Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Жамбыл ауданындағы Теміржол ауылдық округінде іске қосылған «Қазыбек бек» индустриялық аймағы өңір экономикасының жаңа бағытын айқындаған маңызды жобаға айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты ашылу рәсіміне бизнес өкілдері, инвесторлар, жергілікті билік пен тұрғындар қатысты. Жалпы аумағы 900 гектарды құрайтын индустриялық аймақ металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі және өнеркәсіптік жабдықтар шығаруға бағытталған. Сонымен қатар жүк сақтау және логистика қызметтері де осы алаңда дамиды. Жобаны толық іске асыру 2027–2029 жылдарға жоспарланған. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл бастаманың стратегиялық мәніне тоқталды. Оның айтуынша, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту – ел экономикасының басты бағытының бірі. Мемлекет басшысы да Жолдауында экономиканы әртараптандыру мен терең өңделген өнім…

Толық оқу

Елордада «Заң және Тәртіп» қағидаты аясындағы «Астана – есірткіге қарсы» айлығы жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл жолғы екпін жастар тұратын жатақханаларға жасалған профилактикалық рейдтер, есірткі жарнамасын онлайн кеңістікте бұғаттау және студенттердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, түсіндіру жұмыстары колледждер мен универлерде лекция, ашық әңгіме, интерактив форматында жүріп жатыр. Бүгінде телеграм-каналдар, аноним маркетплейстер, крипто-төлем, «координата тастайтын» курьерлік үлгілер есірткі бизнесінің көргін қыздурда. Сол үшін прокуратура, полиция және кинологиялық қызмет бірлесіп, жатақханалар мен күмәнді локацияларды нысанаға алды. Иісшіл иттер аула-ауланы, бос ғимараттарды шолып, жасырын «қоймалардың» ізін кесуде. Сарыарқа ауданы…

Толық оқу
Жаппаров Тәшиев

Қырғызстанда парламенттің өзін-өзі таратуы кезекті саяси кезеңнің басталуына жол ашты. Бұл шешім сырт көзге күтпеген оқиға болып көрінгенімен, қырғыз қоғамы үшін мұндай өзгерістер тосын емес. Тәуелсіздік жылдарында елде билік бірнеше рет ауысып, саяси жүйе тұрақты форма таба алмай келеді. Ал қоғам биліктен үміт күтуді де, көңілі қалған сәтте өзгеріс талап етуді де әдетке айналдырған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоғарғы Кеңештің бұл жолғы шешімі дүрбелеңсіз қабылданды. Парламент төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлының айтуынша, президенттік және парламенттік сайлауды бір мезетте өткізу қиындық туғызады. Сондықтан сайлау мерзімдерін бөліп қарау қажет болған. Осы уәжбен депутаттар өзін-өзі таратуға келісім берген. Бұл шешімнің артында тек техникалық себеп емес, саяси…

Толық оқу

Алматы әуежайынан көзге түскен әйгілі Джеки Чанның Қазақстанға келу себебі көпшіліктің қызығушылығын туғызған болатын. Ақпарат құралдары әр қырынан жазғанмен, шын мәнінде оның сапарының астарында үлкен мәдени әрі кинематографиялық серіктестік жатқанын Ertenmedia анықтады. Аңызға айналған актер, режиссер, сценарист әрі продюсер Джеки Чан Salem Entertainment командасымен арнайы кездесіп, Қазақстанда түсірілетін жаңа бірлескен жобаны талқылауға келіпті. Salem Entertainment өкілдерінің айтуынша, түсірілімнің негізгі бөлігі Қазақстан аумағында өтпек. Джеки Чан Алматыға келгенде болашақ картинаның түсірілім алаңдарын аралап, табиғи көріністердің кино өнеріне қандай әсер беретінін бағамдаған. Қазақстанның кең байтақ даласы, әсем табиғаты мен заманауи қалалары әлемдік киножобаларға әбден лайық екені белгілі. Осы орайда Чанның таңдауы біздің…

Толық оқу
Мерц Германия канцлер

Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға қолдау көрсетудің бұрын болмаған жолын ұсынды. Ресейдің Еуропадағы Орталық банкінің 140 миллиард еуро көлеміндегі бұғатталған активтері есебінен Киевке несие беру. Financial Times бетінде жарияланған мақалада Мерц бұл Еуропанің ерекшелігін атап көрсетті. Несие пайызсыз беріледі және тек Ресей Украинаға келтірген шығынды өтегеннен кейін ғана қайтарылуы тиіс. Осыған дейін Еуропалық комиссия бұл активтердің тек пайыздық табысын пайдалануды қолданып келген болса, енді негізгі соманы да іске қоспақшы. Мерцтің айтуынша, Германия активтерді біржақты тәркілеуге сақтықпен қарағанымен, соғыс жағдайы мұндай салмақты шешімдер қабылдауды қажет екенін мойындап отыр. Еуропалық одақтың Копенгагенде өтетін бейресми саммитінде осы мәселе негізгі тақырыптардың біріне айналмақ. Бұл…

