Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар бір реттік сенбілік деңгейінен шығып, жүйелі өзгеріске айнала бастады, деп жазады Ertenmedia.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір өңірде абаттандыру жұмыстары тек облыс орталықтарында ғана емес, ауыл-аймақтарға дейін жеткен. Саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер жаңарып, балалар алаңдары қайта жасалып, көпқабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттері жөнделіп жатыр. Бұл тек сыртқы көріністі түзету емес, тұрғындардың күнделікті өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың мәліметінше, жыл соңына дейін 21 саябақ, 6 аллея, 2 сквер, 2 орталық алаң, 49 аула және 81 балалар мен спорт алаңы толық жаңғыртудан өтеді. Қазірдің өзінде…

Толық оқу
Тоқаев Зеленский

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің жүздесуі ерекше мәнге ие кездесу болды. Әлем назарын аударып отырған соғыс жағдайында екі ел басшыларының әңгімесі ең өзекті тақырыптарды талқылауға бағытталған нақты саяси қадам. Әңгіме барысында экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болғанымен, негізгі назар Украинадағы күрделі жағдайға ауды. Зеленский өз елінің ұстанымын жеткізіп, қауіп-қатерді айқын көрсетті. Ал Тоқаев тарапынан айтылған ойлар Қазақстанның дәстүрлі бейбітшіл сыртқы саясатына сай болды. Қазақстан Президенті қақтығысты тоқтатып, дипломатиялық жолдарды күшейту тілге тиек етті. Бұл кездесу халықаралық қауымдастық үшін де маңызды белгі болды. Себебі Қазақстан ешқашан аймақтағы шиеленістерге бей-жай қараған емес, керісінше,…

Толық оқу

Қонаев қаласының 55 жылдығы өңірдің рухани өміріндегі үлкен белеске айналды. Шаһардың «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концерті сол мерекенің шоқтығы биіктете түсті. Ән мен күй, би мен жыр қатар өрілген бұл кеш халықтың көңілін көтеріп қана қоймай, ұлы тұлғалардың шығармашылығын дәріптеген рухани жиын болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Кеш барысында халық композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы мен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы қатар аталып өтіп, олардың мұрасы сахна төрінде қайта жаңғырды. «Қайрат», «Аққу күйлері», «Құстар қайтқанда», «Куә бол», «Алатау» секілді шығармалардың шырқалуы көрерменді әсерлі күйге бөлеп, әр тыңдарманның жүрегіне ерекше жылылық…

Толық оқу

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша берген тапсырмалары аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар оң нәтиже беруде. Жалпы өнім көлемін ұлғайту бойынша осы жылдың 8 айының қорытындысымен нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. 9 айда жалпы өнім көлемін 104,3%-ға ұлғайту жоспарлануда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Биыл өңірде ауыл шаруашылығы алқаптарына су үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланған еді. Бүгінде нақты 59 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 114 мың гектарға жетті. 2028 жылға дейін жыл сайын 27 мың гектар…

Толық оқу

Астанада атышулы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымы қаралады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы журналистерге елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, 25 шілде күні, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайратты алаяқтық пен заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сонымен бірге оған 10 жылға қайырымдылықпен айналысуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік марапатынан айырылды. Анасы Ғайни Алашбаева дәл осы баптармен 7 жылға сотталды, оған да 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленді. Айыптау актісіне сәйкес, Перизат Қайрат пен анасы азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, жалпы…

Толық оқу

Қазақстандықтар қазан айында қатарынан үш күн демалады. 25 қазан – Республика күні 2022 жылдан бері ресми мереке әрі демалыс күні саналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп отыр. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мереке күндері демалысқа түссе, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осыған байланысты қосымша демалыс 27 қазан, дүйсенбіге беріледі. Осылайша бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар 25, 26 және 27 қазан күндері үш күн қатарынан демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесінде жүргендер үшін 25–26 қазан демалыс болып, 27 қазан жұмыс күні болып қалады. Республика күніне орай ел аумағында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Концерттер, фестивальдер,…

Толық оқу

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қымбаттатқан мыңнан астам сауда нүктесіне айыппұл салынды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік тауарларға белгіленген 15 пайыздық үстемеден асырған кәсіпкерлерге бақылау күшейетінін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. Осы бағытта министрдің қатысуымен елдегі ірі сауда желілері басшыларымен және облыс әкімдерінің орынбасарларымен кеңейтілген жиын өтті. Оған Magnum Cash&Carry, Small&Skif, Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart секілді ірі желілердің өкілдері қатысты. Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері сауда ережесін бұзғандарға қатысты 2562 әкімшілік шара қолданылған. Оның ішінде жалпы сомасы 56,5 млн теңгеден асатын 1360 айыппұл мен 1202 ескерту бар. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын шектен асырғандарға қатысты жеке алғанда…

Толық оқу

Қазақстанның Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі (ҰБТ) терең трансформацияға ұшырайтын болды. Президент Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Educational Testing Service (ETS) ұйымымен маңызды келіссөз жүргізген, деп хабарлайды Ertenmedia. Әлемге танымал тестілеу компаниясының үздік мамандары қатысатын арнайы жұмыс тобы құрылып, ҰБТ-ның әдістемесі мен мазмұны түбегейлі өзгертіледі. Министр Нұрбектің айтуынша, жаңа тестілеу форматы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді әрі сұрақтардың сапасы жоғары деңгейге көтеріледі. Президент сапары аясында білім және ғылым саласына қатысты тағы бір маңызды кездесу Смитсон институтының басшылығымен өткен. Бұл АҚШ-тағы ең беделді ғылыми орталықтардың бірі. Кездесу қорытындысында «Болашақ» бағдарламасы арқылы қазақстандық тарихшы, антрополог, мәдениеттанушы ғалымдар…

Толық оқу

Астанада Назарбаев әулетіне қатысты тағы бір іс қозғалды. Бас прокуратураға қарасты Активтерді қайтару комитеті Назарбаев Н.Б. есімді азаматты сотқа беріп отыр. Жауапкердің Болат Назарбаевтың ұлы, 41 жастағы Нұрбол Назарбаев болуы мүмкін деген болжам айтылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзірге сот талқысына түскен істің мән-жайы ашылған жоқ. Сот та, комитет те істің құпиялығына сілтеп, нақты мәлімет бермеген. Әдетте мұндай құпиялық активтің құны ауқымды болғанда ғана қолданылады. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Б.Н-ның мұрагеріне қатысты қозғалған іс жылжымайтын мүлік, кәсіпорындар, акциялар және бағалы заттардың төңірегінде өрбиді. Айта кетейік, 8 қыркүйектегі Жолдауында президент Тоқаев Активтерді қайтару комитетінің атқарған жұмысына жақсы баға берген болатын. Сонымен қатар бұл…

Толық оқу

Министр Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шараларды жариялап,кең көлемді «Береке Fest» акциясының өтетінін хабарлады. Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуде. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам сауда желілерінің өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға Қазақстан сауда желілері қауымдастығы, облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Magnum Cash&Carry, Small&Skif,Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart, Galmart, INMART, Greenwich және басқада ірі сауда желілері қатысты. Министр Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салып, бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Жыл басынан бері Министрліктің аумақтық…

Толық оқу