Қоғам белсендісі Ғалым Байтук өзінің Фейсбуктағы парақшасында Мұрат Нұртілеудің жаңа қызметіне қатысты ойымен бөлісіпті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында: «Кеше ғана елдің атынан президенттермен, мемлекеттік хатшылармен сөйлескен вице-премьер мен Сыртқы істер министрі бүгін инвесторға телефон шалып, құжат рәсімдеумен айналысатын көмекшіге айналды. Бұл – үлкен кеменің капитанын моторлы қайыққа отырғызып қойып, «миссияң маңызды» дегенмен бірдей», – деп мысал келтіріпті. Ғалым Байтуктің ойынша, Мұрат Нұртілеу инвестиция саласын бұған дейін де бақылап келгенін тілге тиек етеді. Айтқандай бұған дейін де Мұрат Нұртілеудің қол астында Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» сияқты ірі квазимемлекеттік құрылымдар болғанын білеміз. Қоғам белсендісі бұл тағайындаудың себебін соңғы жылдары халықаралық алаңдардағы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматыда оңтүстік өңірден жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қала тұрғындарына ұсынылған өнім көлемі 500 тоннадан асады. Жәрмеңкеге ет, көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімдері, балық және жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарының тауарлары шығарылған. Ең бастысы – өнімдер нарықтағы бағадан 15–20 пайызға арзан сатылып жатыр. Бұл қала халқы үшін сапалы әрі қолжетімді азық-түлік алуға мүмкіндік береді. Шараның негізгі ерекшелігі – өнімнің тікелей өндірушіден сатылуы. Яғни делдалсыз жеткізілген ауыл өнімдері балғын күйінде ұсынылады. Осындай формат бір жағынан тұтынушыға тиімді болса, екінші жағынан шаруалар үшін де өз өнімін өткізуге қолайлы алаң қалыптастырады. Жәрмеңке 27–28…
Қазақстан атом энергетикасына қажет мамандарды дайындау ісін күшейтпек. Алдағы уақытта бұл салада кадрларға сұраныс артады, деп хабарлайды Ertenmedia. Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, атом саласы ғылым мен технологияның үздік жетістіктерін қажет ететін стратегиялық бағыт. Сондықтан елге физика, инженерия, химия, материалтану және IT бағытында мықты дайындықтан өткен мамандар керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның жетекші университеттері Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Дәукеев атындағы АЭжБУ, Серікбаев атындағы ШҚТУ және Шәкәрім атындағы университетте атом саласына қажет мамандарды даярлау бағдарламалары бар. Сондай-ақ, Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты осы мамандардың тәжірибеден өтіп, ғылыми зерттеулермен айналысуына жағдай жасап отыр. «Елде…
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы жыл соңына дейін 541-547 теңге аралығында тұрақтайды деп хабарлайды Ertenmedia. ВСС Invest сараптамалық департаментінің директоры Сұлтан Жұмағали ұлттық валютаның алдағы айларда күрт құнсыздануы болмайтынын айтады. Сарапшының базалық болжамына сүйенсек, теңге бағамы желтоқсан айының соңында 547 теңге шамасында сақталады. «Қазірдің өзінде доллар бағамы 540 теңгеге жетті. Жыл соңына дейін осы деңгейде тұрақтайды. Базалық сценарий бойынша, жаңа жыл қарсаңында бағам 547 теңгеден аспайды. Доллар құнының 550-560 теңгеден жоғары көтерілуі екіталай. Әрине, нарықта теріс сценарий де бар. Ол жағдайда теңге 570-ке дейін әлсіреуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайдың ықтималдығы аз», – деді сарапшы. Жұмағалидың айтуынша, теңгенің күрт әлсіреуіне жыл соңында…
Қазақстан экономикасында мұнайдың дәуірі аяқталып келеді. Елдің ішкі жалпы өніміне қара алтынның қосар үлесі алдағы жылдан бастап азая түседі деп хабарлайды Ertenmedia. Қазақстан Growth Forum жиынында сөз алған вице-премьер Серік Жұманғарин осы мәселеге ерекше тоқталды. Оның айтуынша, елде мұнай өндіру ең жоғары деңгейге жеткен. Алдағы жылдан бастап одан түскен табыс экономиканың негізгі көрсеткішін айтарлықтай өсіре алмайды. «Мұны жақсы жаңалық деп қабылдауға болатын шығар. Мұнайдың көлеңкесінде қалған өңдеу өнеркәсібі өткен жылы ІЖӨ-ге 12,4 пайыз үлес қосты. Мұнай өндірісінің үлесі 12 пайызға жетті. Биыл да шамамен осы деңгейде сақталады. Бірақ алдағы уақытта мұнайдың экономикадағы рөлі әлсірей береді. Осы тұрғыдан 2025 жыл ел…
