Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығы: Қытай аудиториясына қандай жаңалықтар ұсынылады Бейжіңде Қазақстан Республикасының алғашқы мәдени орталығы ашылды. Бұл – әзірге шетелдегі жалғыз қазақстандық орталық. Салтанатты рәсімге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Или, екі елдің дипломаттары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Орталықтың ашылуы – ұзақмерзімді дипломатиялық келіссөздің және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесі. 2022 жылы ҚХР Төрағасының Астанаға мемлекеттік сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстанда тең негізде мәдени орталықтар құру жөнінде келісімге келген болатын. Жобаның жүзеге асуы екі ел арасындағы мәдени алмасудың маңызды кезеңіне…
Автор: Асылхан Бөрібай
Семей қаласындағы Водный кентінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілген білім ордасының құрылысы электр қуатының тапшылығына байланысты біраз уақытқа созылған еді. Кейін нысан мәселесіне облыс әкімі Берік Уәли назар аударып, қажетті жұмыс жеделдетілді. Соның нәтижесінде мектеп қысқа мерзімде халық игілігіне берілді. Білім ордасы қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. Ғимаратқа электр және байланыс желісі тартылып, су құбыры, кәріз жүйесі және жылумен жабдықтауға арналған жеке қазандық орнатылды. Электр қуаты мәселесін шешу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қуаттылығы 10 000 кВ болатын үш фазалы 2 жаңа трансформатор қойылып, қосымша 10 кВ кернеулі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру. Мемлекет басшысы шикізат моделінен қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге көшу міндетін қойды, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға жүйелі түрде инвестиция тартуды талап етеді. Осыған байланысты Үкімет индустриялық егемендікті нығайтуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда. Мемлекет басшысының Жолдауында және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы толығырақ Primeminister.kz сайтындағы шолудан оқыңыз. Өнеркәсіптің тұрақты…
Сенатор Геннадий Шиповских әлеуметтік желіде онлайн-казино, жалған ұтыс ойындары мен күмәнді қаржы схемаларын жарнамалап жүрген блогерлерге жазаны қатаңдатуды ұсынды деп жазады Ertenmedia. «Қазіргі қолданып жүрген айыппұлдардан нәтиже жоқ. Биылдың өзінде 34 блогер онлайн-казино жарнамалаған. Оның тек 11-і ғана әкімшілік жазаға тартылды, қалған 23-інің материалы Мәдениет министрлігіне жіберілген. Бірақ бұл да оларға тосқауыл болмай отыр. Өйткені, олар заңсыз жарнамадан миллиондап ақша тауып, салынған айыппұлды қиналмай өтеп кетуде», – деді Шиповских. Оның айтуынша, соңғы екі жарым жылда қаржы мониторингі агенттігі жасырын жұмыс істеген 205 казиноны жапқан. 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Дегенмен, басты қауіп шетелдік онлайн-казинолар. «Биыл ғана осындай 17 мыңнан астам…
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Бүгін әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің, сондай-ақ ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпарат расталмады. «Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат – шындыққа жанаспайды, бұл жалған хабар», – деп мәлімдеді жағдаймен жақсы таныс дереккөз Ertenmedia редакциясына. Осыған дейін аталған азаматтардың ұсталғанын алғаш болып «Орда» порталы хабарлаған еді. Басылымның дерегінше, министр Мұрат Нұртілеу Қытайдан ШЫҰ саммитінен оралғаннан кейін үйінде ұсталған-мыс. Сонымен қатар кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің де үйінде тінту жүргізілгені…
Қазақстан «ақылды қалаларды» дамыту жолында сенімді қадамдар жасап келеді. Жаңа технологиялар тек автоматтандыру құралы емес, жайлы әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізіне айналуда. Осы сипатта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің рейтингісінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана, Алматы және Қарағанды көш бастап тұр. Қызығы, бес жыл бұрын тізім басында Алматы орналасты, ал бүгінгі таңда да осы үштік елімізде цифрлық инфрақұрылымның тұрақты дамуын көрсетіп отыр. Қазақстандағы «ақылды қалалардың» басым бағыттары 2019 жылы бекітілген Эталондық стандарттан айнымады. Қауіпсіздік, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ), білім беру, денсаулық сақтау және қаланы басқару — бұл салаларда жоғары технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Жергілікті атқарушы органдар…
Сайрамда аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Жиынды аудандық ҚХА төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жүргізді,- деп хабарлайды Ertenmedia Сессия жұмысына облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, аудандық Ассамблея және үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Ассамблея – еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің берік діңгегі. Ол әр этностың мәдениеті мен дәстүрін сақтап, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Ассамблея этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту ісінде негізгі рөл атқарады. Міне, бүгін Сайрам ауданында Қазақстан халқы…
Қазақстанның бірқатар ірі банктерінің аты соңғы күндері елді дүрліктірген істе аталып жатыр деп жазады Ertenmedia. Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік осал топ өкілдерін ұрлап, аттарына миллиондаған несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) ізін әшкерелеген еді. Бұл топқа Kaspi, Forte, Eurasian және Jusan банктерінің қызметкерлері көмектескен делінген. Прокуратураның дерегінше, бес жылдан астам уақыт бойы алаяқтықпен айналысқан топтың құрамына Қазақстанның әр түкпірінен 25 адам кірген. ҰҚТ мүшелері банктердегі байланыстары арқылы ұрланған азаматтарға жалған несие рәсімдеп отырған. Жалпы зардап шеккендердің саны 348 адам. Келтірілген зиян көлемі 3,7 миллиард теңге. Құқық қорғаушылар қылмыстық топ мүшелерінің Алматыдағы элиталы пәтерлері мен жер телімдерін, аса қымбат көліктері мен…
Атырауда С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжде студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыруға арналған жаңа заманауи оқу кабинеті ашылды. Бұл бастама «Жұмысшы мамандық жылы» аясында жүзеге асып, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын күшейтуге бағытталды,- деп жазады Ertenmedia Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жаңа кабинет «Химиялық өнімдердің органикалық синтезі» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге бейімделген. Оқу орны заманауи халықаралық стандарттарға сай қондырғылармен жабдықталды. «Зертхана студенттердің тәжірибелік машықтарын жетілдіруге, өндірістік ортаға бейімделуіне зор мүмкіндік береді. Жас мамандар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, заманауи құрылғыларда жұмыс істеуді де үйренеді», — деді әдістемелік кабинет меңгерушісі Қарлығаш Күзембаева. Сондай-ақ білім орнының мамандары, зертхана студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол…
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 68,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. 2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды. Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі…










