Алматы облысының прокуратурасы соңғы үш жылда мемлекет меншігіне миллиардтаған теңгеге бағаланған жер телімдерін қайтарды деп хабарлайды Ertenmedia. Облыс прокуратурасының мәліметінше, құзырлы органдармен бірлескен жүйелі жұмыстың нәтижесінде мемлекетке құны 6,1 млрд теңгені құрайтын 83 мың гектар жер қайтарылған. Соның ішінде бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер, олардың туыстары және Forbes тізіміне енген тұлғалар иелік еткен құны 1,6 млрд теңгелік 21 мың гектар жер телімі бар. Әсіресе, Балқаш-Алакөл бассейні инспекциясы және Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе атқарылған шаралардың нәтижесі айқын көрінді. Прокуратураның талабымен 2025 жылдың мамыр айында Қапшағай жағалауында орналасқан аса бағалы жер телімі де мемлекетке қайтарылды. Бұл аумақ бұрын ұзақ жылдар бойы Күлібаевтар…
Автор: Асылхан Бөрібай
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың БҰҰ-дағы сөзі наразылыққа ұласып, бірқатар араб елдерінің өкілдері жиын залынан шығып кетті деп хабарлайды Ertenmedia. Нью-Йоркте өтіп жатқан Бас Ассамблеяның 80-ші сессиясында Нетаньяху сөзін бастамас бұрын, ХАМАС ұйымының 2023 жылғы 7 қазанда жасаған шабуылы туралы арнайы бейнежазба көрсетілді. Жазбада қарулы топ мүшелерінің камерасына түсіп қалған шабуылдың кадрлары бар еді. Иран делегациясы бейнежазба басталған сәтте-ақ залдан шығып, өз орындарына Израиль әскерінің шабуылынан зардап шеккен бейбіт тұрғындардың фотосуретін қалдырып кеткен. Өз кезегінде Израиль премьері ХАМАС-ты қаруды тастап, кепілге алынған азаматтарды босатуға шақырды. «Қару тастап, кепілдегілерді түгелдей босатсаңыздар, өмір сүресіздер», – деді Нетаньяху БҰҰ мінберінен. Сондай-ақ Израиль басшысы АҚШ…
Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев аймақтың әлеуметтік нысандарын аралап, халықты қолдау және жұмыспен қамтуға бағытталған жобалардың барысымен танысты. Бұл сапардың мәні – ресми тұлғаның жұмыс есебі ғана емес, өңірдің әлеуметтік тынысын бағамдау, ондағы халықтың нақты мұқтаждықтарына назар аудару, – деп жазады Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндамасында жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қолдауды күшейту және денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сапар аясында Ермек Көшербаев «Қамқорлық» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Бұл орталық менталды бұзылыстары бар және мүгедектігі бар балаларға арналған. Мұнда 3…
Түркістан қаласында өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі халықтың көңілінен шығып, көптің ризашылығына бөленді. Қарапайым жұрт үшін азық-түлік бағасының әр теңгесі маңызды екені жасырын емес. Әсіресе соңғы жылдары нарықтағы қымбатшылықтың белең алғанын ескерсек, мұндай шаралардың әлеуметтік салмағы орасан, – деп жазады Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жәрмеңкеге қатысқан жергілікті кәсіпкерлер ет-сүт өнімдерін, күнделікті тұтынатын тауарларды нарықтағы бағадан 30-50 пайызға төмен бағамен ұсынды. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі өнімдердің тікелей өндірушіден тұрғынға жеткізілуі. Делдалсыз сауда жасау арқылы әрі баға төмендейді, әрі сапаға кепілдік артады. Шаруалар да ұтты: өнімдері өтімді болды, ал тұтынушы да ұтты – арзан әрі сапалы азық-түлік…
Түркістан облысында халықты таза ауыз сумен қамту ісі ең өзекті әлеуметтік мәселенің біріне айналған. Жердің асты да, үсті де бай өлке болғанымен, ауылдағы қарапайым халық үшін ауыз су әрдайым оңайға түскен жоқ. Құдық қазып, судың аз-көптігіне тәуелді болу ауыл тұрмысының шындығы. Енді осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған ірі жобалар қолға алынуда. Соның бірі Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кенті мен Өркениет елді мекеніндегі су жүйелерін жаңғырту жұмыстары, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жобаның құны 3,5 млрд теңгеден асады, соның ішінде республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаржыға салынған істің сапасы да, уақыты да…
Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы өтті. Басқосуда Жыл басынан өңірге 783 млрд теңге инвестиция тартылғаны айтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 11 маңызды мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасап, облыстың экономикалық дамуына тоқталды. – Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына келетін болсақ, алдын-ала есеп…
Қазақстандық рэпер Qarakesek есімімен танылған Омар Амантаев есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалып шықты. Алайда ол әлі де қылмыстық істің негізгі фигуранты болып отыр деп хабарлайды Ertenmedia. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір 31 жастағы рэпердің үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау») бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке қамалған Qarakesek-тің ісі мұнымен аяқталған жоқ. Полиция есірткі затын сақтау фактісі бойынша бөлек қылмыстық іс қозғаған. Омар Амантаевты Ақтөбе қаласында қыркүйек айының басында ұстаған. Тексеру кезінде рэперден белгісіз ұнтақ тәрізді зат салынған…
Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің бүгінгі отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруі мен энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне тоқталып, АҚШ президенті Дональд Трамптың осы бағыттағы мәлімдемесін қолдайтынын білдірді деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысы елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам екенін атап өтті. «Атом энергетикасы саласында бәсекеге қабілетті, дербес индустрия қалыптастыруымыз қажет. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздігіміз үшін өте маңызды. Қазір Атом энергиясы жөніндегі агенттік шағын модульдік реакторларды энергия тапшылығы бар өңірлерде іске қосуға мүмкіндік беретін стратегиялық құжат әзірлеп жатыр», – деді Тоқаев. Осы ретте Президент климатқа қатысты әлемдік деңгейдегі саммиттер туралы ойын ашық жеткізді. «Мен Дубай мен Бакудегі…
Тигран Эдмондович Кеосаян өмірден өтті. Бұл жағдай орыс ақпарат кеңістігі үшін орын толмас қаза екені анық. Өйткені Кеосаян тек өнер адамы болып қана қойған жоқ, соңғы жылдары саяси пропаганданың алдыңғы шебінде тұрды. Оның есімі Ресейдегі «империялық көзқараспен» байланысты аталып, Қазақстанға қатысты да шектен шыққан пікірлері ел жадында қалды. Кеосаянның өмір жолы өнерден басталды. Ол кинорежиссер Эдмонд Кеосаянның отбасында дүниеге келіп, жасынан мәдени ортада тәрбиеленді. ВГИК қабырғасынан түлеп шыққан соң, алғашқыда музыкалық клиптер түсіріп, кейін үлкен киноға бет бұрды. «Бедная Саша», «Ландыш серебристый» секілді фильмдері кеңестен кейінгі кеңістікте белгілі болды. Әкесінен дарыған өнерді жалғастырғандай көрінгенімен, уақыт өте келе оның шығармашылығынан гөрі…
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында әкімдіктің лауазымды қызметкері пара алды деген айыппен сот алдында жауап беруде деп хабарлайды Ertenmedia. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасоваға қатысты істің соттағы жарыссөзі өтті. Прокурор сот залында айыпталушыны қамауға алып, түрме жазасына кесуді сұрады. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, Сәдуақасова қызметін асыра пайдаланып, мердігер компаниялардан бірнеше мәрте ақша талап еткен. Іс материалдарына сәйкес, бөлім басшысы «Дәнекер» ЖШС директорынан атқарылған жұмыс актісіне қол қою үшін 5 миллион теңге сұраған. Ал екінші эпизод бойынша «Азия строй проект 777» ЖШС-нен 8 миллион теңге алған. Параны бірден емес, Kaspi қосымшасы арқылы бірнеше адамның шотына бөліп аудартқан. Айыптау тарапы…










