Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Түркістан облысында халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған ең маңызды қадамдардың бірі – табиғи газбен қамтамасыз ету ісі қарқын алып келеді. Көптен бері күткен қуанышқа Арыс қаласына қарасты Саналы елді мекенінің тұрғындары да жетті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жылдар бойы отын тасып, көмірдің түтініне тұншығып келген ауыл жұрты үшін көгілдір отынның келуі – тек тұрмыстық жеңілдік емес, өмір сапасының жаңа деңгейі. Ауылға алғаш рет газ берілген сәттің куәсі болған қала әкімі Қайсар Маңқараевтың сөзі көптің көкейіндегі ойды дөп басты: мемлекет халықтың жағдайын көтеруді басты назарда ұстап отыр, ал ауылға газ келуі – соның…

Толық оқу

Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толды. Мерекені қала халқы сенбінің жаймашуақ күнінде бірге атап өтті. Мерекені тойлату Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Шаһар басшысы Асхат Бердіханов қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман апамызбен, қаланың қадірлі ақсақалдарымен, тұрғындармен бірге Димаш атамыздың рухына тағзым етті. Кейіннен ол шаһардың экономикалық дамуына ықпал етіп отырған кәсіпорындардың көрмесін тамашалады. Көрмеге жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» ЖШС, қазақстандық антифриз брендінің негізін қалаушы «Бағашар мекен» ЖШС, құтылар шығаратын «Юнипак Шымкент» ЖШС, Қосқұдық ауылындағы кірпіш зауыты, трансформаторлар шығаратын «ПФ Электросервис» ЖШС өнімдері қойылған. Аталған өндіріс ошақтары бірнеше жыл бұрын негізі қаланып, өз кәсібін…

Толық оқу

Еңбек күні қарсаңында елорданың Байқоңыр ауданында коммуналдық сала мамандарына және еңбек әулеттеріне құрмет көрсетілді. Қарапайым халықтың күнделікті өмірін ыңғайлы, қауіпсіз әрі таза етуге үлес қосып жүрген еңбек адамдары үшін ұйымдастырылған шара шын мәнінде қоғамдағы ең мәртебелі еңбектің бағалануы еді. Қала көшелерін күтіп, жарықты үзбей жеткізіп, суды ағызып, жылуды уақытында беріп отырған адамдардың еңбегі көп жағдайда көзге көрінбейді. Бірақ дәл осындай көрінбейтін жұмыс қаланың тынысын ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі екенін елорда тұрғындары жақсы біледі. Салтанатты рәсімде коммуналдық кәсіпорындардың үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Бұл еңбектің ешқашан елеусіз қалмайтынын дәлелдейтін қадам. Жиналғандарға мерекелік концерт ұсынылып, мерейлі сәт әдемі атмосферада жалғасты. Ең…

Толық оқу

Орталық Азияда алғаш рет әлемге әйгілі New York Film Academy оқу орнының филиалы іске қосылды. Жаңа кампус Energo University мен Dala Edge креативті паркі базасында құрылды. Бұл жоба халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтырған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға академия президенті Майкл Янг, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, АҚШ-тың ресми өкілдері және кино мен медиа саласының мамандары қатысты. Ашылу рәсімі кәдімгі ресми форматтан гөрі шығармашылық стильде өтті. Қонақтарды «дубль түсіру» элементтері бар ерекше қойылым қарсы алып, кештің атмосферасы кино әлемінің рухын бірден сездірді. Кампус инфрақұрылымы да заман…

Толық оқу

Бүгін Түркістан қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында «Таза Қазақстан – болашақ үшін» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жобасы аясында өтті. Сонымен қатар ол кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орайластырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Акцияның негізгі мәні тек тазалық жұмысына тірелмейді. Оның астарында қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгерту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың ортақ іске жұмылуын күшейту жатыр. Қатысушылар аумақтарды тазалап қана қоймай, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, жасыл желекті көбейтуге үлес қосты. Шараға кәсіподақ мүшелері, ұйым қызметкерлері, еріктілер мен жастар, сондай-ақ түрлі мекеме өкілдері белсенді қатысты.…

