Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қытайдың танымал автомобиль бренді JETOUR Auto Астана төрінен ТМД-дағы алғашқы флагмандық салонын ашты. Бұл компанияның Орталық Азия нарығындағы стратегиясының маңызды қадамы деп хабарлайды Ertenmedia. Астананың дәл орталығында орналасқан 2000 шаршы метрлік кең әрі заманауи шоурум Хан Шатыр мен «Астана Опера» театры секілді белгілі нысандарға жақын маңда тұр. Компания өкілдерінің айтуынша, автосалон тұтынушыларға жоғары деңгейдегі сервис пен қолайлы қызмет ұсынуға бағытталған. Жаңа флагмандық орталықта JETOUR көліктерінің барлық модельін тамашалауға, сынақтан өткізуге және арнайы кеңес алуға болады. Сонымен қатар автокөлік иелеріне сатудан кейінгі сапалы қызмет көрсететін арнайы алаңдар да қарастырылған. Қазақстан нарығына енгеніне небәрі екі жыл болса да, JETOUR брендінің танымалдығы күн…

Толық оқу

Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны 100 мың адамға артқан. Дегенмен, елдегі демографиялық өсу әр өңірде әртүрлі қарқынмен жүріп жатыр. Ерекше назар аударуды қажет ететін бірнеше тренд бар деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының саны 2025 жылдың 1 шілдесіне қарай 20 миллион 380 мың адамнан асқан. Қала тұрғындарының саны 13 миллионға жуықтаса, ауылда 7,5 миллионға тарта адам тұрып жатыр. Жарты жыл ішінде Қазақстанда 161 мыңнан астам бала өмірге келсе, 64 мыңнан аса адам қайтыс болған. Бұл табиғи өсім шамамен 97 мың адам деген сөз. Әдеттегідей, бала туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында…

Толық оқу

Алматы облысы, Іле ауданы Өтеген кентіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан өрт әп-сәтте қауіпті жағдайға айналып, тұрғындардың өміріне тікелей қатер төндірді. Осындай сын сәтте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жоғары кәсіби шеберліктің, жанқиярлықтың нақты үлгісін көрсетті. Жалынның аумағы 50 шаршы метрге жеткенімен, құтқарушылардың үйлесімді әрі батыл әрекетінің арқасында ол қысқа уақыттың ішінде оқшауланып, толық сөндірілді. Қалың түтін мен аптап ыстыққа қарамастан, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері автосатыны пайдаланып, пәтерлерден 7 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде бес бірдей баланың аман алып шығуы – оқиғаның ең үлкен жетістігі. Бұл – кәсібіне адалдық танытып, әрбір сәтті есепке алған өрт сөндірушілердің…

Толық оқу
Польша НАТО

Польша билігі дипломатиялық мәртебесі бар қазақ азаматын тыңшылық жасады деген айыппен тұтқынға алды. Бұл туралы бірқатар БАҚ дереккөзге сілтеп хабарлады деп жазады Ertenmedia. Даудың дәл ортасында қалған дипломат Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе көмекшісі қызметін атқарған. Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігінің (ABW) мәліметінше, күдікті наурыз бен шілде аралығында Варшава мен Быдгощ қалаларында астыртын әрекет еткен. Ресми Варшаваның пайымынша, қазақ дипломаты елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін құпия мәліметтерді жинаумен айналысқан. Әсіресе, НАТО альянсының әскери инфрақұрылымына қатысты ақпараттарды астыртын жолмен қолға түсірмек болған екен. Дипломаттың тұтқындалуы 30 шілдеде жүзеге асып, Варшава аудандық соты оны үш ай мерзімге қамауға шешім шығарған. Дегенмен күдікті өзіне…

Толық оқу

Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Көктал ауылында ұзақ жыл бойы өгей әкеден қорлық көрген балалардың оқиғасы өңірдегі заң мен тәртіптің ахуалынан хабар бергендей. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды деп жазады Ertenmedia. Контексті айта кетейік… Осыдан бірнеше күн бұрын малды өріске шығарған үш ағайынды үйге оралмай, ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Анасы полицияға арызданғасын, іздеу салынған балалар Алматыдан табылған. Олар туған әкесі мен аналарының әпкесін паналауға мәжбүр болған. Кейіннен ағайындылар Тараздағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерді қабылдайтын орталыққа жеткізілген. Белгілі болғандай, олар өгей әкесінен 5 жыл бойы зәбір көріп келген. Жасөспірімдерді ұрып-соғып, телефондарын тартып алып, күнделікті мал…

