Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Түркістан облысында биылғы жылыту маусымы 15 қазан мен 1 қараша аралығында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы баспасөз жиынында баяндады «Облысқа жылыту маусымына жалпы көлемі 594,3 мың тонна көмір қажет. Қатты отынды жеткізумен аймақтағы 28 өңірлік оператор айналысады. Қазіргі таңда облыстағы көмір сақтау қоймаларында 94 мың тонна көмір бар. Басқарма тарапынан жасалған талдауға сәйкес, Шұбаркөл маркалы көмірдің орта бағасы сортына қарай тоннасына 21-25 мың теңгені құрап отыр. Облысқа қажетті 8 мың тонна әлеуметтік мазутты ҚР Энергетика министрлігі тарапынан тасымалдаушы операторлар анықталып, бағасы бекітілген. Тасымалдау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Облысқа бюджеттік…

Толық оқу

Назарбаев Университетінде болған суицид фактілеріне қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, аталған оқиғалардың нақты себептері 2025 жылғы қазан айының соңына қарай белгілі болуы мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама жүргізілуде. Бұл оңай жұмыс емес, мамандар терең психологиялық және әлеуметтік факторларды зерттеп, жастардың өмірмен қош айтысуына не себеп болғанын анықтауға тырысуда. Сараптама нәтижесі қоғамның бет-бейнесін көрсетері анық. Себебі бұл тек Назарбаев Университетіне ғана тән жағдай емес. Тамыз айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті ректорлық ғимараттың 14-қабатынан секіріп мерт болған-ды. Ал қыркүйекте тағы бір ҚазҰУ студенті таулы аймақта өлі күйінде табылды. Екі…

Толық оқу
Нұрбол Назарбаевтың рейдерлік әрекетін

Депутат Ермұрат Бапи Бас прокурорға сауал жолдап, Нұрбол Назарбаевтың рейдерлік әрекетін тергеуді талап етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның сөзінше, түнеукүні Мәжілісте көтерілген мәселе ел ішінде көптен бері айтылып жүрген тақырыптың бір шеті ғана. «Әріптесім Ринат Зайыт өткен аптада Болат Назарбаевтың ұлы Нұрболдың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеген еді. Оған қол қойғандардың қатарында мен де бармын. Мақсатымыз атышулы әулеттің ұзақ жыл бойы жазықсыз азаматтарға жасаған қиянатына тосқауыл қойып, әділеттілік орнату», – деді ол. Депутат осыған дейін Нұрбол Назарбаевқа қатысты бірнеше рет сауал жолдағанын, алайда тиісті нәтиже болмағанын атап өтті. Оның пікірінше, әулет өкілдерінен зорлық көрген азаматтардың арыз-шағымын жылы жауып қоюға болмайды. «Алматы облысы,…

Толық оқу

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы ардагерлері өндірістік және инфрақұрылымдық жобалармен, іске қосылған нысандар жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алдымен «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Заманауи орталық бір мезетте 500, тәулігіне 3 мыңға дейін оқушы қабылдай алады. Мұнда бассейн, фитнес және гимнастика залдары, үстел теннисі, жекпе-жек және үстел ойындарына арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар, кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, робототехника, жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді. Келесі нысан – «Қызылорда-Нан» ЖШС-ның нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешені. Қазіргі таңда үш өндірістік цех іске қосылған, алдағы уақытта печенье цехы жұмысын бастайды. Өнімнің…

Толық оқу

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша мемлекеттік сыйақы төлеу тәртібін өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы нарығы қауымдастығы кеңесінің басшысы Елена Бахмутова тұрғын үй жинағы жүйесіндегі мемлекеттік сыйақы тетігін қайта қарауды ұсынды. «Мемлекет тарапынан барлық салымшыға жаппай сыйақы төлеу ысырапшылдық. Бұл тақырып талай жылдан бері талқыланып келеді. Сондықтан сыйақыны жаппай емес, мақсатты әрі нақты топтарға бағыттап, мемлекеттің мүмкіндігіне сай шектеу керек», – деді ол. Бахмутованың айтуынша, тұрғын үй жинақ жүйесіне барлық коммерциялық банктер қатысатын болса, салымшыларға бірдей жағдай жасалуы қажет. «Салымшы белгілі бір банкке тәуелді болмауы тиіс. Мемлекет беретін сыйақы салымшымен бірге жүруі керек. Егер адам жинағын коммерциялық банкте сақтаса,…

