Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Бүгін Алматы облысында Ұлттық ғылым академиясы ғалымдары аграрлық университеттермен бірлесіп әзірлеген тұқымдардың қадағалауына арналған цифрлық жүйе таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды. ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев тұқым сапасының өнімділікке тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті: – Қазақстанда әлі де болса ауыл шаруашылығы өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы 10 жылдағы талдау нәтижесі көрсеткендей, табиғи-климаттық жағдайы бізге ұқсас Канадада астық дақылдарының орташа өнімділігі 28 пайызға өсіп, гектарына 38 центнерге жеткен. Ал Қазақстанда өсім небәрі 6 пайызды құрап, гектарына 12 центнер деңгейінде қалды. Мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі – сапасыз тұқымдарды пайдалану. Сондықтан цифрлық бақылау жүйесін енгізу салада тәртіп орнатып, оны жаңа…

Толық оқу

Бүгін Парижде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті. Кездесу барысында Аида Балаева ұйым басшысы орынбасарына «Үстірт» аралас мұра объектісінің номинациялық құжаттамасын табыстады. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан Дүниежүзілік мұра орталығына алдын ала бағалау үшін және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында тапсырылды. Номинациялық құжаттама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дайындалды. Мемлекет басшысы еліміздің бірегей тарихи-мәдени және табиғи нысандарын халықаралық деңгейде насихаттау қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Айрықша атап өтерлігі, аралас мұра объектісі посткеңестік елдер тарихында алғаш рет ұсынылып отыр. Үстірт – археологиялық ескерткіштер, дәстүрлі аңшылық тұзақтар-араны және…

Толық оқу

Түркістан облысында «Қорғау — қауіпті жүргізуші!» мобильдік қосымшасы арқылы 11 мыңнан астам автокөлік анықталып, барлығы арнайы айыптұраққа жеткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Көлік жүргізушілеріне жалпы құны 1 млрд 163 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Ержігітұлы мәлімдеді. — Биыл 14 қыркүйек күні «Бір күн – жол-көлік оқиғасыз» акциясы барлық ауданда бір уақытта өткізілді. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс көлемінде 2 575 білім беру ұйымының алдында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды. ​ Жыл басынан 39 мыңнан астам жол апатына тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Атап айтқанда, ​38 116 жаяу жүргінші жолдан…

Толық оқу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) заңсыз шығарылған миллиардтар үшін жауапкершілік азаматтарға емес, қаржы схемасын ұйымдастырған клиникалар мен басқа да тұлғаларға жүктеледі деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, қордан ақшаны заңсыз шешіп алған азаматтардың өздеріне ешқандай талап қойылмайды. «Азаматтарға кінә артып отырған жоқпыз. Олар өз ақшаларын алды. Иә, жинағын уақытынан ерте шешіп алды деуге болады, бірақ бұған жауапты қаржыны заңсыз шығаруды ұйымдастырған топтар мен клиникалар», – деп атап өтті ол. Тергеу мәліметіне сәйкес, миллиардтаған теңгені заңсыз шешу тіс емханалары арқылы жүзеге асқан. Әдетте азаматтар зейнетақы жинақтарын үй алуға немесе нақты медициналық қызметтерге пайдалана алады. Бірақ бұл…

Толық оқу

Украиналық дрондар Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийск қаласындағы кеңсесіне жойқын соққы жасады деп хабарлайды Ertenmedia. 24 қыркүйекте КҚК әкімшілік ғимараты жаппай дрон шабуылына ұшырап, компания кеңсесімен қатар жақын маңдағы тұрғын үйлер мен қонақүй де зақымдалған. Компанияның ресми мәлімдемесіне сәйкес, оқиғадан КҚК-ның екі қызметкері жараланып, дереу ауруханаға жеткізілді. Кеңсенің жұмысы уақытша тоқтатылып, қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілген. Бұдан бөлек, ғимаратта КҚК-ға қатысы жоқ азаматтар да ауыр жарақат алған. Краснодар өлкесінің жедел штабы кейінірек нақтылағандай, шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, алты адам жарақаттанған. Құлаған дрондардың сынықтары тиіп, бір ғимаратта шыққан өрт әлі де ауыздықталмаған. 20 автокөлік зақымданып, оның үшеуі толық жанып кеткен.…