Толық оқу

Treads-те 600 мың теңгелік торттың төңірегіндегі дау толастамай тұр. Астаналық кондитер Нұршат Ақбергенова мен Әселина Батыр дейтін блогердің арасындағы батл елді екіге жарған жайы бар деп жазады Ertenmedia. Нұршат Ақбергенова блогердің тапсырысымен туған күн кешіне салмағы 18 келі болатын ерекше торт әзірлеген. Бір апталық еңбектің нәтижесінде торттың бағасы 600 мың теңгеге шыққан. Алайда кондитер тапсырыс берушіден алдын ала алған 100 мың теңгеден басқа ақшасын ала алмай жүр. «Материалдарға ғана өз қалтамнан 440 мың теңге жұмсадым, әр тиынының чегі қолымда тұр. Торттың сапасына, жасалуына ешкімнің шағымы болған жоқ. Бірақ тапсырыс беруші еңбегімді елеген жоқ. Бір апта бойы төрт адам еңбек еттік. Қазір…

Толық оқу

Елімізде аграршылар табысты жиын-терімге дайындалуда. Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау аумағы 23,6 млн гектарды құрайды, оның ішінде 16 млн гектар — дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Тамыз айының басында елде 880 мың гектар жиналып, 1,2 млн тонна астық бастырылды. Солтүстік өңірлерде жаппай жинау тамыздың ортасында басталады. Осы ретте, Ақмола облысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті. Журналистер заманауи агротехнологиялармен, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты. Облысқа қарасты Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС 23,6 мың гектар жерді өңдейді, оның ішінде 17,8 мың гектары — егістік, 6,8 мың гектары — жайылымға тиесілі. Егіс құрылымында бидай,…

Толық оқу

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының  қорытындысы бойынша Қазақстанда ағаштан жасалған кеңсе жиһазының өндірісі 55%-ға өсіп, 142,2 мың данадан 219,7 мың данаға жетті,- деп хабарлайды Ertenmedia «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясының деректері бойынша, мұндай көрсеткіш Түркістан облысындағы өндіріс көлемінің бес есеге артуының нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр. Түркістан облысындағы ағаштан жасалған кеңсе жиһазының негізгі өндірушілері – «Divalux», «СП Туран-мебель», «Adanat» және басқа да компаниялар екенін атап өткен жөн. Кеңсеге арналған ағаш жиһаз өндірісінің көлемі   Қаңтар — маусым 2024 жыл Қаңтар — маусым 2025 жыл Өсім ҚР 142 164 219 676       +55%  Түркістан облысы 9569 46 233       +5 есе

Толық оқу

Ақмола облысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті. Журналистер заманауи агротехнологиялармен, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысып, мемлекеттік қолдаудың ауыл тұрғындарына өндірісті дамытуға қалай көмектесіп жатқанын білді,- деп хабарлайды Ertenmedia Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС 23,6 мың гектар жерді өңдейді, оның ішінде 17,8 мың гектары — егістік, 6,8 мың гектары — жайылым. Егіс құрылымында бидай, арпа, сұлы, бұршақ дақылдары, зығыр, рапс және малазықтық шөптер бар. Мұнда заманауи техника паркі, астық кептіргіш, механикаландырылған ток және тіпті өз наубайханасы да жұмыс істейді. Маусым кезінде 200-ге дейін адам еңбек етеді. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады,…

Толық оқу

«Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» секілді тарихи фильмдермен танылған шығармашыл топ тағы бір тың жобаны қолға алды деп жазады Ertenmedia. Режиссер Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілда бұл жолы мотивациялық бағыттағы толықметражды фильм түсірмек. Продюсердің айтуынша, туындыға шынайы өмірден алынған оқиға арқау болған. Фильм тәуелсіздіктің елең-алаңындағы мұнай-газ саласындағы күрделі оқиғалар мен талас-тартысты бейнелейді. Сол тұстағы қым-қиғаш, қайшыласқан оқиғаларды көрсету арқылы авторлар қазақ киносында бұрын қамтылмаған тың тақырыпты қозғағалы отыр. «Фильмнің басты идеясы ауылда туған қарапайым қазақ баласының қажырлы еңбегімен биікке көтеріліп, жетістікке жетуі. Жобаны жүзеге асыруға нақты өмірде болған оқиға арқау болды. Сол оқиғаның кейіпкерлері мен куәгерлері ұсыныс білдірген…

Толық оқу