Толық оқу

Бурабайда өткен ТМД елдерінің сайлау органдары басшыларының VI отырысы формалды жиын ғана емес, сайлау жүйесінің болашағына қатысты нақты бағыттарды айқындаған алаңға айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға ТМД-ға мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, ТМД Атқарушы комитеті, Парламентаралық ассамблея, халықаралық институттар, жастар ұйымдары және Қазақстанның сайлау комиссиялары қатысты. Қатысушылар құрамы кең болған сайын талқыланған мәселелердің де ауқымы кеңейе түсті. Бұл отырыстың тағы бір ерекшелігі – 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТМД сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық Қазақстанға өткен. Осы тұрғыдан алғанда, Бурабайдағы кездесу қазақстандық төрағалық кезеңнің басталуын айқындаған маңызды кезең болды. Кеңес отырысын ашқан ҚР Орталық сайлау комиссиясының…

Толық оқу

Елордада өскелең ұрпаққа үлгі боларлық ұстаздар аз емес. Олар өз өмірін жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің игілікті ісіне арнаған. Олардың бірі – тарих және география пәнінің мұғалімі Жеңіс Бодешов. Оның педагогикалық өтілі 48 жылды құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Астанада осындай ардақты жандардың бірі – тарих және география пәндерінің мұғалімі, Жеңіс Атайұлы Бөдешов. Оның педагогикалық еңбек өтілі 48 жыл, соның ішінде 28 жыл Ерейментау ауданы Торғай орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Әкесі Атай Бөдешов Ұлы Отан соғысының ардагері, география пәнінің мұғалімі болған. Ол балаларға үнемі дүниежүзінің картасын ашып көрсететін. Сол сәттер Жеңіс Атайұлының бойында, сондай-ақ бауырлары…

Толық оқу
КСРО Путин СССР

Ресей президенті Путин мобилизация жариялағанда «Залым Батыс» Кеңес Одағын ыдыратты, енді соның кебін Ресейге кигізгісі келеді» деген баяғы мифті қайта қозғады. Бұл – Кремльдің басты насихаттық құралдарының бірі. Алайда тарих пен нақты фактілерге үңілсек, Кеңес Одағының ыдырауы Батыстың жоспары емес, ең әуелі ішкі саяси дағдарыстар мен империялық жүйенің тоқырауының салдары болғаны айқын көрінеді. Қайта Батыс елдері  үшін 1991 жылы КСРО-ның ыдырау күтпеген соққы болды. Америкалық зерттеуші Пол Гобл сол кезеңді еске ала отырып, Кеңес Одағының құлауы тек Батыс үшін емес, тіпті ең тәжірибелі «советологтар» үшін де тосын оқиға болғанын айтады. Сол кезде барлығы «ядролық қаруы бар мемлекет ешқашан құламайды» деген…

Толық оқу

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында мемлекеттен баспана алған жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қауіп төніп тұр. Осыдан үш жыл бұрын ғана салынған көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы жарылып, едені шөгіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Жергілікті халықтың айтуынша, тұрғын үйдің сапасыз салынғаны алғашқы жылы-ақ байқалған. Жарықтар кеңейіп, көрші пәтерлерді еш қиындықсыз көруге болады. Тұрғындар үйді апатты деп тануды талап еткенімен, жергілік билік өкілдері бұған негіз жоқ деп бет бақтырмай отыр. Олардың пікірінше, үйдің жағдайы адам өміріне қауіп төндірмейді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы осы үйден пәтер алған тұрғындардың бірі Айгүл Ергешқызы. Бұл жерге үш жыл бұрын қоныс аударғанымен, үйдің қабырғалары бір жыл өтпей жатып…

Толық оқу

Украина әскерилері АҚШ пен Ұлыбританияда ғана бар стратегиялық «Томагавк» қанатты зымырандарын иеленуге ұмтылуда. Генерал-лейтенант, Украина Қарулы күштері Бас штабы басшысының бұрынғы орынбасары Игорь Романенконың айтуынша, тіпті бірнеше ондаған зымыранның өзі Ресейдің стратегиялық нысандарына қысым жасауға жеткілікті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Unian сайтына сілтеме жасап. Қазіргі таңда «Томагавк» зымырандарын ұшыратын жерүсті қондырғылар АҚШ пен Ұлыбританияда ғана бар. Алайда 2026 жылға қарай бұл жүйелер Филиппин мен Германияға да берілуі мүмкін. «Тайфун» деп аталатын ұшыру жүйесі Филиппинге жеткізіліп қойған, ал немістер тиісті сұранысты келесі жылға жолдаған. Бұл үдеріс әлемде жоғары дәлдіктегі қару-жараққа деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Украина да осы тізімнен қалыс қалмауға тырысуда.…

Толық оқу