Толық оқу

Алматы облысының прокуратурасы соңғы үш жылда мемлекет меншігіне миллиардтаған теңгеге бағаланған жер телімдерін қайтарды деп хабарлайды Ertenmedia. Облыс прокуратурасының мәліметінше, құзырлы органдармен бірлескен жүйелі жұмыстың нәтижесінде мемлекетке құны 6,1 млрд теңгені құрайтын 83 мың гектар жер қайтарылған. Соның ішінде бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер, олардың туыстары және Forbes тізіміне енген тұлғалар иелік еткен құны 1,6 млрд теңгелік 21 мың гектар жер телімі бар. Әсіресе, Балқаш-Алакөл бассейні инспекциясы және Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе атқарылған шаралардың нәтижесі айқын көрінді. Прокуратураның талабымен 2025 жылдың мамыр айында Қапшағай жағалауында орналасқан аса бағалы жер телімі де мемлекетке қайтарылды. Бұл аумақ бұрын ұзақ жылдар бойы Күлібаевтар…

Толық оқу

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың БҰҰ-дағы сөзі наразылыққа ұласып, бірқатар араб елдерінің өкілдері жиын залынан шығып кетті деп хабарлайды Ertenmedia. Нью-Йоркте өтіп жатқан Бас Ассамблеяның 80-ші сессиясында Нетаньяху сөзін бастамас бұрын, ХАМАС ұйымының 2023 жылғы 7 қазанда жасаған шабуылы туралы арнайы бейнежазба көрсетілді. Жазбада қарулы топ мүшелерінің камерасына түсіп қалған шабуылдың кадрлары бар еді. Иран делегациясы бейнежазба басталған сәтте-ақ залдан шығып, өз орындарына Израиль әскерінің шабуылынан зардап шеккен бейбіт тұрғындардың фотосуретін қалдырып кеткен. Өз кезегінде Израиль премьері ХАМАС-ты қаруды тастап, кепілге алынған азаматтарды босатуға шақырды. «Қару тастап, кепілдегілерді түгелдей босатсаңыздар, өмір сүресіздер», – деді Нетаньяху БҰҰ мінберінен. Сондай-ақ Израиль басшысы АҚШ…

Толық оқу

Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев аймақтың әлеуметтік нысандарын аралап, халықты қолдау және жұмыспен қамтуға бағытталған жобалардың барысымен танысты. Бұл сапардың мәні – ресми тұлғаның жұмыс есебі ғана емес, өңірдің әлеуметтік тынысын бағамдау, ондағы халықтың нақты мұқтаждықтарына назар аудару, – деп жазады Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндамасында жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қолдауды күшейту және денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сапар аясында Ермек Көшербаев «Қамқорлық» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Бұл орталық менталды бұзылыстары бар және мүгедектігі бар балаларға арналған. Мұнда 3…

Толық оқу

Түркістан қаласында өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі халықтың көңілінен шығып, көптің ризашылығына бөленді. Қарапайым жұрт үшін азық-түлік бағасының әр теңгесі маңызды екені жасырын емес. Әсіресе соңғы жылдары нарықтағы қымбатшылықтың белең алғанын ескерсек, мұндай шаралардың әлеуметтік салмағы орасан, – деп жазады Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жәрмеңкеге қатысқан жергілікті кәсіпкерлер ет-сүт өнімдерін, күнделікті тұтынатын тауарларды нарықтағы бағадан 30-50 пайызға төмен бағамен ұсынды. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі өнімдердің тікелей өндірушіден тұрғынға жеткізілуі. Делдалсыз сауда жасау арқылы әрі баға төмендейді, әрі сапаға кепілдік артады. Шаруалар да ұтты: өнімдері өтімді болды, ал тұтынушы да ұтты – арзан әрі сапалы азық-түлік…

Толық оқу

Түркістан облысында халықты таза ауыз сумен қамту ісі ең өзекті әлеуметтік мәселенің біріне айналған. Жердің асты да, үсті де бай өлке болғанымен, ауылдағы қарапайым халық үшін ауыз су әрдайым оңайға түскен жоқ. Құдық қазып, судың аз-көптігіне тәуелді болу ауыл тұрмысының шындығы. Енді осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған ірі жобалар қолға алынуда. Соның бірі Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кенті мен Өркениет елді мекеніндегі су жүйелерін жаңғырту жұмыстары, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жобаның құны 3,5 млрд теңгеден асады, соның ішінде республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаржыға салынған істің сапасы да, уақыты да…

Толық оқу