Трамптың Ақ үйге қайта оралуы Орта Азия мен Қапқаздағы бұрынғы саяси тепе-теңдікті түбегейлі өзгертті деп хабарлайды Ertenmedia. Саясаттанушы Аркадий Дубновтың пайымдауынша, Уашингтонның аймаққа ықпалы артып, Мәскеудің геосаяси сахнадағы рөлі әлсірей бастаған. Оның айтуынша, бұған дейін Ресейдің сателлиті ретінде саналып келген елдер енді Мәскеудің тасасынан шығып, АҚШ-пен ірі келісімшарттарға қол қойып жатыр. «Трамптың келуімен Орта Азиядағы жағдай күрт өзгерді. Мәскеудің «мәмілегерлік монополиясы» жойылып барады», – дейді Дубнов. Тамызда Уашингтонда өткен келіссөзде Армения премьері Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Трамптың арағайындығымен бейбіт келісімге қол қойды. Аймақтың инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобалар АҚШ-тың қолдауымен іске асады. Осылайша, Ресей талай жыл «бас мәмілегер»…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстандықтардың көбі елдің қарулы күштеріне сенеді, бірақ әскердегі әлімжеттік пен жемқорлық мәселесі қоғамды алаңдатып отыр деп хабарлайды Ertenmedia. DEMOSCOPE зерттеу бюросы жүргізген сауалнамаға сәйкес, ел азаматтарының 66,9 пайызы Қазақстан армиясы сырттан төнген қауіп-қатерге төтеп бере алады деп санайды. Дегенмен, қоғамда қалыптасқан теріс пікір әскердің ішкі ахуалынан туындап отыр. Ел тұрғындарының 37,8 пайызы әскердегі әлімжеттік пен зорлық-зомбылыққа алаңдаулы. Одан кейінгі орында жемқорлық мәселесі 34,9 пайыз. Әскердегі техниканың ескіруі мен инфрақұрылымның артта қалуы да қазақстандықтарды мазалайтын негізгі факторлар қатарында. Зерттеу әскердегі ахуалдың жастар арасында теріс қабылданып жатқанын анықтады. 18-29 жас аралығындағы азаматтардың басым бөлігі (44,7 пайыз) армияны толықтай келісімшарт негізіне көшіруді қолдайды.…
Елордадағы тұрғын үйлердің жылу жүйесі мен қауіпсіздігіне байланысты маңызды деректер жарияланды. Қала аумағында 33 мыңға жуық жеке тұрғын үй болса, оның 22 600-і әлі де көмірмен жылытылады, ал 10 400 үй орталық газбен қамтамасыз етілген. Қысқы маусымда пешпен жылытылатын үйлерде өрт қаупі артып, әрбір отбасының қауіпсіздігі сынға түседі. Сол себепті Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын арнайы жоспар жасап, тамыздан бастап сәуірге дейін тұрғын үйлерді аралап, тексеріс жүргізеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жылу маусымына дайындық жұмыстары ең әуелі әлеуметтік осал топтарға бағытталуда. 765 отбасы есепке алынып, олардың 132-сінде арнайы көміртегі тотығы датчиктері орнатылған. Бұл…
Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу жүйесінен бас тартып, халықты қолдаудың жаңа тәсіліне көшеді деп хабарлайды Ertenmedia. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында бұған дейінгі бағаны реттеу әдісін нарыққа жасаған қысым деп атады. Министрдің пайымынша, әлеуметтік маңызды өнімдер тізімін жасақтап, өндірушілерге бағаны таңып беру ескірген әдіс. Жаңа жүйеге сәйкес, Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында пилоттық жоба басталды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар цифрлық азық-түлік ваучерін алады. Мұндай ваучер жыл бойы азық-түлікті жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. «Бұл тәсіл әлдеқайда тиімді. Өндірушілер де, тұтынушылар да әкімшілік қысымнан босайды. Нарықтың тынысы кеңейіп, бәсеке күшейеді», – деді Шаққалиев. Оның…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездесті деп хабарлайды Ertenmedia. Келіссөз барысында цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыштық байланыс саласындағы стратегиялық ынтымақтастықтың перспективалары сөз болды. Amazon компаниясы Қазақстанды жай ғана жаңа нарық емес, Орталық Азиядағы спутниктік интернет-хаб құратын маңызды плацдарм ретінде таңдаған. Қазірдің өзінде Amazon Kuiper мен «Қазақтелеком» серіктестік келісімге қол қойып, ел аумағында заманауи спутниктік интернет инфрақұрылымын салуға келісті. Алдағы уақытта Amazon Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында қажетті жерүсті кешендерін орнатуға 200 млн доллар инвестиция құяды. Цифрлық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл Amazon компаниясының Орталық Азияға жасаған алғашқы әрі ауқымды қадамы. Kuiper жобасы бойынша орбитаға…
