Елордадағы «Астана Арена» стадионында 21 қыркүйек күні аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы шаттл-бастар қатынайды. Шаттл-автобустар сағат 16:00-ден бастап бес бағытта қатынайды: Астаналық цирк жанындағы автотұрақтан; «Әзірет Сұлтан» мешітінен; Сатпаев көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені жанындағы автотұрақтан; Орталық саябақтан (Тұран даңғылы жағынан); «Бас Мешіттен». Маршруттар екі бағытта жұмыс істейді – стадионға дейін және қайтар уақытта. Қосымша шаттл-бастардың қатынауы көлік кептелісін азайтып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасайды.
Автор: Асылхан Бөрібай
Елорданың Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы қызметкерлері қала тұрғындарымен бірге сенбілікке шығып, ескерткіштердің айналасын тазалады. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының аясында өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана секілді жас әрі заманауи қалада мәдени мұраны сақтау болашаққа жасалған ең үлкен сый. Көшелердегі ескерткіштер біздің тарихымыздың айнасы ғана емес, ұлттық сана мен рухани сабақтастықтың тірі куәгері. Сол себепті олардың жағдайына бейжай қарау елдің өткеніне құрметсіздікпен тең. Қала әкімдігі Біріккен мұражайлар дирекциясының өкілі Баянды Сахарияұлының айтуынша, жұмыс тек қоқыс тазалаумен ғана шектелмейді. Қысы-жазы ескерткіштердің айналасы тазаланып, қар мен мұздан арылтылып отырады. Жаңбыр мен жел, ыстық пен…
Алматылықтар дәстүр бойынша Қала күнін қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтеді. Қала аумағында концерттер, көрмелер, флешмобтар, фестивальдер және түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мерекелік бағдарламалар Астана алаңындағы концертпен басталды. Онда қала әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды және мегаполис қонақтарын мерекемен құттықтады. «Баршаңызды шын жүректен Қала күнімен құттықтаймын! Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі, еліміздің жаңа дәуірі басталған шаһар. Алматының басты құндылығы – оның тұрғындары. Сіздердің еңбектеріңіз, бастамашылдықтарыңыз бен белсенділіктеріңіз қаламызды жарқын әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналдыруда. Біз Алматыны заманауи, жайлы әрі өркендеген қала ету үшін бар күш-жігерімізді жұмсап келеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бізге бірқатар маңызды міндет жүктеді. Солардың ішінде экологияға,…
Алматы қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мен дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды Қала күні мерекесінде сөйлеген сөзінде атап өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Биыл ұлттық жоба аясында 20 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен қатар 65 балабақша іске қосылады. Бұл қадам балаларымыздың сапалы білім алуына кең мүмкіндік ашады. Алдағы екі жылда денсаулық сақтау нысандары толық жаңғыртылып, қала тұрғындары үшін жаңа көпсалалы ауруханалар, заманауи перзентханалар мен поликлиникалар салу жоспарланған, – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды. Әкімнің айтуынша, мәдениет пен спорт саласы да жаңа серпін алмақ. – Жақын арада 35 мың…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы өзеніндегі жөндеу жұмыстары кезінде қолды болған гранит тақтайшаларға қатысты қатаң бақылау енгізіп, істі құқық қорғау органдарына тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін қоғам белсендісі Санжар Боқаев әлеуметтік желіде өзен жағасынан алынған гранит тастардың әкімдік қоймасына емес, құлпытас жасайтын шеберханаға жеткізіліп жатқанын хабарлаған еді. Осы мәселе бойынша құрылыс алаңына арнайы барған қала басшысы мердігерлерге нақты талап қойды. Әкім заң бойынша құрылыс басталған сәттен бастап, бүкіл материалдардың сақталуына мердігер жауап беретінін еске салды. Сондықтан ол гранит тастарының ұрлануына байланысты істі тікелей бақылауға алып, құқық қорғау органдарын араластыратынын жеткізді. Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, енді мердігер компаниялар жұмысшылар…
