Астанада 5 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысқан дәстүрлі BI Marathon қайырымдылық жарысы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жарыс спорт пен ізгілікті біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, қатысушылар тазалыққа да бейжай қарамай, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. «Біз қаламызда тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастырғымыз келеді. Сондықтан бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, саябақтың айналасын күл-қоқыстан тазартуға үлесімізді қостық. Бұл іс-шарадан жастардың қалыс қалмағанын қалаймын. Өскелең ұрпақ қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамауы қажет деп ойлаймын», – деді еріктілердің бірі. «10 шақырымды 1 сағатта жүгіріп өттім. Жаңбыр жауса да, көңіл күй тамаша. Мұндай жарысқа алғаш рет қатысып тұрмын. Жарыс жақсы ұйымдастырылған.…
Автор: editor
Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» атты тұңғыш халықаралық инклюзивті этнокөрме өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс — шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мейірім» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Көрме орталығының ғимаратында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету. Ерекше қажеттілігі бар жандардың өз қолымен жасаған авторлық бұйымдарының таныстырылуына ерекше назар аударылды. — Біз шығармашылықтың шегі жоқ екенін көрсетуге тырыстық. Мүгедектігі бар адамдар жай ғана көрермен емес, мәдени диалогтың толыққанды қатысушысы да бола алады. Бұл көрмеде біз мұны ашық жариялауға мүмкіндік алдық.…
Ұлан ауданының Тарғын ауылында орналасқан «Диана» шаруа қожалығы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жартылай фабрикаттар өндіретін цехын кеңейтіп, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға серпін берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2021 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Диана» шаруа қожалығы бүгінде ауыл кәсіпкерлігінің дамуына өз үлесін қосып отыр. Қожалық жетекшісі Бердинова Арай Зарыкқанқызы 2023 жылы ауыл ішінде жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын цех ашып, өндірісті қолға алған болатын. Цехта түшпара, мәнті, вареники сияқты ұн өнімдері мен фарш жасалады. Кәсіптің ауқымын кеңейту мақсатында 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 8 640 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өндіріс орны күрделі жөндеуден өтіп, жаңа жабдықтармен толықты. Бұл…
Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекенінде «Шымкентцемент» ЖШС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешенінің құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған спорт кешеніне 88 млн теңге инвестиция тартылған. Мерекелік жиынға арнайы қатысқан ҚР Парламенті мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты Сәуірбай Есжанов, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «Шымкентцемент» ЖШС директоры Иван Пак қатысып, округ халқының қуанышына ортақтасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.…
2025 жылдың 18 мамырында Тегеран қаласында «Ғылым ордасы» РМК делегациясының Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшылығымен ресми кездесуі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесудің негізгі мақсаты – ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және консервациялау бағыттары бойынша кәсіби тәжірибе алмасу арқылы екі ел арасындағы әріптестікті нығайту. Сапар барысында қазақстандық делегация Иран архиві мен кітапханасының инфрақұрылымымен, атап айтқанда құжаттарды сақтау жүйесімен, қалпына келтіру және консервациялау бөлімдерінің жұмысымен, сондай-ақ цифрландырудың заманауи әдістерімен жан-жақты танысты. Кездесу нәтижесінде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшысы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда жариялаған бастамаларын қолдау мақсатында 16 мамыр күні сағат 19:00-де Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті. Іс-шараға Арқалық педагогикалық университеті мен колледждердің 250-ден астам студенті қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Акция моноқаланың дамуына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға жастардың ризашылығын білдірудің бір көрінісі болды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Арқалықта бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Олардың қатарында әуежайдың қайта жаңғыртылуы және «Астана – Ырғыз» автожолының құрылысы бар. Бұл жобалар Торғай өңірінің дамуына серпін береді деп күтілуде. – Павлодар қаласынан келдім. Арқалық маған қатты ұнайды, осы қалада қалғым келеді. Қала дамып келеді: әуежай ашылады, жаңа…
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа қарсы бақылау жұмыстары күшейтіліп жатыр. 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2025 жылы заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, жапсаржайлар, дәмханалар, көлік жуу орындары және басқа да құрылыстар бар. Ең ірі нысандар қатарында «Мечта» таунхаусы, «KHAN» ТҮК және Достық даңғылындағы 7 қабатты әкімшілік ғимарат бар. Таулы аймақтағы заңсыз құрылысқа ерекше назар аударылды. Мұнда 38 нысанға қатысты сот шешімі шыққан, олардың 12-сі толық немесе жартылай бұзылған.…
Бұрынғы Спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов өкілетін асыра пайдаланып, ауыр зардапқа әкелген әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының соты экс-шенеунікке 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қожағапанов 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу кезінде 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сотталған. Оның сыбайласы ретінде айыпталған «Success K» компаниясының басшысы, танымал пиаршы Ләззат Көккөзоваға алаяқтық жасағаны үшін 5 жыл жаза кесілді. Сот процесі бес айға созылды. Ерлан Қожағапанов сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеп, куәгерлерге қысым жасалғанын айтып, істің объективті түрде қаралуы үшін нейрожелі арқылы қайта тексеруді талап еткен. Алайда сот…
Мақтаарал ауданының өндірістік әлеуеті жыл сайын артып келеді. Аудан әкімі Бақыт Асанов жуырда Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы іскерлік ынтымақтастық негізінде құрылған «FANGAO киім тігу» ЖШС-ң өкілі Джу Ян Кунмен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл кездесудің мақсаты – Атакент кентінде заманауи киім тігу фабрикасын ашу мәселесі. Аталған кәсіпорын – екі ел арасындағы өндірістік кооперацияның жарқын көрінісі. «FANGAO» компаниясы Атакент кентінен жалпы көлемі 1 200 шаршы метрді құрайтын, толық жөндеуден өткен ғимаратта киім тігу фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жоба аудан экономикасына елеулі серпін беріп қана қоймай, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Фабриканың басты миссиясы –…
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі негізгі жобалармен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министр «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесуде мердігерлердің инженерлік желілерді салу бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ, отандық және шетелдік инвесторлар арнайы аймақта жаңа өндірістердің құрылысы барысы туралы баяндады. Қазір №3 субаймақта нан-тоқаш өнімдері зауыты, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорын, көтергіш — көлік жабдықтары мен көпір крандарын өндіру зауыты, саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты сынды жобалар жүзеге асуда. «Жалпы алғанда, үшінші субаймақта Италия, Қытай, Ресей және Германиядан капитал тарту арқылы 105 млрд теңгеге 16 инвестжоба іске…
