызметке ауысып, білім беру саласында түрлі жауапты лауазымдарды иеленді. Алматыдағы гимназиялардың бірінде тарих және құқық пәндерінен сабақ берді. Қазақ ұлттық аграрлық…
Күні кеше ғана сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Мәслихат төрағасы сессия жұмысының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауына тоқталып, онда айтылған міндеттерді бірлесе іске асыруға шақырды. Сессияның күн тәртібінде 11 маңызды мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Түркістан…
Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына арнайы ат басын бұрды, деп хабарлайды Ertenmedia. Компания өкілдерінің айтуынша, ауқымды жоба құрылысы тиімді ұйымдастырылуы әрі уақытылы аяқталуы үшін екі кезеңге бөлінген. Биыл наурызда қолға алынған алғашқы кезеңнің жалпы құрылыс-монтаж жұмыстары толық тәмамдалған. Алдағы қараша айында негізгі технологиялық жабдықтар жеткізіліп, оларды орнату жұмыстары басталады. «Екінші кезең бойынша да қызу тірлік жалғасуда. Қазір аумақты тегістеу, топырақты нығыздап, қазаншұңқырлар қазу жұмыстары жүріп жатыр. Өрт сөндіру бекеті, зертхана, операторлық орталық пен әкімшілік-тұрмыстық кешеннің, сондай-ақ резервуарлардың іргетастары да қалануда», – деп атап өтті ұлттық компания.…
Елорданың Байқоңыр ауданында полиция мен прокуратура қызметкерлері «Astana jastary» еріктілерімен бірге есірткі тасымалдаушыларға қарсы барлау жүргізді. Бұл қоғамды алаңдатып отырған ауыр қылмыспен күрестің бір бөлігі. Өндіріс ауданында соңғы кездері есірткі тасымалы жиілеп, қарапайым тұрғындардың да қауіпсіздігіне әсер ете бастағаны жасырын емес. Сол үшін құқық қорғаушылар мен еріктілердің бірлескен қимылы – қауіптің алдын алу бағытындағы маңызды қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Барлау барысында аула-аулалар мен бос ғимараттар иісшіл иттердің көмегімен тексерілді. Көпшілік ойлайтындай, шөптің арасын тіміскілеп жүрген адамдардың бәрі тасымалдаушы емес, көбісі – өзіне зиянды әдеттің құлы болған тұтынушылар. Ал нағыз қауіп есірткіні жеткізіп…
Ақордадағы соңғы кадрлық ауыс-түйістерге қатысты ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, тағайындаулар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін күшейту мақсатында жасалған. Желдібайдың сөзінше, Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында экономиканы дамыту үшін қосымша инвестиция тартуды басты міндет етіп қойған. Осы жауапты салаға дипломатиялық тәжірибесі мол Мұрат Нұртілеу бекітіліп, енді ол Президенттің көмекшісі ретінде шетелдік мемлекеттермен және ірі халықаралық корпорация басшыларымен жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізіп, инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуге тікелей атсалыспақ. Сонымен қатар, Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Оның алдында тұрған негізгі миссия Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық міндетті…
Елордада жүзеге асып жатқан JOLTAP жобасы көптеген тұрғындардың кәсібін дамытуға және табысын арттыруға нақты мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе, жаңа мамандық меңгеремін, өз ісін бастаймын дегендер үшін бұл бағдарлама үлкен мектепке айналғандай, – деп жазады Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Мұның жарқын мысалы Астананың жас маманы, логопед-мұғалім Айдана Шалағай. Ол көпшілік сияқты тек өз саласында жұмыс істеп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерді байқап көруге тәуекел еткен. Алғашқы қадамы сәтті болып, JOLTAP жобасының арқасында кәсіби тәжірибесін заманауи онлайн-бизнеске ұштастырып отыр. Айдана әуелде Instagram-нан осы жобаны көріп, бірден қызыққанын айтады. Өмірінде жаңа білім алып, басқа салада өзін сынап көру – оған…
Қазақстанда шетелден тоқпен жүретін көлік әкелуге арналған жеңілдік квотасы таусылуға жақын. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы ескерту жасады, деп хабарлайды Ertenmedia. Комитет таратқан мәліметке сәйкес, тоқпен жүретін автокөліктерді кедендік жеңілдікпен әкелуге рұқсат берілген квота 15 мың дана. Бұл жеңілдік Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2009 жылы қабылдаған шешімімен бекітілген болатын. 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі есеп бойынша, ел аумағына 13 мыңнан астам электрмөбил әкелінген. Бұл белгіленген квотаның 87,2 пайызына жеткенін көрсетеді. Демек, кедендік жеңілдікпен әкелуге болатын көліктер саны 1900-ге де жетпейді. «Осыған орай, тоқпен жүретін автокөлік сатып алуды және шетелден әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға жеңілдік көлемінің шектеулі екенін ескертеміз. Болашақта туындауы…
Алматыда жеке инвесторлардың қаржысына 11 қонақүй салынды деп хабарлайды Ertenmedia. Қалалық туризм басқармасының дерегінше, 2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыда туристерді орналастыру қызметінің жалпы көлемі 50,1 млрд теңгеге жетті. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 16,6 пайызға жоғарылаған. Қазір қалада бір мезгілде 22 768 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Алматыдағы нөмірлік қор да артып, өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды. Бүгінде қалада туристер мен іссапармен келген қонақтарға 12 552 бөлме қызмет көрсетуде. Туризм басқармасы Алматының туристік әлеуеті жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. «Қалаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Ішкі және шетелдік туристер саны тұрақты өсуде. Туризм саласына бағытталған…










