Автор: editor

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданға 9,4 млрд теңге тікелей инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia  «Ауылшаруашылық саласында биыл қаңтар-мамыр айларында 14,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы егіс науқанында 71 600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Дәнді дақылдар – 38 мың га, майлы дақылдар – 5,3 мың га, мақта – 6,4 мың га, көкөніс, бақша, картоп – 4,9 мың га, мал азығы дақылдары – 17 мың га. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 350 гектар жерде 125…

Толық оқу

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистер қауымы бірінші кезекте «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорында алюминий профильдері өндірілмек,- деп хабарлайды Ertenmedia  Қазір таңда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүруде. Жобаның жалпы құны — 4,4 млрд теңге. Онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жылдық қуаттылығы — 30 мың тонна. Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне барды. Қазақтың үш биіне арналған ескерткішті көріп, оның аумағында атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда монумент туристер үшін танымал орынға айналып келеді. Айта кететін жайт, бұл тарихи кешен демеушілер есебінен салынған. Журналистер…

Толық оқу

Бүгін Қызылорда қаласында «With You Kyzylorda» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының капсуласын салу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қарақат Абден, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және зиялы қауым өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia  Аймақ басшысы зауыт құрылысына сәттілік тілеп, өңірде экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бастамаларды атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу тапсырмасына сәйкес облысымызда 96 млрд. 100 млн. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылуда. Қалдықтарды басқару саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологиялар тартуда Қызылорда қаласында халықаралық…

Толық оқу

Капшағай су қоймасында Oceanman Kazakhstan – 2025 халықаралық ашық судағы жүзу турнирі сәтті аяқталды. Ауқымды спорттық шараға Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания және Малайзияны қоса алғанда, 18 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Жағалаудағы жанкүйерлермен бірге қатысушылар саны 3000-нан асты,- деп хабарлайды Ertenmedia  Жарыстар Алматин облысы әкімдігінің қолдауымен Heaven Club демалыс базасында өтті. Турнир бес санатты қамтыды: • OCEANMAN (10 км) — 300 қатысушы • HALF OCEANMAN (5 км) — 400 қатысушы • SPRINT (2 км) — 800 қатысушы • OCEANKIDS (500 м) — 500 бала • OCEANTEAM (эстафета 3х500 м) — 90 команда Салтанатты ашылу рәсіміне Алматин облысының…

Толық оқу

Бүгін «Өнер орталығында» «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia  Халықаралық форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдері, еліміздің барлық өңірінен келген облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, аймақта атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр. Тұрғын…

Толық оқу

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасына облыс әкімдігі тарапынан субсидияланатын арнайы автобус маршруты жүргізілмек,- деп хабарлайды Ertenmedia  Ең алдымен атап өтсек, соңғы жылдары Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары арқылы жетуге болады. Мемлекет тарапынан субсидияланған билеттер құны — небәрі 20 000 теңге. Әуежай қазір сағатына 50 жолаушы өткізуге қабілетті. — 2022 жылы әуежайдың ұшып-қону жолағы қайта жаңғыртылып, беткі қабаты 52 см қалыңдықтағы цемент-бетонмен нығайтылды. Соның арқасында ірі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік жасалды. Қазір Астана, Алматы қалалары мен Үшаралдың арасында субсидияланатын маусымдық әуе қатынасы күнделікті жүреді. Әуежай жұмысы…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd» корпорациясының бас директоры Ли Цзюнь бастаған делегациямен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia  Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы Абай облысы делегациясының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары барысында нәтижелі келіссөздер жүргізіп, көптеген меморандумдарға қол қойғанын атап өтті. «Осы сапар аясында Абай облысының делегациясы Үрімші қаласындағы Сіздің кәсіпорныңызға барып, өндірістік үдерістермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Қазіргі уақытта облыстың экономикалық әлеуетін арттыру үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағын 600 гектарға…

Толық оқу

Алматы облысында инновациялық электрондық табельдеу жүйесі енгізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia  Енді балабақшаларда балалардың қатысуын QR-код пен Face ID арқылы бақылауға мүмкіндік беретін технология қолданылады. Бұл әдіс ата-аналар мен қызметкерлер үшін қолайлылық пен ашықтықты арттырып қана қоймай, облыстық бюджетті үнемдеуге де септігін тигізді. Жұмысты оңтайландыру мен есептілікті жақсартудың нәтижесінде 29 жеке балабақша жабылды. Бұған дейін бұл мекемелерге жыл сайын 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп келген. Жүйе іске қосылған алғашқы бірнеше айдың ішінде 1,2 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Жылдық үнем 2 миллиард теңгеден асады деп күтілуде. Жаңа жүйе толық цифрлық ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейді: баланың әр қатысуы автоматты түрде тіркеледі,…

Толық оқу

Бүгін Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте – WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында бірінші орын алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Төребаев жазды. Награданы Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин өзі табыстады. Салтанатты рәсімге түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Байқау барысында дауыс беруге әлем бойынша 2 миллионнан астам адам қатысқан, ал финалда қазақстандық жоба 4 бәсекелесін басып озды. Жеңіс сыйлығын Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин табыстады. Салтанатты іс-шараға мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. САК дегеніміз не? САК…

Толық оқу

Марқакөл ауданына қарасты австриялық бағытындағы көлік қатынайтын көпірде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Ertenmedia  Жұмыс барысын ауыл әкімшілігі, «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы және лесхоз қызметкерлері бірлесіп бақылауда. Құрылыс барысында қауіпсіздік шаралары мен экологиялық талаптар толық сақталып отыр. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жол қозғалысы қауіпсіздігі артып, жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қатынас анағұрлым ыңғайлы болмақ.

Толық оқу