Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Кириенко Доктрина Кремль

Ресей президенті әкімшілігіндегі соңғы кадрлық ауыс-түйістер Мәскеудің аймақтық геосаяси ойын ережесін қайта құрып жатқанын айқын көрсетеді. Украинамен соғысты қолдамаған Дмитрий Козак өз еркімен қызметінен кеткеннен кейін, ішкі-сыртқы саясатқа «дирежерлік» етуді Сергей Кириенко толықтай өз қолына алғандай… Ол Кремльдің «жұмсақ күш» пайдаланып, ТМД кеңістігіндегі электоралдық процестерге ықпал етуді көздеп отыр. Кириенконың саяси биографиясы дағдарысты басқару мен құрылымдық лоббилерді үйлестірудің хрестоматиялық үлгісі десек болады. 1998 жылғы қысқа мерзімді премьерліктен кейін ол «Росатомда» корпоративтік басқару мәдениетін орнықтырып, кейін Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары ретінде Ресейдің ішкі саясатын «жобалық офис» логикасына көшіргенін білеміз. Соңғы жылдары ол оккупацияланған аумақтарды «институционализациялау» жобаларына куратор болып, «сайлау өткізу», «әкімшілік…

Толық оқу

ForteBank Home Credit Bank-ті толық иемдену мәмілесін аяқтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Банктің ресми хабарламасына сәйкес, 2025 жылғы 30 желтоқсанда ForteBank-тің Home Credit-тегі үлесі 75 пайыздан 100 пайызға дейін өсіп, ол банктің жалғыз акционеріне айналды. Мәміле туралы алғашқы принциптік келісім 2025 жылғы 27 маусымда жарияланған, деп жазады Ertenmedia.kz. Сатып алу бір сәтте біткен жоқ. KASE дерегі бойынша, 18 қыркүйектен бастап ForteBank Home Credit Bank акцияларының 26,8 пайызына ие болды. Кейін 25 қарашада үлесін 75 пайызға дейін жеткізіп, Home Credit-ті өз еншілес банкі мәртебесіне шығарды. Жыл соңында мәміле толық жабылды. Банк бұған дейін Чехияның PPF Group құрамында болған. PPF 2025 жылғы 26 маусымда Қазақстандағы…

Толық оқу

Ұлттық компаниялардың екінші тоқсандағы қаржылық көрсеткіштері қоғамда үлкен талқылау туғызуда. 2025 жылдың II тоқсанында ұлттық компаниялардың жиынтық табысы 1,22 трлн теңгеден 1,53 трлн теңгеге өсіп, 25 пайыздық өсім көрсеткен. Бірақ бұл өсімнің астарында халыққа түсінікті қарапайым шындық бар – компаниялар көп сатқанымен, табысы мардымсыз болып тұр. Табыстың мардымсыз болуына шығындардың да өскені әсер еткен. Өндірістік шығындар бір тоқсанда 1,27 трлн теңгеге жетіп, 12 пайызға көбейген. Ал рентабельділік көрсеткіші 58,1 пайыздан 39,2 пайызға құлдырап, салыққа дейінгі пайда 28 пайызға азайып, небәрі 677 млрд теңгені құраған. Демек, статаистика миллиондап бонус алатын менеджерлерің жұмысы тиімсіздігін көрсетіп отыр. Отандық компаниялар сырттай ірі болып көрінгенімен,…

Толық оқу

Өзбекстан мен Тәжікстан өз мүдделерін қатаң қорғап, букмекерлік бизнес пен оған қатысты қаржылық ағымдарды бір орталықтан реттеуді ұсынған Умар Кремлевтің (Лутфуллоев) бастамасынан бас тартты деп жазады Ertenmedia. Екі ел де деректердің көршілес мемлекеттің арнайы қызметтерінің қолына өтіп кету қаупін түсініп, ұлттық бақылау тетіктерін дамытуды жөн көрді. Соңғы жылдары Кремлев Орталық Азиядан шықпай жүр. Ол Ташкентте кеңестік боксшыларға ескерткіш ашып, Душанбе қаласында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, өзбек олимпиадашыларына қомақты сыйлықтар үлестірді. Бірақ мұның бәрі оның түпкі мақсатын іске асыруға көмектеспеді. Ол аймақтың букмекерлік нарығын бақылауға алып, Ресейдің үстемдігін орнатуға талпынған еді. Кремлевке жақын дереккөздердің бағалауынша, оның Орталық Азия аймағын аралауына 3…

