Түркістан қаласындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде облыс тұрғындарын қабылдау кестеге сай тұрақты өтіп келеді. Бұл жолы облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков азаматтардың өтініш-тілегін тыңдап, әрқайсысын нақты мәселесі бойынша жауапты басқармаларға жүктеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кәсіпкерлікке қолдау сұрағандардың ішінде 5 млн теңгелік мемлекеттік грантқа жете алмай жүргендер де бар. Құжат қабылдау жуық арада басталатыны айтылып, шешім комиссияда қабылданатыны түсіндірілді. Иә, қағида сондай: ашық конкурс, айқын критерий, тәуекелді жобаларға емес, өміршең бизнес-жоспарға басымдық. Бірақ әлеуметтік әділеттің салмағы – тек қағазда емес, нәтижеде. Сондықтан бұл процестің расымен ашықтығын күшейту керек: қатысушылар тізімі, бағалау ұпайлары, апелляция…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматыда қаржы пирамидасына байланысты атышулы істің шеті көріне бастады. Көп жыл бойы «Amir Capital» деп аталған халықаралық инвестициялық қордың ширығып өрбіген жұмысы ақыры қылмыстық іс ретінде тіркелді. Қаржылық мониторинг агенттігі қорға қатысты тергеу амалдарын бастады, ал сот шешімімен күдіктілердің 10 миллион доллардан астам криптоактивтері мен Алматы облысындағы бір жер телімі бұғатталған. Компания өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде көрсетіп, үш жыл бойы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан азаматтарын тартқан. Әдемі жарнаманың астында «ай сайын 5-10% табыс береміз» деген уәде тұрды. Жобаның басындағылар халыққа криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі инвестициялық жобаларға салымдар туралы сенімді әңгіме таратты. Сайттағы тіркелу жүйесі реферальды сілтемелер арқылы…
Астанада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аясында Алматы облысының өнімдері ұсынылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордаға шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілген. Тұрғындар 40-тан астам түрлі азық-түлік түрін сатып ала алады. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 21 тонна картоп және табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі баға нарықтағыдан шамамен 15 пайызға төмен белгіленген. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, мұндай жәрмеңкелер өңірлер үшін де, қала тұрғындары үшін де тиімді. Өңір жыл сайын өз өнімін тікелей ұсынып, делдалсыз сауда жүргізуге мүмкіндік алады. Биыл негізгі басымдық алма мен ет өнімдеріне берілген. Сонымен қатар сүт өнімдері де…
Арқалық қаласында Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай өткізілген «Ұлы дала жорығы» халықаралық ат марафоны өз мәресіне жетті. Жарысты «JORYQ» ат спорты федерациясы ұйымдастырды деп хабарлайды Ertenmedia. Оған «AMANAT» партиясы, Қостанай облысы әкімдігі, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетті. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Премьер-Министрдің кеңесшісі, «JORYQ» ат спорты федерациясы Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы Ералы Тоғжанов, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков және өзге де азаматтар қатысты. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Торғай өлкесі қазақ зиялыларының алтын бесігі әрі еліміздің қастерлі рухани орталықтарының бірі екенін атап өтті. «Ұлы…
Бүгін Qonaev Media телеарнасы ресми түрде эфирге шығып, өз жұмысын бастады. Арна еліміздің барлық өңіріндегі көрермендерге Alma TV және Otau TV платформалары арқылы қолжетімді. Эфир күн сайын таңғы 08:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жалғасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа телеарна өзін Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның өмірін қамтитын заманауи медиаресурс ретінде таныстырып отыр. Эфирлік желіде жаңалықтар, талдамалық бағдарламалар, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі фильмдер мен ойын-сауық жобалар көрсетіледі. Контент құрылымында әлеуметтік бастамалар, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт және экология тақырыптарына басымдық берілген. Арна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, Qonaev Media-ның негізгі мақсаты – көрерменге жақын болу және өңір мен елдің шынайы өмірін көрсету.…
Бүгін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді. Жәрмеңкеге 500 тоннадан астам ет, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылады. Республикада ауыл шаруашылығының өнімінің 14%-ы Түркістан облысына тиесілі. Биыл қаңтар-тамыз айларына 487,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 97,6 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе артқан. Одан бөлек, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 23,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,5 есеге артқан. Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбековтың сөзінше, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен…
Түркістан қаласында ІТ мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» жоғарғы оқу орны салтанатты түрде ашылды. Оқу ордасының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ Ик, «Woosong Education Foundation» білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Ким Сон Кёнг арнайы қатысып, көпшілікті университеттің ашылуымен құттықтады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ел дамуында маңызды рөл атқаратын игі істің жүзеге асуына атсалысқан барша серіктестерге алғыс білдірді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде нақты тапсырма…
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2007 жылғы сайлауда Ливиямен жасырын мәмілеге барғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Ertenmedia. Париж сотының тұжырымы бойынша, Саркози айналасындағы адамдар Ливия билігімен сайлау науқанына ақша бөлу туралы құпия келісімге келген. Le Monde басылымының дерегінше, экс-президенттің штабына Ливиядан 50 млн еуроға дейін қаржы құйылған болуы ықтимал. Сот отырысында Саркози осы фактілердің бір бөлігін мойындаған. Бірақ бастапқыда тағылған пара алу және шетелдік қаржыны заңсыз пайдалану айыптары дәлелденбей, іс материалынан алынған. Экс-президентпен бірге оның үзеңгілестері бұрынғы министрлер Клод Гиан мен Брис Ортефю де айып арқалады. 70 жастағы Саркози сот шешімін қайта қарауды талап етуге құқылы.…
Қазақстанның Forbes тізіміндегі ең ықпалды бизнесмендердің бірі Кеңес Рақышев «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында жаңа компанияны тіркеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ашық деректер базасындағы мәліметке сүйенсек, Рақышевке тиесілі холдингтің атауы Treasure Limited. Кәсіпорынның заңды тіркеуден өткен күні 24 қыркүйек. Компанияның жарғылық капиталы 1 миллион теңге, акцияның 100 пайыздық үлесі толықтай Кеңес Рақышевтің меншігінде. Компанияның бас директоры ретінде Кирилл Довганюктің есімі көрсетілген. Дәл осы есіммен танымал тұлға Алматыдағы EW Tech ЖШС-ін басқарып отыр және бұған дейін «Сарыарқа Mining» компаниясының директоры қызметін атқарған. Жаңа холдингтің нақты миссиясы әлі жарияланбағанымен, Рақышевтің өзге активтерін біріктіріп, олардың басқарылуын оңтайландыру мақсатында құрылған болуы мүмкін деген болжам бар.…
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі мәдени мұра және туристік инфрақұрылым нысандарын аралады. Әсіресе, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ерекше назар аударды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ермек Көшербаев реставрациялық жұмыстармен танысып, ескерткіштің тарихи келбетін сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілуде және оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. «Күлтөбе» археологиялық қалашығында Премьер-министрдің орынбасары нысанды тарихи сәулетке сай жарықтандыруды және кешкі экскурсиялар ұйымдастыруды тапсырды. – Түркістан – бұл тек рухани орталық емес, сонымен қатар заманауи туризмнің маңызды орталығы. Біздің мақсатымыз — бірегей тарихи ескерткіштерді сақтай…