Толық оқу
депутат Ерлан Сайыров

Қазақстан бір ғана 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 965 миллион кибершабуылға ұшыраған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мәлім етті деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, осы шабуылдардың 3,5 мыңнан астамы елдің стратегиялық маңызды нысандарына бағытталған. Әлемжеліде де тұрақты түрде ақпараттық шиеленіс тудыратын әрекеттер жиілеп кеткен. «Қазақстанға жасалып жатқан кибер және ақпараттық шабуылдар жүйелі сипат алды. Бір анығы мұндай шабуылдың артында қомақты қаржы тұрғаны. Мүмкін, сіздер анықтай алмай жүрген қылмыстық ақшаның бір бөлігі дәл осы мақсатқа бағытталып жатқан шығар», – деді Сайыров мәселені «ескі Қазақстанға» сілтеп. Депутат Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтен, осыған байланысты халықаралық деңгейде жасалған келісімдердің тиімділігі жайлы…

Толық оқу

28 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы – Almaty Marathon өтеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырып отырған дода биыл он төртінші рет Республика алаңынан басталып, әлемнің 60-тан астам елінен келетін 16 мың қатысушыны біріктірмек, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы марафон бірден екі рекордпен ерекшеленіп отыр. Ұйымдастырушылардың дерегінше, жарысқа 1200-ден астам шетелдік қонақ келмек. Ал 42,2 шақырымдық толық марафонға 1500 адам өтінім берген. Мұндай көрсеткіш Almaty Marathon-ның жай ғана қала ішіндегі спорттық шара емес, халықаралық ауқымы кең жобаға айналғанын аңғартады. Жарыс жолы Республика алаңынан басталып, әл-Фараби даңғылы бойымен жалғасады. Қатысушылар асқар Алатау көрінісін тамашалап, жол бойындағы Тұңғыш Президент…

Толық оқу

Астанада нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесімен күреске арналған кешенді жоспар шеңберінде айлық жалғасып жатыр. Осы аясында IT-университетінде студенттермен арнайы кездесу өтті. Прокуратура мен полиция өкілдері жастарға есірткінің денсаулыққа, өмірге және болашаққа тигізер ауыр зардаптарын жан-жақты түсіндірді. Әңгіме тек медициналық зиянмен шектелмей, есірткі қолдану мен сақтаудың заңдық салдарына, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де ерекше мән берілді. Спикерлер жастарға «Әр адам өз жолын таңдайды. Ең бастысы, ол жол салауатты өмірге, дамуға және табысқа жетелейтін бағыт болуы тиіс» деген ойды жеткізді. Кездесуге Астана қалалық ІІБ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы, Есіл аудандық…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысында бюджетке 1,8 млрд теңге қарыз болған «Baystone» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Ertenmedia. «Орал апталығы» басылымының ақпаратына сәйкес «Baystone» компаниясы әлеуметтік-көкөніс тұрақтандыру қорына жүздеген миллион теңгеге картоп жеткізуі тиіс болған. Оған қоса мемлекеттен тағы бір миллиард теңге көлемінде қаражат алып, ірі көкөніс қоймасын салуға міндеттенген. Алайда аймақта жаңа қойма да, жеткізілетін картоп та жоқ. «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, бөлінген қаржы түгелдей дерлік компания иелерінің жеке мүддесіне жұмсалған. Осыған байланысты Орал қаласының соты «Baystone» компаниясынан 1,8 миллиард теңгені мемлекетке қайтаруды талап етті. Қазіргі уақытта компанияның банк есепшоттары мен мүлкі тұтқындалған. Компанияға қатысты тағы бір күдік мемлекет…

Толық оқу

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды су құбыры мен кәріз жүйесін, жылу және электрмен жабдықтауды, газ желілерін әрі көше жарықтандыруды жаңарту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде «Ақсай», «Ерменсай» суқабылдау нысандары салынып, «Барлық» жобаланып жатыр. Бұл 245 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қашықтыңы 34,9 шақырым болатын Батыс коллекторының құрылысы аяқталуға жақын. Соның нәтижесінде Алатау және Наурызбай аудандарының 150 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Жаңғырту жұмыстары жылу желілерін де қамтиды: биыл 37 шақырым құбыр жаңартылып, 17 коммуналдық…

Толық оқу