Толық оқу
Досаев Ақорда

Ерболат Досаевтың Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалуы ел ішіндегі саяси элита теңгерімінің қайта қалыптасып жатқанын көрсететін айқын қадам. Бұл тағайындауды жай ғана кадрлық ротация деп сипаттау жеткіліксіз. Өйткені Досаев ұзақ жылдардан бері билік жүйесінің бел ортасында жүріп, қаржыдан бастап халықаралық саясатқа дейінгі кең ауқымды мәселелерде өз қолтаңбасын қалдырған шенді. Досаевтың бұл тағайындауын бірнеше тұрғыдан талдауға болады. Біріншіден, Тоқаевтың командасында экономикалық блоктың күшейіп келе жатқаны анық байқалады. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау, шетелдік инвестицияларды тарту – қазіргі билік алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Осы тұста банктік секторда, Ұлттық банкте, халықаралық қаржы институттарында жұмыс істеген Досаевтың тәжірибесі мемлекетке ауадай қажет.…

Толық оқу

Қазақстанда атом энергетикасына қатысты маңызды тарихи қадамдардың бірі басталды. Атом энергетикасы агенттігінің қабырғасында еліміздің тарихындағы тұңғыш атом электр станциясына (АЭС) атау беру үшін жалпыұлттық байқау ұйымдастырылатын болды. Себебі жаңа станцияның атауы болашақтағы энергетикалық тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздіктің белгісіне айналуы тиіс. Комиссияның алғашқы отырысында ұйымдастыру мәселелері қаралып, байқауды өткізу ережелері бекітілді. Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев халықтың осы процеске кең көлемде қатысуының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, ұсыныстарды қабылдау eGov Mobile қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, бұл әрбір азаматқа өзінің ойын ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, бұл тәсіл цифрлық мемлекеттің жаңа тәжірибесін көрсетіп отыр, өйткені азаматтардың саяси-қоғамдық бастамаларға қатысуы тікелей мобильді технология арқылы…

Толық оқу
Жиын-терін

Жетісу облысында қант қызылшасынан басқа барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 240,6 мың га немесе 87,1% дәнді дақыл жиналды. Оның ішінде бидай мен арпаны жинау толық аяқталды. Жалпы астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мамандарының мәліметінше, қазір 3,9 мың гектар жүгері алқабы шабылып, 28 мың тонна дән жиналған. Биылғы жылы облыс бойынша жүгеріден 308 мың тонна өнім алу жоспарланыпты. – Бүгінгі күнге дейін жалпы 439,7 мың тонна астық бастырылды. Оның ішінде бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш бар. Орташа түсім гектарына 18,3…

Толық оқу
БҰҰ Зеленский Трамп Ақ үй

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты айтқан сөзі халықаралық саясатта жаңа пікірталас тудырды. Трамп өз мәлімдемесінде Ресейдің «қағаз жолбарысқа» айналғанын айтып, үш жарым жылға созылған соғысты «нағыз әскери күш болса, бір апта ішінде аяқтауға болатын» деп сипаттады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, дәл қазір Ресейдің экономикалық жағдайы әлсіреп, соғыс шығындары ұлғайып жатқан тұста Украина үшін тарихи мүмкіндік туып отыр. «Еуропалық Одақтың қолдауымен, әсіресе НАТО тарапынан қаржылық және әскери демеумен Украина өз шекараларын қалпына келтіруге толық қабілетті. Бұл неге мүмкін болмасқа?» – деп жазды Трамп өзінің Truth Social парақшасында. Трамптың сөзіне назар салсақ, онда екі…

Толық оқу

Түркістанда Еңбек күніне орай «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты жиын өтіп, өңірдің еңбек адамдарына құрмет көрсетілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, еңбекке адал азаматтардың ел дамуына қосып отырған үлесі айрықша екенін айтты. Оның сөзінше, қоғамның өсіп-өркендеуі ең алдымен маңдай терімен тіршілік етіп жүрген жандардың еңбегімен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекет үшін басты міндеттің бірі – халықты нәтижелі жұмыспен қамтып, тұрмыс сапасын көтеру. Осы бағытта Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жұмысшы кәсібінің беделін арттыруға және еңбек адамын қолдауға басымдық беріліп отыр. Облыста тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту үшін Өңірлік жұмыспен қамту картасы жасалған. Соған…

Толық оқу

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Халықтың күнделікті тұтынатын негізгі азығы – нан, қант, май, ет пен көкөніс бағасы әр отбасының тұрмыс сапасына тікелей әсер ететіні белгілі. Сондықтан облыс әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі қолға алып, әрбір қадамды бақылауда ұстап отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін делдалсыз, тікелей халыққа ұсынуда. Мұндай шаралар тек бағаның тұрақтылығына емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытып, отандық кәсіпкерлердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп отыр. Ең бастысы тұрғындар азық-түлікті нарықтағыдан 20-30 пайыз төмен бағада…

Толық оқу