Түркістан облысында халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған ең маңызды қадамдардың бірі – табиғи газбен қамтамасыз ету ісі қарқын алып келеді. Көптен бері күткен қуанышқа Арыс қаласына қарасты Саналы елді мекенінің тұрғындары да жетті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жылдар бойы отын тасып, көмірдің түтініне тұншығып келген ауыл жұрты үшін көгілдір отынның келуі – тек тұрмыстық жеңілдік емес, өмір сапасының жаңа деңгейі. Ауылға алғаш рет газ берілген сәттің куәсі болған қала әкімі Қайсар Маңқараевтың сөзі көптің көкейіндегі ойды дөп басты: мемлекет халықтың жағдайын көтеруді басты назарда ұстап отыр, ал ауылға газ келуі – соның…
Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толды. Мерекені қала халқы сенбінің жаймашуақ күнінде бірге атап өтті. Мерекені тойлату Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Шаһар басшысы Асхат Бердіханов қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман апамызбен, қаланың қадірлі ақсақалдарымен, тұрғындармен бірге Димаш атамыздың рухына тағзым етті. Кейіннен ол шаһардың экономикалық дамуына ықпал етіп отырған кәсіпорындардың көрмесін тамашалады. Көрмеге жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» ЖШС, қазақстандық антифриз брендінің негізін қалаушы «Бағашар мекен» ЖШС, құтылар шығаратын «Юнипак Шымкент» ЖШС, Қосқұдық ауылындағы кірпіш зауыты, трансформаторлар шығаратын «ПФ Электросервис» ЖШС өнімдері қойылған. Аталған өндіріс ошақтары бірнеше жыл бұрын негізі қаланып, өз кәсібін…
Еңбек күні қарсаңында елорданың Байқоңыр ауданында коммуналдық сала мамандарына және еңбек әулеттеріне құрмет көрсетілді. Қарапайым халықтың күнделікті өмірін ыңғайлы, қауіпсіз әрі таза етуге үлес қосып жүрген еңбек адамдары үшін ұйымдастырылған шара шын мәнінде қоғамдағы ең мәртебелі еңбектің бағалануы еді. Қала көшелерін күтіп, жарықты үзбей жеткізіп, суды ағызып, жылуды уақытында беріп отырған адамдардың еңбегі көп жағдайда көзге көрінбейді. Бірақ дәл осындай көрінбейтін жұмыс қаланың тынысын ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі екенін елорда тұрғындары жақсы біледі. Салтанатты рәсімде коммуналдық кәсіпорындардың үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Бұл еңбектің ешқашан елеусіз қалмайтынын дәлелдейтін қадам. Жиналғандарға мерекелік концерт ұсынылып, мерейлі сәт әдемі атмосферада жалғасты. Ең…
Орталық Азияда алғаш рет әлемге әйгілі New York Film Academy оқу орнының филиалы іске қосылды. Жаңа кампус Energo University мен Dala Edge креативті паркі базасында құрылды. Бұл жоба халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтырған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға академия президенті Майкл Янг, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, АҚШ-тың ресми өкілдері және кино мен медиа саласының мамандары қатысты. Ашылу рәсімі кәдімгі ресми форматтан гөрі шығармашылық стильде өтті. Қонақтарды «дубль түсіру» элементтері бар ерекше қойылым қарсы алып, кештің атмосферасы кино әлемінің рухын бірден сездірді. Кампус инфрақұрылымы да заман…
Бүгін Түркістан қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында «Таза Қазақстан – болашақ үшін» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жобасы аясында өтті. Сонымен қатар ол кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орайластырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Акцияның негізгі мәні тек тазалық жұмысына тірелмейді. Оның астарында қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгерту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың ортақ іске жұмылуын күшейту жатыр. Қатысушылар аумақтарды тазалап қана қоймай, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, жасыл желекті көбейтуге үлес қосты. Шараға кәсіподақ мүшелері, ұйым қызметкерлері, еріктілер мен жастар, сондай-ақ түрлі мекеме өкілдері белсенді қатысты.…










