Біздің заманымызға дейінгі 3 ғасырда Қытайды бір орталыққа біріктірген Цинь Шы Хуан Дидің ірі реформаларының бірі аспан асты еліне біріккен патшалықтардың арасын жылдам жалғайтын жолдармен байланыстырғаны еді. Сол дәуірлерде Рим империясы да жол салу бастамаларымен адамзат тарихында Еуропаның бір тұтастануына бағыттады. Яғни, жол бұл ел аумағының экономикалық коммуникациясын дамытып, алға сүйрейтін негізгі факторлардың алдында болмақ. Жаңа даму бағытын көздеген Президент Тоқаев былтырғы Жолдауында, жол жөндеуден бастаймыз деген уәдесімен көрінді, үміттендік. Бұған дейін кейбір облысаралық жолдар сын көтермейді, шұрық-тесік болғанын несіне жасырайық. Өтірік жамалған жол көктемде қармен бірге еріп кетеді. Бұл жайттар Президентке жетсе керек. Жол жөндеудегі жемқорлықты тоқтатып, сапаны бақылау…
Автор: Асылхан Бөрібай
Kaspi.kz топ-менеджерлері былтыр қанша табыс тапқаны белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia. Қазақстанның қаржы-технологиялық алыбы Kaspi.kz компаниясы өзінің жоғары басшыларының былтырғы табысын жариялады. Компанияның басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің қолы қойылған, KASE сайтына шыққан ресми құжатта басқарма мүшелеріне 2024 жылы төленген сыйақылар, жалақылар және басқа да төлемдердің жалпы сомасы 91 миллион 268,4 мың теңгені құрағаны көрсетілген. Қазір Kaspi.kz компаниясының басқармасы төрт адамнан тұрады: Михаил Ломтадзе, Павел Миронов, Юрий Диденко және Тенгиз Мосидзе. Егер осы жалпы соманы басқарма мүшелеріне теңдей бөлсек, Kaspi.kz-тің бір топ-менеджері орта есеппен айына 1,9 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Мамандардың пікірінше, бұл көлем Қазақстандағы ірі бизнес үшін аса үлкен…
Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары 20 айға созылады, бірақ бұл аралықта медициналық мекеме пациенттерді қабылдауды жалғастыра береді деп хабарлайды Erteńmedia. Қалалық құрылыс басқармасының мәліметінше, аурухана ғимаратының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Ғимараттың инженерлік желілері, сыртқы қасбеті мен тірек конструкциялары тозған. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, желдету жүйесі, гидрооқшаулау және лифтілердің жұмысына қатысты мәселелер бар. Құрылысшылар жақын күндері аурухана аумағын арнайы қоршаумен жабдықтап, жөндеу жұмыстарын бастамақ. Алғашқы кезеңде жалпы саны 11 блоктың 5-еуі жөндеуден өтеді. «Қазір аурухана бөлімшелері әртүрлі блоктар мен қабаттарға шашырап орналасқандықтан, пациенттер мен қызметкерлердің қозғалысында қиындық көп. Жаңа жобаға сәйкес бірінші қабат толықтай фронт-офиске айналады. Әкімшілік пен амбулаторлық…
Күні кеше ғана Теректі ауданы, Сарыөмір ауылындағы «Жас ұлан» лагерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жас мамандарға арналған «ADAL CAMP» жазғы лагері өтті. Екі күнге созылған шараға аудан бойынша 40 жас қатысты. Олардың қатарында жас мемлекеттік қызметкерлер, жастар ресурстық орталығының мамандары және белсенді жастар бар. Лагерьдің негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен әділдікті насихаттау болды. Алғашқы күні қатысушылар танысу және команда құру тренингінен бастады. Жастар саясатында жемісті қызмет етіп жүрген көшбасшы жастар облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы М.Бисекенов, облыстық ЖРО басшысы А.Ибраев, “Жастар рухы” ЖҚ БҚО филиалы төрағасы А.Исламғалиев және Орал қалалық ЖРО басшысы,…
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қазыбек бек ауылында «QazElastoPlast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокомпоненттер мен автоаксессуарлар шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Аумағы 1000 шаршы метр болатын кәсіпорын құрылысына 600 миллион теңге инвестиция салынды. Зауыт жылына 300 мыңнан астам жиынтық өнім шығаруға қауқарлы. Негізгі өнімдер қатарына термоэластопласттан жасалған кілемшелер, резеңке тығыздағыштар, балшыққағарлар және өзге де автокомпоненттер кіреді. Қазіргі уақытта кәсіпорын Hyundai маркасының үш моделіне арналған бөлшектерді шығаруда, алдағы кезеңде өнім түрлерін кеңейту көзделіп отыр. Зауыт директоры Абылай Жәкішевтің айтуынша, бұл – Қазақстандағы автокомпонент өндіруді алғаш қолға алған кәсіпорын. «Қазіргі таңда біз көліктерге арналған кілемшелерді шығарудан бастадық.…