Толық оқу
Жасыл даму

«Жасыл даму» компаниясының Kcell акцияларын сатып алуы халықты наразылығын тудырды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Жасыл даму» ақталып әлек Әуелгіде мемлекет «Роптың» ізбасары ретінде құрған бұл компанияға утильалымнан түскен қаражатты тиімді жұмсап, елімізде ескі көліктерді қайта өңдейтін зауыттар салу міндеті жүктелген еді. Халықтың қалтасынан миллиондап жиналған қаржы өндіріс орындарына бағытталады деп күткен еді. Бірақ арада бірнеше жыл өтсе де, көзге көрінетін бірде-бір толыққанды зауыт бой көтерген жоқ. Керісінше, компания уақытша «бос қаржыны» (өздері солай деп атапты) «тиімді пайдалану» деген сылтаумен Kcell акцияларын сатып алғанү Бұл жайт халықтың ашу-азасын туғызуда. Қарапайым азаматтар көлік сатып алып, утильалым төлегенде қаражатты «Жасыл даму» компаниясы Kcell-дің акциясына…

Толық оқу
Дархан Сатыбалды Алматы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы құрылыстың сапасы мен мерзімін сақтамаған компанияларды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia Бұл туралы қала басшысының кеңесшісі Ілзат Ақчурин мәлімдеді. Жиында Дархан Сатыбалды бюджеттен миллиардтаған қаржы алып отырған құрылыс компанияларының жұмысын сынға алып, олардың жауапсыз әрекеттері қаланың дамуын тежеп отырғанын айтты. «Бюджеттен ондаған миллиард теңге алған мердігерлер құрылысты созып, жұмысты тоқтатып қойып, оның үстіне сапасыз істеп жатыр. Жоспар бойынша нысандарда кем дегенде 15 техника мен ондаған жұмысшы болуы тиіс болса, іс жүзінде екі-үш адам мен бір-екі ғана техника жүреді. Соның салдарынан жолдар бұзылып, айнала шаң-тозаңға көміліп, тұрғындар зардап шегуде. Бұл жауапкершіліктің жоқтығы», – деді қала…

Толық оқу

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілік қызметінде кадрлық өзгеріс болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ержан Ашықбаев АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елші қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2021 жылдың сәуірінен бері атқарып келген еді, деп жазады Ertenmedia.kz. Желіде тараған мәліметтерге қарағанда, алдағы кезеңде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас жаңа қарқын алуы мүмкін. Осыған байланысты дипломатиялық корпуста бірқатар өзгеріс жасалып, Уашингтондағы өкілдікті күшейту мақсатында жаңа команда жасақталмақ деген болжам айтылып жатыр. Айта кетейік, бұл соңғы тәуліктегі дипломатиялық және сыртқы саясат саласындағы үшінші ірі кадрлық өзгеріс ретінде бағаланып отыр. Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметінен босатылып, оның орнына Ермек Көшербаев тағайындалған болатын. Сонымен қатар…

Толық оқу

Кісі еңбегімен қадірлі, ел еңбегімен еңселі. Адал маңдай терімен абыройға жетіп, туған топырағының түтінін түзу ұшырып жүрген азаматтар ел ішінде баршылық. Солардың ішінде аты аталып, үлгісі ұлықталар жанның бірі — Айдархан ауылының ардақты перзенті, іскер де ілкімді азамат Қажымұхан Құмарұлы Борашев. Биыл, 2025 жылдың қыркүйек айында ағамыз зейнеткерлік жасқа аяқ басты. Бұл – бір адамның ғана емес, бір дәуірдің тұтас еңбек шежіресі деуге болады. Ауылдың қарапайым қара баласы 1962 жылы Жаңақала ауданы Айдархан ауылында дүниеге келіп, туған жердің тұнық ауасын жұтып, құтты топырағында өсіп-өнді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап еңбекке етене араласып, жастайынан жауапкершіліктің жүгін көтере білді. Әуелі «Бірлік» асыл…

Толық оқу
Анкара Трамп Ердоған

АҚШ президенті Дональд Трамп Уашингтонда Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізіп, Анкараның Ресей мұнайына тәуелділігін сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia. БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа келген Ердоғанды Ақ үй салтанатты түрде қарсы алды. Кездесудің басты тақырыбы Украинадағы соғыс пен энергетикалық қауіпсіздік мәселесі болды. Трамп журналистер алдында Ердоғанның Ресей мұнайынан бас тартуы қажеттігін ашық айтты. «Ол жасай алатын ең жақсы әрекет Кремльдің мұнайы мен газын сатып алуды доғару», – деді Трамп Ердоғанды меңзеп. Кейін журналистер Ердоған мұндай қадамға келісе ме деп сұрағанда, АҚШ президенті: «Мен бұған тікелей жауап бергім келмейді. Бірақ мен қаласам, ол бұл шешімді қабылдайды. Сіздер білесіздер…

Толық оқу