Автор: Асылхан Бөрібай

Министр Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шараларды жариялап,кең көлемді «Береке Fest» акциясының өтетінін хабарлады. Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуде. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам сауда желілерінің өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға Қазақстан сауда желілері қауымдастығы, облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Magnum Cash&Carry, Small&Skif,Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart, Galmart, INMART, Greenwich және басқада ірі сауда желілері қатысты. Министр Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салып, бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Жыл басынан бері Министрліктің аумақтық…

Толық оқу

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Алаяқтардан қорғанудың актуалды әдістері мен құралдары» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Жиынның мақсаты – жастарды алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтандыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру сондай-ақ, қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру. Іс-шараға Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Абдрахимов, Талдықорған ҚПБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Айдана Башчикулова, Халық Банк карталық бизнес орталығының бөлім басшысы Әлібек Керімбаев, Халык Банк қауіпсіздік қызметінің бас маманы Саликов Ринат қатысып қатысып, маңызды мәліметтермен бөлісті. Жиында алаяқтықтан қорғанудың негізгі әдістері мен заманауи құралдары түсіндірілді. Интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтық, әлеуметтік желілердегі жалған парақшалар,…

Толық оқу

Астана қаласындағы Сарайшық ауданында ерекше бір мәдени шара өтті. Жаңа муралдың бейнесі тұрғын үйдің қасбетін айшықтап, қалаға жаңа реңк берді. Бұл сурет Президенттің 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған бастамасына орай жасалған екен. Көрнекі паннода қарапайым еңбектің қадірін арттырған тұлғалар – құрылысшы, дәрігер, агроном, электрик, өрт сөндіруші және теміржолшы бейнеленіп, қоғамның тірегі саналатын әрбір мамандықтың маңызын айшықтап тұр, – деп жазады  Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарқын бояулармен салынған суреттің өзі еңбекке деген құрметтің символына айналғандай. Көшеде жүрген әрбір адам осы бейнелерге көз тастап, еңбек адамының қадірін еске алады. Бұл бір ғана өнер туындысы емес, қоғамға…

Толық оқу

Елордада «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында кезекті рейдтік шара өтті. Сарыарқа ауданы әкімдігі, аудан прокуратурасы, полиция басқармасы және «Жастар рухы» еріктілері бірігіп, ойын-сауық орындарын аралады. Негізгі мақсат – кальян мен электронды темекіні қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салатын заң нормаларының орындалуын қадағалау, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жай ғана тексеріс емес, қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың денсаулығын қорғауға бағытталған бастама. Өйткені қоғамда қалыптасқан салт-сана мен заң талаптарын елемеу – ертеңгі ұрпаққа қауіп төндіреді. Қазіргі таңда заң бәріне бірдей. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 441-бабында қоғамдық орындарда темекі өнімдерін қолдануға қатаң тыйым салынған. Оған кәдімгі шылым…

Толық оқу

Елордада ерекше мазмұндағы көрме өтті. «Таза Қазақстан» акциясының аясында Байқоңыр аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған суреттер жұртшылық назарына ұсынылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Esil University студенттері қатысып, ондаған жұмыстары қойылды. Көрменің ерекшелігі – экология тақырыбының жаңа қырынан көрсетілуінде. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның бүгінгі сын-қатерлері мен Қазақстанның болашағы студенттердің көзқарасымен бейнеленіп, жасанды интеллект арқылы көркем тілмен жеткізілді. Байқауға барлығы 30-ға жуық студент қатысса, соның ішінен 10 үздік жас суретші финалға өтті. Олардың жұмыстары қазылар тарапынан түпнұсқалық идеясына, көркемдік сапасына, «Таза Қазақстан» тақырыбына сәйкестігіне…

Толық оқу

Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысын шетелдік инвесторлар жалғастыра беретін болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін ел билігі жоба тізгінін шетелдік компаниялардан алып, құрылысты толық «ҚазМұнайГаздың» бақылауына өткізу туралы ойланып жүрген. Бірақ үкімет инвесторлармен жаңа келісімге келіп, жобаны қайта құрылымдауға көндірген сыңайлы. Upstream Online басылымының үкіметтегі дереккөзіне сүйеніп хабарлауынша, енді Eni, Shell, Chevron және «Лукойл» компаниялары «ҚазМұнайГазбен» бірге бөлек консорциум құрып, зауыт құрылысын аяқтап, оны бірлесіп басқаратын болды. Маңыздысы сол жаңа консорциум Қарашығанақ кенішін игерудегі қазіргі өнімді бөлісу келісімінен тыс жұмыс істейді. Демек, жобаның құқықтық және қаржылық шарттары қайта қаралады. Осы жылдың маусымында Қазақстан тарапы шетелдік компанияларға хат жолдап, зауыт құрылысын…