ҚР Президенті барлық деңгейдегі әкімдерге инвестиция тарту жұмыстарын тоқтатпауды, өнеркәсіп орындарын көбейтуді тапсырған еді. Осы мақсатта Қонаев қаласында бірқатар жұмыстар жасалуда. Бір ғана дерек – облыс орталығы болғалы негізгі капиталға 308,8 млрд.теңге инвестиция тартылған. Инвестицияның арқасында Қонаевта «Оспанова Девелопмент» балық зауыты іске қосылды. Одан бөлек, үш түрлі өнім шығаратын зауыт жаңғыртылуда. Туристік бағытта қонақ үйлер, демалыс аймақтары салынып жатыр. Яғни, жаңа жұмыс орындары ашылып, қала жылдан-жылға дамуда. Ресми мәліметке сүйенсек, Қонаев қаласының инвестициялық портфелінде 2024-2030 жылдары жүзеге асатын 39 жоба бар. Оның ішінде 11-і туризмді дамытуға бағытталған. Жобалардың жалпы құны 2,4 трлн.теңгені құрайды. Олар жүзеге асса, 17 мың жаңа жұмыс…
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық науқан жалғасуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті тапсырған орман қоры аумақтарына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу бастамасын жүзеге асыруға бағытталған. 2024 жылғы 26 сәуірде облыста әкім Марат Сұлтанғазиевтің бастамасымен «Біз болашаққа бірге дән егеміз» атты акция басталды. Өткен жылы өңірдегі барлық мектеп ауласында ағаш тұқымдары отырғызылған болатын. Алдағы уақытта қосымша 6,79 гектар аумаққа 11 237 көшет отырғызу жоспарланып отыр. Тек мектептерде ғана бағдарлама аясында 11,2 мыңнан астам ағаш егілді. Әкімнің айтуынша, бұл акция Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың маңызды бөлігі: – Президент орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15…
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында «Спорт күні» мерекесіне орай футболдан әуесқой командалар арасында тұңғыш рет Түркістан облысының чемпионаты өтті. Чемпионат екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең ауылдық округтер деңгейінде өткізіліп, оған облыстың барлық аудан-қалаларынан 186 командадан 3300-ге жуық футболшы қатысты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер екінші айналымға жолдама алды. Мұнда 3 қала мен 14 ауданның құрамалары төрт аймаққа бөлініп, финалдық кезеңге берілетін жолдама үшін бақ сынады. Финалға Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласының командалары шықты. 19-21 тамыз күндері өткен шешуші ойындардың қорытындысы бойынша 1-орынды Мақтаарал ауданының командасы жеңіп алса, 2-орын Түркістан қаласының футболшыларына бұйырды. Ал Ордабасы ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады.…
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – Өңірлік инфекциялық аурухана жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мен ұстаздарды балалар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына ерекше мән беруге шақырады. Жаңа оқу жылының басталуы – білім беру саласының маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар балалар денсаулығына қауіп төндіретін күрделі эпидемиологиялық жағдайлар жиі кездесетін уақыт. Мектепке және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың ұжымдық ортада тығыз қарым-қатынаста болуы – түрлі жұқпалы аурулардың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Жұқпалы аурулар – адамзат тарихында ең көп зардап әкелген, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына елеулі әсер еткен дерттердің бірі. Қазіргі таңда да бұл аурулардың алдын алу, дер кезінде анықтау…
Ақжайық өңірінде дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған шара биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды. Облыс бойынша байқауға 100-ден астам өтінім түскен. Іріктеу нәтижесінде Орал қаласы мен 12 ауданнан 21 отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, өнегелі дәстүр мен берекелі шаңырақтың үлгісін көрсетті. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев байқау қатысушыларын құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеудің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Қайыржан Ермекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды…