Астанада «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жастарға бағытталған ерекше жоба жүзеге асуда. Astana Tourism туризмді дамыту орталығы ұйымдастырған бұл кәсіптік бағдар беру бағдарламасы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне болашақ мамандығын көзбен көріп, қолмен ұстағандай таныстыруға бағытталған. Астаналық жастар нақты өндіріс орындарына барып, зауыт-фабрикалардың, оқу орындары мен қонақүйлердің жұмысын көру – жас буын үшін үлкен тәжірибе. Бағдарлама аясында 120-дан астам мектеп пен 20 колледж қамтылып, сәуірден бері үш мыңнан астам жасөспірім түрлі экскурсияларға қатысып үлгерген. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 12 500-ге жетеді деп жоспарланып отыр. Балалар өз көзімен тігін фабрикасындағы қарапайым матаның дайын киімге айналғанын көрді, «Аромат» кәсіпорнында парфюмерия өндірісімен танысты.…
Маңғыстау облысында әскери борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз әлімжеттікке шыдамай, өз-өзіне қол салмақ болған. Жас жігіт қазір психиатриялық орталықта жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia Информбюроға сілтеп. Оқиға Бейнеу ауданындағы №99116 әскери бөлімінде болған. Сарбаздың анасы Лаура Шынтемірованың айтуынша, ұлын әскерде ұрып-соғып, психологиялық тұрғыдан әбден қорлаған. Әскери басшылық сарбаздың ауруханаға түскенін отбасынан жасырып қалған. Анасы бұл туралы басқа сарбаздардың ата-аналарынан кездейсоқ естіпті. «Маған командир хабарласып, ұлымның жүрегі мен бүйрегінде ақау бар, емханаға апарамыз деген. Ал шындығында оны жасырын түрде психдиспансерге жатқызыпты. Басқа ата-аналардан естімесем, бұдан мүлде хабарсыз қалар едім», – дейді сарбаздың анасы. Әскерде жас сарбаздарға дәретхана тазалатып, ауыр жұмысқа жегеді…
Нью-Йоркке барған сапарында президент Тоқаев Ақ үй басшысы Дональд Трамппен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Ertenmedia. Кездесудің жай-жапсарын талдаған саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пайымдауынша, Тоқаев пен Трамп арасындағы әңгіме әдепкі дипломатиядан гөрі нақты экономикалық мәселелерге бағытталған. Ақорданың ресми хабарламасында да екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың келешегі сөз болғаны айтылады. Әсіресе, сирек кездесетін металдар экспорты, сауда тарифтері, энергетикалық жобалар мен Қазақстанға салынатын инвестиция тақырыптары қозғалған болуы мүмкін. «Трамптың экономикалық мәселелерді, нақты пайда әкелетін жобаларды талқылауға бейім екені білеміз. Ол бос сөзді ұнатпайды. Кездесу барысында екі елге де пайдалы, тиімді жобалар сөз болған сияқты», – деп пайымдайды саясаттанушы. Бұдан бөлек Тоқаев АҚШ-тың Goldman Sachs,…
Алматыда өзін «қазақ Робин Гуды» деп насихаттаған блогер Ілияс Сәриев пен оның серіктесі Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Тергеу материалдары бойынша, тұрақты табысы болмаған Сәриев әлеуметтік желідегі танымалдылығын пайдаланып, қайырымдылықты «бизнеске» айналдырған. Instagram-дағы парақшасында мұқтаж жандарға қаражат жинау үшін арнайы науқан ашатынын хабарлап, алдына келгендерден қомақты сома талап етіп отырған. Іске қатысты 26 эпизод тіркелген. Бір мысал Кожамжарова есімді азаматшаның жағдайы. Оның туысы бүйрек ауруына шалдығып, Украинада емделу үшін 35 млн теңге қажет болған. Осыны естіген Сәриев көмек үшін 1,5 млн теңге ақы сұрап, алдын ала 500 мың теңгені танысының шотына аудартқан. Бірақ ақыры ешқандай көмек…
Бүгінде Украинадағы соғыс майдан даласындағы қақтығыстардан бөлек, экономикалық және стратегиялық құралдар арқылы да жүріп жатыр. Forbes журналында жарияланған америкалық сарапшы Викрам Митталдың мақаласы бұл шындықты айқын көрсетеді. Онда Украина дрондарының Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасаған соққылары Мәскеудің әскери бюджетіне ауыр соққы болып тигені айтылған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бір жыл бұрын Киевтің қолында ешқандай «козырь» жоқ деген пікірлер жиі айтылатын, ал бүгінде жағдай түбегейлі өзгерген. Украина қолына нақты стратегиялық артықшылық алып, Кремльдің қаржылық жүйесін шайқалтуда. Сарапшылардың есебінше, тек тамыз айының өзінде Ресейдің мұнай өңдеу қуатының шамамен 17 пайызы тоқтап қалған. Қыркүйекте де шабуылдар жалғасып, нәтижесінде Ресей ішінде жанармай тапшылығы мен…