Толық оқу

Астана Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті шешуге арналған келіссөз алаңы болуға әзір, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжілістегі халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Айдос Сарым RTVI арнасына берген сұхбатында осылай деді. Депутаттың айтуынша, Қазақстан екі ел арасындағы қақтығысты тоқтатуға ықпал ете алса, сыртқы саясаттағы ірі жетістік болар еді. Оның пікірінше, Астанада Владимир Путин, Дональд Трамп және Владимир Зеленскийді бір үстел басына жинау Қазақстан үшін айтулы тарихи оқиға. «Қазақстан мұндай тарихи келіссөздердің алаңына айналса, дипломатиядағы үлкен биікке шығар еді. Президенттің сыртқы саясаттағы ең елеулі жеңісі болатын еді. Қақтығысты тоқтатып, әлем назарындағы тұлғаларды Астанада тоғыстыру дипломатиялық тұрғыдан алып қарағанда аса зор…

Толық оқу

Атыраудағы «стоматология ісі» бойынша ұсталғандардан тәркіленген мүліктің тізімі жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia. Күдіктілердің зейнетақы қорынан заңсыз шығарып алған ақшасына сатып алынған мүліктерінің қатарында Mercedes-Benz G-класс, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade секілді құны 600 миллион теңгеден асатын 15 қымбат көлік, элиталы пәтерлер, коммерциялық нысандар мен бағалы зергерлік бұйымдар бар. Қаржы мониторинг агенттігінің дерегінше, күдіктілер жалған стоматологиялық емханалар ашып, соның атынан зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 200 миллиард теңгеден астам қаржыны шешіп алған. «Жалған стоматологиялар» Атыраудан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау сияқты ірі қалаларда тіркелген. Шын мәнінде әлгі ұйымдардың тіс емдейтін ғимараты да, құрал-жабдықтары да, кәсіби дәрігерлері де болмаған. Құрылтайшыларының медициналық білімі де…

Толық оқу

Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Салим бин Мұхаммед Әл-Малик бастаған делегация Түркістан облысына ресми сапармен келді. Сапар Арыстан баб кесенесіне зиярат етуден басталды. Мәртебелі меймандарды  арнайы күтіп алған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі тарихи нысандармен таныстырды. Қонақтар әрі қарай ежелгі Отырар қалашығына барып, отырарлық өркениеттің бай мұрасымен, археологиялық жәдігерлермен және қалашықтың тарихымен танысты. Сапар барысында тарихи нысандарды Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі де қарастырылды. Сонымен қатар, іссапар Түркістан қаласында жалғасып, делегация мүшелері сәулетімен талайды тамсандырған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралады. Одан кейін «Керуен сарай» туристік кешеніне барды. Айта кетейік, делегация сапары ертең…

Толық оқу

Genesis Орталық Азиядағы орбитасын кеңейтіп, Алматыда әйдік шоурумын ашты, деп хабарлайды Ertenmedia. Hyundai Motor Group-тің премиум класына кіретін брендтің осы қадамы жаһандық экспансияның бір тармағы. Қыркүйектің 9-ы күні ашылған Genesis Showcase орталығының иесі Astana Motors. Үш қабатты ғимараттың аумағы 965 шаршы метр. Мұнда сату, сынақ-драйвы және сервистік қызмет толық қамтылған. G90-ның ұзартылған нұсқасы, GV80 мен GV70 SUV-тері, G80 седаны мен G70 Shooting Brake моделі қаз-қатар тізіліп тұр. Genesis былтыр қарашада Қазақстан арқылы Орталық Азия нарығына алғаш рет қадам басқан. Елдің соңғы бес жылда автонарығы үш есе өсіп, 60 мыңнан 200 мың данаға жетті. Ресейге қатысты санкцияның әсерінен көрші елден ағылатын…

Толық оқу