Жамбыл облысында мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін қызметкер басшылық тарапынан қысым көргенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia. Айтуынша, осы күнге дейін жалақысының 50 пайызын мектеп директоры алып келген. Президент Тоқаевқа үндеу жолдаған Мәдина Майрықова болған жағдайды егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның мәлім еткеніндей, ол 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығында еден жуушы болып істеген, кейіннен вахтерлік қызметке ауысқан. 2024 жылдың қаңтарынан бастап мекеме басшысы Еркін Сайлауұлы оған қысым көрсете бастаған. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Жамбыл облысы Байзақ ауданы ДЮТС директоры Еркін Сайлауұлы қызмет бабын асыра пайдаланып, бізді жұмыс уақытында өзінің таныстарының үйінде шөп жұлуға, тазалық…
Қазақстанда заңсыз шығарылған активті қайтарумен айналысқан ведомство енді Инвесторлар құқығын қорғау комитеті болып қайта құрылады деп жазады Ertenmedia. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің жеке парақшасында хабарлады. Ол бұған дейін заңсыз шығарылған активті елге қайтару бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесін бөлісті. Прокурордың айтуынша, мұндай ауқымды қаражат бұрын-соңды қысқа мерзімде мемлекетке қайтарылған емес. Нақты дерек бойынша, заңсыз шығарылған қаржы көлемі 1,3 трлн теңгені құраған, соның 850 млрд теңгесі бүгінде бюджетке түсті. Бұл ақша әлеуметтік жобаларға жұмсалып, ел игілігіне жарады. Нәтижесінде республика бойынша 207 су шаруашылығы нысаны, 177 медициналық мекеме және 14 білім мен спорт ғимараты салынған. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы…
Алматы облысының Іле ауданындағы Күрті ауылында мың түйеден тұратын алып керуен жүріп өтті деп хабарлайды Ertenmedia. Жергілікті жұрт ұйымдастырған керуеннің ұзындығы бір шақырымға созылып, осыған дейінгі Қытайда тіркелген 365 түйелік рекордтан үш есе асып түсті. Оқиға орнына арнайы келген Гиннесс рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг бұл көрініске таңданысын жасырмады: «Мұндай алып түйе керуенін алғаш көруім. Расында, ғажайып әрі ерекше оқиға», – деп бағалады ол. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, рекорд өңірге туристердің қызығушылығын оятып, аймақтың танымалдығын арттыруға септігін тигізбек. Соңғы жылдары Қазақстанда осы тәрізді ерекше бастамалар жиілеп кетті. Бұған дейін Үлкен Алматы көлінің аумағында әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салу туралы да…
Қостанай облысының Торғай ауылында ұлы ақын әрі «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар өтті деп жазады Ertenmedia. Оған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Парламент депутаттары және қалың жұртшылық қатысты. Мереке аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – «Ұлы дала жорығы» Республикалық ат марафоны. Осылайша, 5 күнде еліміздегі 13 өңірдің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің намысын қорғайтын командалардағы 90 шабандоз Тобыл-Торғай даласын дүбірлетіп, 500 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде «Ұлы дала жорығының» өткізілуі – ұлттық спорт түрлері жанданып келе жатқанының жарқын дәлелі…
Алматының Алатау ауданында заманауи «Алатау» теннис орталығының ресми ашылуы өтеді. Бұл шара Алматы қаласының күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жоба – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды қадамдардың бірі. Жаңа орталық тек қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартумен шектелмей, кәсіби теннисшілерді даярлау, халықаралық турнирлер өткізу және жастарды спортқа тарту үшін тың мүмкіндіктер ұсынады. Заманауи инфрақұрылым Жаңа теннис орталығы халықаралық стандарттарға сай салынған және ITF пен ATF деңгейіндегі республикалық әрі халықаралық турнирлерді қабылдай алады. Орталық аумағындағы нысандар: • Қатты жабындысы бар 4 жабық корт; • Қатты жабындысы бар 4 ашық корт; • Грунтты жабындысы бар 6 корт; • Ашық алаңдарда 150 орындық…
