Автор: Асылхан Бөрібай

Түркістан облысында әлеуметтік көмекке қатысты жалған құжат әзірлегендер анықталды деп хабарлайды Ertenmedia. Жетісай ауданында арнайы комиссия «әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деп танығанына қарамастан, 18 отбасыға 3,1 млн теңгенің жәрдемақысы негізсіз төленген. Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округінде де осыған ұқсас заңсыз әрекет орын алған. Округ әкімінің орынбасары мен учаскелік комиссия хатшысы өзге комиссия мүшелерінің атынан жалған қорытынды құжаттарын әзірлеп, 56 өтінішті негізсіз мақұлдап жіберген. Соның салдарынан мемлекеттік бюджеттен бөлінген 9,7 млн теңге орынсыз жұмсалған. Заңсыздық облыс прокуратурасының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүргізген тексерісі кезінде анықталды. Прокуратура өрескел әрекетке жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапқа тартып, бюджет қаржысын кері қайтару туралы талап…

Толық оқу

Елордалық № 6 мектепте прокуратура өкілдері мен танымал қазақстандық актер Дәурен Серғазиннің қатысуымен түлектерге арналған профилактикалық дәріс өткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және өмір жолын саналы түрде таңдауын қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» және «Жас үміт» жобасы аясында өтті. Прокуратура қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәртіп негіздері, заң сақтаудың маңыздылығы және әр адамның өміріндегі адамгершілік принциптері туралы профилактикалық дәріс оқыды. Сондай-ақ түлектерге болашақ мамандықты таңдау бойынша ұсыныстар беріліп, оларды Құқықтану бағытымен таныстырды. «Біздің дәрісіміздің мақсаты — өскелең ұрпаққа құқықтық мәдениетті сіңіру. Біз оқушыларды заңға бағынатын мінез-құлыққа және саналы және кәсіби түрде өзін-өзі анықтауға ынталандыру үшін…

Толық оқу

Бірқатар сарапшылар Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы серіктестікті «теңсіз одақ» деп бағалап жатқанын білеміз. Бірақ Ertenmedia-ға Фридрих Науман қорынан жеткен мәліметше бәрі басқалай сияқты. Қор Пхеньян Мәскеуге қару-жарақтың сан алуан түрін, мыңдаған әскери күшін ұсынғанымен, КХДР нақты экономикалық немесе технологиялық пайдаға қол жеткізе алмағанын мәлім етті. Зерттеу авторларының мәліметіне сүйенсек, КХДР 2023 жылдан бері Ресейге 5, 6-9, 8 миллиард доллар шамасында әскери құрал-жабдық жеткізген. Оның ішінде миллиондаған артиллериялық снаряд, жүздеген қару-жарақ қондырғылары, ракеталық жүйелер мен баллистикалық зымырандар бар. Сондай-ақ, шамамен 15 мың солтүстіккореялық әскери Ресей аумағына жіберілген. Ал Мәскеудің жауап ретінде азық-түлік, мұнай өнімдері, әуе қорғаныс жүйелері және аздаған ұшақтар…

Толық оқу

Жамбыл облысында халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойында, Меркі ауданы Ақтоған ауылының маңында алғашқы заманауи Keruen Inn қонақүйі пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов және жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл нысан Президент тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялар тарту жөніндегі кеңесте мақұлданған «2025–2029 жылдары Qazaq Oil-дың 60 жол бойындағы қонақүйі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жоба толықтай жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылған.  – Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның аясында өңірімізде де заманауи талаптарға сай сервистік…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің жаңа тәсілдерін қарастыру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда бұрынғыдай қағазға қарап баға қою жеткіліксіз. ChatGPT секілді заманауи технологиялар дәстүрлі жүйелерді айналып өтіп, білімді бағалаудың басқа арналарын ұсына бастағаны рас. Сондықтан ҰБТ форматы да заман талабына бейімделіп, білім сапасын әділ әрі кешенді бағалайтын жаңа деңгейге көтерілуі керек, – деп хабарлайдыErtenmedia.kz. Аймағамбетовтің айтуынша, тек тест сұрақтарының мазмұнын өзгерту емес, жалпы білім беру парадигмасын қайта ойластыру қажет. Ол жоғары оқу орындарындағы міндетті пәндер тізімін кеңейтіп, философия мен қоғамдық-саяси ғылымдарға көбірек мән беруді ұсынды. Өйткені кез келген мемлекет өз…

Толық оқу

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ ашылды. Бұл жаңа нысан Қала күні қарсаңында ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Құлагер» шағын ауданындағы нысан заман талабына сай жабдықталған. Автоматты суару жүйесі орнатылып, жасыл газон төселген. Сонымен қатар  аталған саябақта балалар ойын аумағы, шағын сәулет нысандары, Workout аймағы, веложол, шағын футбол алаңы, демалыс орындықтары, жаяу жүргінші жолдары және заманауи жарық шамдары орнатылған. Әрі қалада алғаш рет орнатылған. Декоративті элементтері бар кеме түріндегі «Фрегат» балалар ойын кешені орналастырылған.  Саябақта күз айында өңірдің табиғатына бейім 200-ден астам жапырақты және қылқан…

Толық оқу

Атырау қаласының соты миллиондаған емес, миллиардтаған қаржыны айналдырған заңсыз әрекетке нүкте қойылды. Бұл кәсіби деңгейде құрылған, салықтан жалтаруды жүйелі түрде жүзеге асырған, жалған шот-фактураларды қару еткен қылмыстық топтың ісі еді. Тергеу деректеріне қарағанда, А.С. Тұяқпаев бастаған топ мүшелері С.А. Аргалаш пен А.С. Болатовпен бірлесіп, небәрі бірнеше жылда 8 миллиард теңгені жалған құжаттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы қылмыстық схеманың кесірінен мемлекетке 590 миллион теңгеден астам салық түспей, халықтың игілігіне жұмсалатын қыруар қаржы көлеңкеде қалып қойған. Тюякпаев тек жалған құжат жасаумен шектелмей, қылмыстық жолмен келген 342 миллион теңгені өзінің жеке пайдасына заңдастырған. Қаражатты бақылауындағы компаниялардың есепшоттары арқылы…

Толық оқу

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды. Бұл – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту мақсатымен қолға алынған бірегей бастама. Салтанатты іс-шараға VIII Съезд делегаттарымен бірге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты. Хатшылық басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіре келіп, Бейбітшілік және келісім саябағының негізін 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысушылар қалағанын айтты. Аталған іс-шараға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб қатысқан болатын. Осы аралықта саябақ Қазақстандағы түрлі конфессиялар арасындағы достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды. – Съезге қатысушылардың…

Толық оқу

Арыс қалалық мәдениет үйінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жасаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау мақсатында тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, сондай-ақ Арыс қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараны «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі идеялар мен басымдықтарды талқылап, өз пікірлерін ортаға…

Толық оқу

Түркістан облысында 2025 жылдың 15 тамы-5 қазан аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» іс-шарасы жүргізілуде. Қазіргі таңда қысқы жылыту маусымы дайындығының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Қуатбекұлы баяндады. – Түркістан облысы аумағында Төтенше жағдайлар департаменті және қала, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен есепке алынған 34 197 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 26 563-і араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында 20 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары анықталды. Ең көп анықталатын қателіктер – көбінесе тұрғын үйдегі автономды газ қондырғылары мен жылыту қазандықтарының талапқа сай орнатылмауы, электр жабдықтарының ақаулығы,…

Толық оқу